Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
20.12.2015
0
463
0

Құстар қалай қыстайды

Қазақстан Республикасы,Жамбыл облысы,Шу қаласы
Ғ.Муратбаев атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Алменова А.О.

Мұғалімнің мақсаты: Оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру, мақсатты бағыттау,жаңа материалды меңгеруге дайындау.

Білімділік: Құстардың қыс мезгіліне байланысты тіршілік етуі туралы білімдерін өткен тақырып бойынша пысықтау,қоршаған табиғат туралы білімдерін нығайту, жетілдіру.

Дамытыушылық мақсатты: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, оқу жылдамдығын жетілдіру және сөйлеуге дағдыландыту, құстар тіршілігін бақылауға ынталандыру.

Тәрбиелік мақсатты: Құстарға деген мейрімділіктерін арттыру, қайрымдылыққа, қанатты достарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Мұғалімнің сөздік әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі.  

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқушының міндеті: Жаңа жетістікке талпыну, мақсатқа жету, жаңа тақырыпты игеру.

Көрнектілігі: Құстар суреті, сөз жұмбақ жазылған плакат, құстар схемасы.

                                   

Сабақтың барысы:

 l. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

                                       -Армысың, сұлу күн!

                                       -Армысың, ашық аспан!

                                       -Қайырлы күн баршаға!

Сылдырлады қоңырыу, Көп күттірген,

Балаларды сабақтта Бәрі күткен.

Дайынсыңба бастауды

Сен сабақты?

Қане, достым тексерші,

Бар жабдықты.

Тұрма екен ретімен өз орында

Кітап, дәптер, қаламның барлығы да.

Барлығы дұрыс отыр ма?

Зер салып маған қарай ма?

Ынталары ауды ма? Әркімнің бестік алуға.

ll Үй тапсырмасы: 1. Оқушылар үйге берілген «Олар қайда, қалай қыстайды?» мәтінін тізбектеп оқып, мазмұнын баяндайды.

  2. Қосмекенділер, жорғалаушылар және бунақденелер дегенге нелер жатады?

  3. Қыс мезгілінде бұл жануарлар неліктен қысқы ұйқыға жатады?

  4. Суретке қарап, қыста балықтарға адамдар қалай көмектесетіні туралы әңгімеле.

  5. Балықтар немен қоректенеді?

  6. Үй тапсырмасын қорыту: Жұмбақ жасыру.

1.Қанаты бар ұшпайды,

   Су астында қыстайды? (балық)

2.Екі басы жұдырықтай,

   Ортасы қылдырықтай. (құмырсқа)

3.Ал,керемет бұл қандай?

   Төгіледі төбеден,

   Көк теңізден құйғандай

   Көл-көсір су не деген? (жаңбыр)

 

lll .Жаңа сабақ: «Қандай құсты білесің?» өлеңін оқып беріп, жаңа сабақты бастау.

           Торғай отыр томпиып,

           Құйрықтары шолтиып.

           Сауысқаның сақ отыр,

           Жапалағың тағы отыр.

           Ұзақ отыр үңіліп,

           Қарға отыр түңіліп.

           Байғыз зарлап жылайды,

           Екі көзі жұмылып.

           Үнсіз бір сәт тұрмайды,

           Әнші бұлбұл жырлайды.

 1.Өлеңдегі құстардың атын атау (торғай, сауысқан, жапалақ, ұзақ, қарға байғыз, бұлбұл.)

 2.Өлеңде неше құс бар? (жеті)

 3.Құстар нешеге бөлінеді?

 4.Схема.

         

                                         Құстар

              

    Үй құстары                                                 Жабайы құстар

 

                       Жыл құстары     Қыстап қалатын құстар         

                 

             (Тырна, қараторғай, жабайы үйрек,  (Қарға, сауысқан, тоқылдақ,құр)

               қарлығаш, шымшық, бұлбұл)     

 

Сергіту сәті: Орманның біз емшісіміз,

                           Тоқ-тоқ-тоқ.

                           Құрт біткенді жоқ етеміз,

                           Жоқ- жоқ –жоқ.

                           Тоқ-тоқ-тоқ,

                            Жоқ-жоқ –жоқ.

 

Жаңа сабақ: Оқулықпен жжұмыс. Оқулықтағы суретке қараймыз. Торғай, құр, қарға сөздерін мәнерлеп оқыту. Мәтінді оқыту.

-Құр қандай құс? Сыртқы түріне көңіл аударамыз.

-Немен қоректенеді?

-Неге ағашты, бұталы жерлерде жүреді?

-Бұғымен қандай байланысы бар?

-Құйрығына көңіл аударамыз.

 

Дәптермен жұмыс: Жыл құстары :

                                      Отырықшы құстар:

  Оқушылардың ой-өрісін дамыту: Өлең шумағын жалғастыру.

  1.         Тамағы егер кездесе,

Екі шоқып бір қарар (қарға, қарға, қарғалар.)

  1.         Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың. (торай, торғай, тоғайлар)

 

    Құстар  қалай дыбыстайды?

Тоқ, тоқ                     қарға

Чьих, чьих               кептер

Қарқ, қарқ                торғай

Гу, гу,гу                   тоқылдақ   

 

Сабақты қорыту

Венн диаграмасы 

 

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу  , «Құстарға көмек» суреті бойынша әңгімелеу.

Бағалау:

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды үмытпа!

 

Құстарды қорғай да, құстармен доста бола білейік!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения