Кенжебаева Индира Кенжебайқызы
Должность:Историк
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинская область, Карасайский район, Город Каскелен
03.01.2016
0
689
1

Ашық сабақ "Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы"

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі мен патша үкіметінің отаршылдық саясаты  туралы білімін қалыптастыруға жағдай жасау

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушылар Кіші жүз ханы Әбілхайырдың Ресейге қосылу мақсатындағы әрекетін, бұл шешімге Кіші жүз билері мен батырларының қарсылығы туралы жаңа ақпараттар алады

Дамытушылығы: Оқушылар тарихи оқиғаларға талдау жасауға үйренеді.

Тәрбиелілігі: Қорытынды жасауға, ойларын жеткізуге және топпен жұмыс істеуге  үйренеді.

Оқыту құралдары: оқулық,тақта, АКТ,  карта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сабаққа әзірлік
  2. Оқушылардың сабаққа назарын аудару

 

І.Қызығушылығын ояту кезеңі

Білу

Оқушыларды топқа бөлу: үлестірілген қағаздағы сөздер арқылы сұрақтар құрастырып, жауап беру арқылы топқа бөлінеді және топ аты анықталады

Бұланты шайқасына қатысқан Орта жүз батыры? Бөгенбай

«Қой үстіне боз торғай жұмыртқлаған заман» қай ханның тұсы? Тәуке хан

Тәуке ханнан кейінгі ұлы хандықтан үміткер болған хан? Әбілхайыр хан

Төле бидің ұсынуымен хан сайланған  кім? Абылай

 

«Диалог» стратегиясы бойынша үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді

«Кім жылдам» ойыны

  1. Қайып ханның билік еткен жылдары? 1715-1718 жж
  2. Қайып ханның тұсында қазақ хандығының ішкң жағдайы қандай болды? Феодалдық бытыраңқылық
  3. 1724-1738 жж Орта жүзде кім билік етті? Сәмеке, Күшік
  4. Қайып ханның тұсындағы жоңғар қонтайшысы? Себан Рабтан
  5. Ойраттарға оқ ататын қару жарақтарды жасауды үйреткен кім? Орыс шебері Зеленовский, швед офицері Ренат
  6. Қалмақ қырылған шайқасы қай жылы, қай жерде? 1726 ж. Бұланты өз маңында
  7. «аңырақай» шайқасы қай жылы, қай жерде? 1730 ж, Балқаш көлі маңы
  8. Абылай хан не мақсатпен келді?Қазақ хандығының тұрағын анықтау
  9. Жолбарыс ханның қазасынан кейін билік кімнің қолына көшеді? Төле бидің
  10. Абылай сұлтан ұлы хан тағына қай жылы сайланды? 1771 ж

 

ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Түсіну

Жаңа тақырыптың ашылуы

Топ атаулары, яғни тарихи тұлғаларды қандай оқиға бір бірімен байланыстырады?

Жоңғарлардың шапқыншылығы

Сол жоңғар шапқыншылығынан  қорғану үшін қазақ елі қандай шешім қабылдайды?

Ресейге әскери одақ болу

Бұл тақырыптың бүгінгі күндегі өзектілігі қандай?

Қазақ хандығының 550 жылдығы

Жоспары:

І. Тевкелевтің елшілігі

ІІ. Ресейдің отарлау шаралары

 

 «Аялдамамен оқу» стратегиясы және мәтінмен танысады

 

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

Қолдану

4 топқа бөлінеді

Әр топқа бір тақыраптан беріледі.

І. Кіші жүздің Ресейге қосылуы және Тевкелев елшілігі

ІІ. Орыс патшасы әкімшілігі даярлаған грамотаның мазмұны

ІІІ.Патша үкіметінің отарлау шаралары

IV. Қазақ қоғамының ішкі өмірі

Постер сызып қорғайды.

 

Талдау

«Араласқан оқиғалар» стратегиясы бойынша оқиғаларды ретімен жазады

І топ

  1. Састөбе құрылтайы
  2. Петербургке қазақ елшілерінің баруы 1731 ж
  3. А.Тевкелевтің Майтөбеге келуі  1731 ж 5 қазан
  4. А.Тевкелевтің Бөгенбай батырмен кездесуі 1731 ж 10 қазан
  5. Кіші жүздің Ресейге қабылдануы туралы ант беруі
  6. И.Кириллов экспедициясының келуі 1734 ж

 

ІІ топ

  1. Ор бекінісінің салынуы 1735 ж
  2. Жоңғар қонтайшысы аманатқа Төле бидің баласы Жоланды алу
  3. Әбілхайыр мен Барақ сұлтан арасындағы шайқас
  4. Әбілхайыр ханның қайтыс болуы 1748 ж
  5. Барақ сұлтанның Төле биді паналуы
  6. Барақ сұлтанның қаза болуы

 

 

ІІІ топ

 

Не себепті Кіші жүз Ресейге қосылды (Кіші жүз билеушілерінің және Әбілхайырдың)

 

 

 

С

 

 

Е

 

 

Б

 

 

Е

 

 

Б

 

 

І

 

 

IV топ

Отаршыл Патшалық Ресейдің түп мақсаты (мақсаты мен шаралары)

 

 

М

 

 

А

 

 

Қ

 

 

С

 

 

А

 

 

Т 

 

 

 

 

 

Жинақтау

№ 01

Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:

А) 1726жылы

В) 1729жылы

С) 1731жылы

 =С

№ 02

Қазақ хандығын отарлауды   бастаған патша:

А) I Петр

В) Анна Иоанновна

С) Елизавета Петровна

 =А

№ 03

XVIIғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:

А) Батыр сұлтан

В) Әбілқайыр хан

С) Абылай хан

 =В

№ 04

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:

А) Құндағұлұлы,Қоштайұлы

В) Ғабитұлы,Жанжігітұлы

С) Бөгенбай батыр,Баян батыр

 =А

№ 05

1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:

А) 29 старшын

В) 28 старшын

С) 25 старшын

 =А

№ 06

Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген:

А) Т.Чебуков

В) В.Степанов

С)  А.Тевкелев

 =С

№ 07

1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс

А) Жәміш

В) Ор

С) Өскемен

 =В

№ 08

1734 жылы қазақ жеріне келген экспедицияны басқарған кім

А) И.Кириллов

В) В.Татищев

С) А.Тевкелев

=А

№ 9

Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:

А) Әбілпайыз

В) Қайып

С) Барақ сұлтан

 =С

№ 10

1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:

А) Жоңғар шабуылына тосқауыл қою

В) Қазақ жерін Қытайдан қорғау

С) Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу

 =С

 

IV бағалау

 

 Үйге тапсырма

§52;294-299б Әр тарауға негізгі фактілерді жазып келу, осы тақырыптарға қатысты тест сұрақтарын жаттау

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения