Садвакасова Жанна Ерсаиновна
Должность:Учитель русского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Восточно-Казахстанкая область,город Семей
14.12.2015
0
391
0

Қазақ тілі 4-сынып. Тақырыбы: Біріккен сөз.

Шығыс Қазақстан облысы

«Шаған кенті 24 жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Нәсілжанова Салтанат Нәсілжанқызы.

Пәні: Қазақ тілі  4-сынып.

Тақырыбы: Біріккен сөз.

Сабақтың  мақсаты: Тақырыптың   маңыздылығымен   танысады,түсініп  оқуға  ойын  жеткізе  білуге  үйренеді,тапсырмаларды  дұрыс құруға, ойын  тиянақтай білуге дағдыланады.

Сілтеме: 4-сынып оқулығы.

Сабақтың түрі: Сыни ойлау сабағы.

Әдіс-тәсілдер: «Тілек», топқа бөлу,  сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:АКТ,  суреттер, , стикер, блоб ағашының қимасы, геометриялық  фигуралар.

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық ахуал:Балалар,бір-біріміздің  қолымыздан ұстап ,алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай  қуаныш!             

 Біздің күлкіміз көңілді,( қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)                                             Жеткізсін жылу мен шаттықты,  (қолдарын жүректерінің тұсына қояды  Бөліскен жақсы ғой өмірде (қолдарын алға созады,саусақтары күн сияқты) Қуаныш,мейірім,бақытты. ( қолдарын екі жаққа созады).

Топқа бөлу:Геометриялық   фигура  арқылы.

2.Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығу.

3.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын  хабарлау.

Жан-жақты білімдерін тексеру:Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

4.Ой толғау: «Фигураны тап» ойынымен басталады. 

Шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді. Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық:  төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш. Бұлар қалай жасалған? Екі түбір сөздің  бірігіп  айтылуынан жасалған. Осылайша      екі түбірдің  бірігуінен  жасалған  күрделі сөздің бір түрі  біріккен  сөз  деп  аталатынын   оқушылар өздері пайымдайды. Біріккен сөздердің үнемі бірге  жазылатыны ескертіледі.                                                                                                       5.Оқулықпен жұмыс. 

 8-жаттығу  Берілген сөздерді оқып сөз құрамына талдау.  

9-жаттығу  Сөздерді көшіріп жазу.  Жаттығу орындау арқылы ереже шығару.

Сергіту сәті:

10-жаттығу  өлеңді жатқа жазу.

6. Бекіту:  13-жаттығу  суретпен жұмыс.Біріккен сөз болып келетін аң-құстардың   аттарын атау.

7. Қорытындылау:14-жаттығу. «Ақтөбе » сөзінен баспалдақ жасау. Тақтада орынду.

Бағалау:Топтық бағалау,жиынтық бағалау, блоб  ағашы.

Кері байланыс: Стикер әлемі

 

8.Үйге тапсырма:11-12 жаттығу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения