Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.12.2015
0
1412
0

Қызықты математикалық ойындар: "Сиқырлы сандар сырына саяхат"

Қазақстан Республикаcы,Шымкент қаласы

№74 негізгі орта мектеп

Математика пәні мұғалімі

Алтынбекова Гулнар

Тақырыбы:

 Қызықты математикалық ойындар: "Сиқырлы сандар сырына саяхат"

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың математикалық білімге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, оқушылардың ойлау қаілетін, білімін тереңдету, оқушылардың практикалық ойлау дағдысын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Дамытушылық: оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін, есте сақтау, көру, сезіну, сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, белсенді ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз пікірін еркін айтуға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

  • Математикалық фокустар
  • Математикалық ребустар және сөзжұмбақтар
  • Көңілді санау "Кім жылдам"
  • Жылдам есептеу сырлары
  • Ойын "Еселік ойыны". "Бір сөзден құралған  ойын"
  • Сіріңке шырпысы қолданылатын ойындар
  • Өнер
  • Жеңімпаздарды марапаттау
  • Әділ қазы алқаларымен таныстыру:
  • 1. МИФ әдістеме бірлестік жетекшісі: Ш.Оракбаева
  • 2. Химия - биология пәнінің мұғалімі: М.Айтқұлова
  • 3. Физика пәнінің мұғалімі: М.Ахылбекова

 

І. Математикалық фокустар

1. Фокусты 8 а сынып оқушысы Әділбек Диана қағаз бетіне төмендегі жазбаны жазып көрсетеді.

1000

    30

1000

    40

1000

    20

1000

    10

 

Барлық сандарды қағазбен жауып жоғарыдан төмен қарай кезек кезегіне аша отырып, оқушыдан жылдам қосуды сұрау керек, сонда оқушы жауабын айтады. Оқушы дұрыс есептей алды ма?

 

( Нәтижесі: көбінесе оқушылар 5000 деп айтады, ал шындығында жауабы: 4100)                                                     (5-9 сыныптар)

 

2. Фокусшы 8 а сынып оқушысы Кенджабаева Аружан .

Фокус: "Ойлаған санды табу"            (7-9 сыныптар )

 

Оқушыға екі таңбалы санды ойла деңіз. Сол ойлаған  екі таңбалы санның, ондық разрядта тұрған цифрын екі есе көбейтіп, алынған көбейтіндіге 5 бірлікті қосып, бұл қосындыны 5 есе көбейтіп, оған 10 бірлікті және де ойлаған санның бірлігін қосуды айтыңыз. Содан келіп алынған жауабын сұраңыз.

( Құпиясы: сіз ойлаған саннан 35-ті азайтып, оқушының ойлаған санын айта аласыз)

 

3. Фокусшы 8 а сынып оқушысы Асахаева Несібелі

Фокус: "Мен ойлаған сан"             (5-6)

 

  • бір сан ойла
  • ойлаған саннан бірді азайт
  • айырманы 2-ге көбейт
  • шыққан санға ойлаған санды қос
  • шыққан санды ата

(Құпиясы:  шыққан нәтижеге 2-ні қосып, қосындыны 3-ке бөлу керек, сонда ойлаған сан шығады)

 

ІІ. Математикалық ребустар

 

1. Әрбір әріптен бір цифрды белгілейді

 

  • АВ * А = CCC                      Жауабы:  37*3  = 111
  • МННН  -  ККК  = М             Жауабы:  1000-999   = 1
  • эстафета, концерт,жихаз, ел іші алтын бесік
  • тіл қылыштан өткір, өтірік сөз өрге бастайды.
  • елу жылда ел жаңа, жаздың бір күні қыстың мың күнін асырайды.
  • малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

ІІІ. Көңілді санау  "Кім жылдам" ойыны

Ойынды жүргізу әдісі: таблицадағы сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының таблицадағы сандарды ретімен көрсетіп оларды тауып, айтып шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт  ішінде, сандарды айтып шыққан оқушы жеңіс иесі болады.

1 таблица: 5 сыныптар үшін

2 таблица: 6-7 сыныптар үшін

3 таблица: 8-9 сыныптар үшін

 

ІV. "Жылдам есептеу сырлары"

  • "Екі тетелес сандарды көбейту"  9 а сынып оқушысы Орынбасар Арсланбек

Шарты: екі тетелес сандарды көбейту үшін біріншіден ондықтарды көбейту керек, содан кейін ондық разрядты тұрған цифрдан ондықты бірліктердің қосындысына көбейту керек, үшіншіден бірліктерді көбейтіп, алынған көбейтінділердің қосындысын аламыз.

13*14  = 182                            17* 18  = 206

1*1 =1 жүздік                          1*1 = 1  жүздік

1* (3+4) = 7   ондық               1* (7+8) = 15   ондық

3*4 = 12                                    7*8 56

Нәтиже: 182                             Нәтиже: 206

  • "200-ден үлкен сандарды көбейту"   9 а сынып оқушысы Серков Тимур

203 * 204 =41412                                      407 * 408 = 166056

2*2 =4  он мыңдық                                   4*4 = 16  он мыңдық

2 * ( 03+04) = 14   жүздік                         4 * (07+08) = 60   жүздік

3 * 4 = 12                                                    7 * 8 = 56

Нәтиже: 41412                                            Нәтиже: 166056

  •  "5 цифрымен аяқталатын сандардың квадратын табу"  8 а сынып оқушысы Асахаева Н

152 = (1*2) жүздік   +25 = 225

852 = (8*9)  жүздік   +25 = 7225

352 = (3*4)  жүздік  +25 = 1225

452 = (4*5)  жүздік   +25 = 2025

  • "1 мен аяқталатын сандарды көбейту"    9 а сынып  Тұржанов Нурдаулет

81 * 31  = 2511                     21 * 91 =1911

8 * 3=  24 жүздік                  2 * 9  = 18  жүздік

8 + 3 =  11 ондық                  2 + 9 =  11 ондық

1 * 1 = 1                                 1 * 1 =  1

Нәтиже: 2511                         Нәтиже: 1911

 

  • " Қалаған санды 5-ке көбейту"    8 а сынып  оқушысы Әділбек  Диана

42*5=42/2*10=210                                      64*5 = 64/2 * 10 = 320

38 * 5 = 38 / 2 * 10 = 190                            36 * 5 = 36 / 2 * 10 = 180

104 * 5 = 104 / 2 * 10 = 520                        96 * 5 = 96 / 2 * 10 = 180

Нәтиже: Қалаған санды 5-ке көбейту үшін осы санның жартысын 10-ға көбейту керек.

 

 

  • " Екі таңбалы санды 99 санына көбейту"    8 а сынып  оқушысы Әділбек Д

Екі таңбалы сандарды 99-ға көбейту үшін ол саннан бірді шегеріп, шыққан нәтижеге алғашқы көбейткіштің 100-ге жетпей тұрған санын тіркеп жазу керек.

23 * 99 = 2277  ( 23-ден 1-ді шегерсек, 22 болады. 23-тің 100-ге жетпейтін бөлігі:   77)

85 * 99 = 8415

72 * 99 = 7118

63 * 99 = 6234

  • " 125-ке  көбейту және бөлу тәсілі"    8 а сынып  оқушысы  Кенджабаева А

Санды 25-ке көбейту үшін берілген санды 8-ге бөліп, 100-ға көбейту керек.

56* 125 = 56 : 8 * 1000 = 7000

128 * 125 = 128 : 8 * 1000 = 16000

32 * 125 = 32 : 8 * 1000 = 4000

Санды 25-ке бөлу үшін, берілген санды 1000-ға бөліп, 8-ге көбейту керек.

6000: 125 = 6000 : 1000 * 8 = 6 * 8 = 48

3000 : 125 = 3000 : 1000 * 8 = 3 * 8 = 24

9000 : 125 = 9000 : 1000 * 8 = 9 * 8 =72

  • " Екі таңбалы сандарды 101-ге  көбейту"    8 а сынып  оқушысы  Серков Т

33*101=3333                   56 * 101 = 5656

47 * 101 = 4747              59 * 101 = 5959

  • "  Үш таңбалы сандарды 1001-ге  көбейту"   

316 * 1001 = 316316

648 * 1001 = 648648

962 * 1001 = 962962

879 * 1001 = 879879

 

V. Көрермендермен ойын: "Еселік" ойыны

Шарты: 6-7 оқушы шығып шеңбер жасай айнала тұрады. Оқушылар бірден бастап санай береді. Тек 3-ке бөлінетін сандарды атамай "еселік" деп айтулары керек.  (1,2,еселік,4,5,еселік,7.........)

Жаңылысқан оқушы ойыннан шығып қалады да, қалған оқушылар жалғастыра береді. Соңында қателеспеген оқушы жеңімпаз атанады.

"Бір сөзден құралған әңгіме" ойыны

Шарты: Оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім кез келген бір сөз айту арқылы "Бір сөзден құралған әңгімені" бастайды. Бірінші тұрған оқушы бір сөз айтады. Екінші тұрған оқушы өз сөзін қосады. Бірақ алдыңғы сөздерді қайталамайды. Осылай келесі оқушылар бір-бір сөзден айтады. Сөйлем аяқталса жаңадан сөйлем бастауға болады. Берілген уақыт аяқталғанша әңгіме жалғасады.

Мұғалім: Кеше

1 оқушы: Мен

2 оқушы: көшеде

3 оқушы: үлкен

4 оқушы: қалпақ

5 оқушы: киген

6 оқушы: адамды

7 оқушы: көрдім.

 

VІ.  Сіріңке шырпысы қолданылатын ойындар.  9 а сынып Тұржанов Н

Ойын шарты: Шырпын қолдану арқылы түрлі фигуралар құрастыруға, бір немесе екі шырпының орнын ауыстыру арқылы басқа фигуралар алу.

5 шырпыдан бесбұрыш құрастырылған. Шырпылардың орнын ауыстыру арқылы бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыштан фигура алу керек.

 

 

 

 

  • Теңдік дұрыс емес.  Бір шырпыны ауыстыру арқылы дұрыс теңдік шығару.       9 а сынып Серков Т

 

Х - IV  = I                        Жауабы: V - IV = I

 

  • Теңдік дұрыс емес.  Екі шырпының орнын ауыстыру арқылы теңдікті дұрыс шығару.     9 а сынып Орынбасар А

 

  = II                                Жауабы:      = II   

 

VІ.  Өнер    Жеңімпаз оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.     

                    

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер - деп  кезекті әділ қазылар алқасына береміз.

 

Жеңімпаздарды марапаттау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения