Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
19.02.2013
0
3212
0

Біз өз құқығымызды білеміз бе?

Ахметова Багила Серикбаевна
Қызылорда қаласы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті,
Жанқожа батыр атындағы №70 тарих және құқық пәнінің мұғалімі.

 

Тақырыбы:

«Біз өз құқығымызды білеміз бе?»

Мақсаты:1.Оқушылардың құқықтық білімін арттыру.

                 2.Заңды өмірде қолдана білуге үйрету.

                 3.Заң негізінде өз құқығын талап ете білуге  тәрбиелеу.

Түрі: Пікір сайыс.

Пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет

Көрнекілігі:Қанатты сөздер,суреттер т.б

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

                1.Оқушыларды топқа бөлу

                 2.Әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстыру

Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі 9 А сыныбында өткізілгелі отырған            «Біз өз құқығымызды білеміз бе?»атты  пікір сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Біз демократиялық  жолда дамып бара жатқан ҚР азаматтарымыз.Біздің конституциямыздың Iбабында ҚР өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік   мемлекет ретінде орнықтырады;оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары деп айтылған, сондықтанда әрбір азамат өз құқығын білуі керек.

I кезең.Бәйге.  Екі топқа сұрақтар оқылады.

1.ҚР Конституциясының 1- бабы 1-тармағы(ҚР өзін демократиялық зайырлы  құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары  мен бостандықтары)

2.Адам құқықтары туралы халықаралық билль атты әйгілі 5 құқықтық құжатты атап көрсетіңіз.(Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948 ж,экономикалық-әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы факт,азаматтық-саяси  құқықтар туралы  халықаралық факт 1966жылы,соңғысына қатысты  2-і факультативті хаттама)

3.«Қарны жарылғанша м елтеңдеп тойып алған мың басы,

жүз басы,әскери кеңес келіп кекірік атып отыратын болса оның басы алынсын»бұл қандай дала заңында айтылған.(Шыңғысханның ұлы жарғысы)

4.Балалар құқығы туралы конвенция қашан қайда қабылданған?(1989ж 20қараша БҰҰ бас ассамблеясының 47 сессиясы)

5.ҚР Егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты аса маңызды үш құжатты атап көрсетіңіз.(Егемендік туралы Декларация Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң,Конституция)

6.ҚР құрылымы жағынан қандай мемлекет?(Унитарлы)

7.Рәміздер туралы Конституцияның 9-шы бабында не айтылған?(ҚР мемлекеттік нышандары,Туы,Елтаңбасы,Ән ұраны бар.Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді)

8.Баланың маңызды құқықтарын атаңдар.(өмір сүру,тірі қалу өсу құқығыөзінің аты-жөні,азаматтығы болу,жеке тұлғалық ерекшелігін сақтау,өз пікірін білдіру бостандығы ,ата-анасынан айырылмау,ой-ождан дін бостандығы,білім алу,денсаулық сақтау т.б )

9.ҚР билік неше тармаққа бөлінеді?(заң шығарушы,атқарушы,сот билігі)

10.Заң шығарушы билікті кім жүзеге асырады?(парламент)

11.Атқарушы билікті кім жүргізеді?(Үкімет)

12.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?(1995жыл 30 тамыз)

13.Конституция қанша бөлімнен  тұрады?(9 тарау 98 бап)

14.Конституциялық міндеттеріңді атаңдар.(конституцияны,заңды сақтау,салықтарды төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу,әскери қызмет атқару,табиғатты сақтау,қорғау,ҚР қорғау,тарихи мәдени мұраларды сақтау,азаматтардың құқықтарын бостандықтарын ар-намысын құрметтеу)

15.Саяси құқықтарыңды атаңдар.(митинг,жиналыс,демонст өткізу,сайлауға қатысу,бірлестіктер құру,мемлекет ісін басқаруға қатысу,өкімет органдарына арыз айту,мемл орг мен жергілікті өзін-өзі басқару  органдарын сайлау және сайлануға қатысу)

16.Экономикалық, әлеуметтік құқықтарыңды атаңдар.

(еңбек ету,өмір сүру,жалақы ,зейнетақы алу,денсаулық сақтау,білім алу,тынығу тұрғын үй,еңбек дауларын шешу,жеке меншік)

II кезең  Тіл өнері. Мақал айтылады ішінен бір сөз яғни құқықтық заң терминдері жасырылады,сол сөздің дұрыс айтылуына назар аударылады.

1.Бір қазаға екі жаза жоқ     2.Мен ұрлық қылған күні ай жарық болды.

3.Әр елдің заңы басқа,иттері қара қасқа.     4.Елшіге өлім жоқ.

5.Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар,Жаманға сырыңды айтсаң айғақ ,болар.

6.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,анық достың қадірін,жалалы болғанда білесің.

7.Әділ істің арты игі.  8.Жолға шықсаң сайлан,бес қару байлан.

9.У ішкен бір өледі,ант ішкен мың өледі.  10.Би екеу болса,дау төртеу.

  III кезең Кім тапқыр?

Проблемалық тапсырмаларды шеш.

1.Тапсырма 9-шы сыныптың оқушылары Нұрланның туған күнін атап өтті.Оның пәтерінен түн ортасы ауғаннан кейін шықты. Аулаға шыққан жасөспірімдер магнитафон әуені мен би-билеп ойнақ салды.Айқай-шу музыка дауысынан оянып кеткен тұрғындар биді доғаруды талап етті.Ересектердің ескертуіне құлақ аспаған жасөспірімдер тек полицияның араласуынан кейін ғана билеуді тоқтатты.Топқа сұрақ бұл жерде қандай құқық бұзушылық жасалды?(бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық жасалды)

2. Тапсырма 8 сынып оқушысы Маржанға үнемі Думан телефон соғып тұрады.Бір күні Маржан келесі бір телефон диалогі кезінде апасының басқа бөлмеде екінші телефон тұтқасынан оның әңгімесін естіп тұрғанын көріп қалды.Апасына ренжіп еді, ол сенің құпияңды апама айтып қоямын деп қорқытты.Маржан үшін оның құпия болғаны керек еді.Бұл жерде қандай құқық бұзушылық жасалды?(бұл жерде жеке бастың құқығын сақтау құқығына қол сұғылды)

 

         Пайымдау

Ереже ме,әлде адам құқығы ма?

 

Сабақта шулауға болмайды

ереже

 

Әрбір азамат тегін білім алады.

құқық

 

Велосипедпен тротуарда жүруге тыйым салынған

ереже

 

Сенбі күні тазалық күніне барлық сыныптар қатысады.

ереже

 

Әрбір адам қай дін ұстанса да өз еркі

құқық

 

Әрбір адам еңбек ете алады

құқық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV Кезең Бес жолды өлең

1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік4.Сөйлем5.Синоним   (Тарих,Құқық)

 

Мұғалім :Егер де ел боламыз десек бірінші сыныпқа барған балаларымыздан бастап үлкендерімізге дейін Ата-заңымызды оқып үйренуге, мүлтіксіз орындауға тиіспіз.Азамат неғұрлым білімді болған сайын ,соғұрлым ол өз  Отанына көбірек пайда әкелері сөзсіз.Аталған білімін ұрпақ пен қоғам игілігіне жұмсауы тиіс .   «Бақыт қонса басшы да ,бай болуда оңай ,ал азамат болу бақыт қонса да қиын.»

Ендеше сол Азамат деген ардақты атқа лайық өмір сүрейік.

 

Қорытынды : Әр топтың жинаған ұпайын есептеп жеңімпаз топты анықтау.

 

Скачать урок

synyptan-tys-zhmys.doc [42,5 Kb] (cкачиваний: 45)

 


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения