Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
22.12.2015
0
267
0

Кірме сөздер

Қазақстан Республикасы,ШҚО,Көкпекті ауданы

«Көкпекті орта мектебі» КММ

Қазақ тілі  мен әдебиет пән мұғалімі

Жумагулова Фарида Калырбековна

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:тіліміздегі кірме сөздер,олардың тілімізге кіру себептері туралы мағлұматтар беру.

2.Тәрбиелік:оқушыларды халқымыздың тарихын қастерлеуге,ұлтжандылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:өмір ағмынан қалмай ілесіп отыру үшін де кірме сөздер мен жаңа сөздерді меңгере білулерін,басқа халықтар туралы да көптеген мағлұматтар білулерін дамыту.

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың түрі:дәстүрлі.

Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндіру,сұрақ-жауап,жаттығу талдау.

Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер

Пәнараалық байланыс:Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен  сәлемдесу.

                                        2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

                                        3. Оқушылардың  зейіндерін сабаққа аудару.              ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:   «Ыстық орындық ойыны» арқылы,оқушыларды шеңберге  тұрғызып үй тапсырмасын сұрау.Бір оқушыны орындыққы отырғызып сұраққа жауап береді,егер жауап бере алмаса сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді,егер ол оқушы жауап бере алмаса сұрақ қойған оқушы өзі жауап беруге орындыққа  отырады.

ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық.

  1.     Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
  2.     Сабақ мақсатын түсіндіру

ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру:

Кірме деген сөз  «жергілікті» немесе «тұрғылықты» емес деген ұғымды білдіреді.Жер бетінде бірде бір басқа тілден енбеген сөз жоқ десек қателеспейміз.Себебі кез келген халық басқа халықпен аралас – құралас болады,көрші тұрады. Сол себепті бір тілден екінші тілге міндетті түрде сөздер ауысады,кіреді.Қазақ тіліне арап,парсы ,монғол тілдері енген көп сөздер бүгінде қазақ тілінен өз сөзіне айналып кетті,тіпті айырмайда қаламыз.Мысалы:Қаскелең,Шамалған деген жер атаулары монғолдың батырларының аты екен,өкінішке орай әлі өзгерте алмай келеміз.Сол сияқты:Тарбағатай,Нарынқол,                                    ұлыс ,нөкер,жасақ,аймақ т.б. сөздер осылай кірген екен.Ал ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқандықтан орыс тілінен де  көптеген сөздер тілімізге енген:жәшік,керует,бәтеңке,кәмпит,тәрелке т.б. Ал орыс тілінен  кірген  көптеген сөздер өзгеріссіз сол қалпында айтылады:телефон,телеграф т.б. Орыс тіліне шет тілдерінен кірген футбол,баскебол,волейбол деген сөздер орыс тілі арқылы бізге енді.Ал енді қазақ  тілінен орыс тіліне енген сөздерді көрейік: орыс тіліне түркі тілінен яркий деген сөз жарық -ярық деген сөзінен,топтать-таптайды,кремль-кремін т.б. сөздер енген екен т.б. сөздермен түсінік береді.Орыс тіліне түркі тіліне енген сөздер туралы  қазақтың белгілі ақыныО.Сүлейменов       «АЗиЯ» деген кітап жазған.Кейін үлкен болғанда осы кітапты оқыңдар деп түсінік беремін.Өздерің байқап отырғандай,бұл сөздер қазақ тілінің дыбыстық қалпына түсіп өзгерген.Кейін кеңестік дәуірде орыс тілінен енген термин сөздер өзгеріссіз қалпында қолданылады: телефон,телеграф,автомобиль т.б.

Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды:самолет-ұшақ,вертолет-тік ұшақ,коллектив-ұжым т.б.

Ү.Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

1.Қандай кірме сөздерді білесіңдер?

2.«Түсіндірме» сөздікпен таныстырып,олармен қалай жұмыс  істеуді үйрету,5-6 кірме сөздер жазу.

ҮІ.Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс:

1.171-жаттығуды ауызша орындап,мақсатқа жету.

ҮІІ.Тақтамен жұмыс.

Тақтаға 2,3 оқушы шығарып оларға 170-172-178- жэаттығулардың ішінен кірме сөздерді теріп жазу тапсырылады.

ҮІІІ. Сергіту сәті.

Басқа оқушыларға 175- жаттығумен жұмыс жүргізіледі.

Үлестірме қағаз бойынша жұмыс.

І деңгей.

1.Төмендегі сөздер қай тілден енген?

Дүние,хабар,азамат,баға,сәби,ұлыс.нөкер,баға,жасақ,қоян,бөшке, божы,бишік.

ІІ- деңгей.

Монғол сөзінен енген сөздерді бір бөлек,арап-парсы тілінен енген сөздерді бір бөлек жаз.

Сәби,жариа,газет,бөшке,бақыт,дұға,тебек,күрең,махаббат,шәкірт.

ІІІ- деңгей.

Ішінде кірме сөздері бар мақал-мәтелдер жаз және мақал-мәтелде  не себептен кездесетінін түсіндір.

ҮІІІ Сабақты қорыту:

1.Бағалау.

2.Үйге тапсырма беру:

Ереже жаттау,177- жаттығуды орындауға.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения