Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
22.12.2015
0
219
0

Менің Қазақстаным

Қазақстан Республикасы,ШҚО,Көкпекті ауданы

«Көкпекті орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Аздарханова Бакытгуль Мураткановна

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы алған  білімін кеңейту және тереңдету.

Білімділік: Отан туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу; мәтін  арқылы сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: сөздік қорын молайту, сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды саналы ел азаматы болуға машықтандыру.

Түрі: бекіту сабағы

Әдісі:сөйлеу, сурақ-жауап, іздену, практикалық әдіс.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың смайлик арқылы  көңіл – күйін тексеру).

2.Үй тапсырмасын тексеру (мәтінді оқу және аудару, сұрақтарға жауап беру).

3.Жаңа тақырып:

Оқушылармен әңгіме жүргізу:

-Біз қай ауылда тұрамыз?

-Қазақстанның астанасы қай қала?

-Астана қаласы қай жерінде орналасқан?

-Қазақстан қай ел?

-Қазақ жері кімнің мекені?

А) Сабақтың тақырыбын  сұрақтар арқылы анықтау.

Интерактивті тақтамен жұмыс.Мәтінді кіргізу (оқу және аудару) топпен  жұмыс.

         ә) мәтін бойынша сұрақтар  құру (оқушылар);

         б) жаңа сөздерді тізбектеп оқу және сөздік дәптерге көшіру;

         в) жаңа сөздерімен сөз тіркестерін  және сөйлем  құрастыру.

        4. Тақырыпты бекіту:

        А) «Қазақстан» тақырыбына сұхбат құрастыру (жұппен жұмыс);

        Ә) Жаңа тақырып бойынша кластер  толтыру;

        Б) «Қазақстан» тақырыбына бес жолды өлең құрастыру:

       1.Зат  есім.               Қазақстан

       2. Сын есім.             Тәуелсіз, үлкен.

       3. Етістік.                Гүлдейді, тұрады, ойнады.

       4. Синоним.            Мемлекет.

       5. Сөйлем.               Біз тәуелсіз мемлекетте  тұрамыз.

         В) дәптермен жұмыс: халық сөзді септеу

      А.с       халық

      І.с         халықтың

      Б.с        халыққа

      Т .с       халықты

      Ж .с      халықта

       Ш. с     халықтан

       К .с       халықпен

 Г) тест орындау. 10 сұрақ жауап беру. Кілт арқылы тексеру.

 5.Сабақтың  соңында оқушылардың смайлик арқылы  көңіл – күйін тексеру. Оқушыларды бағалау.

 6.Үй тапсырмасы: мәтін аудару,  шағын шығарма жазу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения