Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
07.12.2015
0
254
0

Абайдың табиғат лирикасы

Қазақстан,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
№6 орта мектеп
Ағылшын тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі

Асылбекова Айганым Жанатовнаға

Қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі

Болатова Жазира Хаметовнаға

Сабақтың

тақырыбы:

Абайдың табиғат лирикасы.

Сілтеме:

А.Құнанбаевтың  өлеңдер жинағы кітабы.Абайтану әліппесі: жақсы бала. 5-8 сынып. 1-басылымы. Токио, Жапония 2010. Абайтану әліппесі: жақсы ата-ана; жақсы құрбы-құрдас; жақсы ұстаз. Қазақ әдебиетіндегі Абай Құнанбаев туралы видео.

Мақсаты:

 

Абай өлеңдерін терең меңгереді, жатқа біледі, өлеңнің мазмұнын түсінеді және талдау жасайды.Абай өлеңдерін ағылшын тілінде түсінеді.Абай шығармасынан сөздерді аудару арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Топтық жұмысты қорғау кезінде сөйлеу мәдениеті жетіледі.
Абай ұлылығын терең сезеді, туған табиғатқа қамқорлық жасайды.

 

Күтілетін

нәтижелер:

 

Топтық, жұптық  жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады.Үздік оқушыны үлгі етеді, сабаққа деген қызығушылығы  артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, табиғаттың ерекшелігін ажырата алады,табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады.

 

Сабақтың  түрі:

Кіріктірілген  сабақ

Пәнаралық байланыс:

 Ағылшын тілі, қазақ тілі, тарих.

Қолданылатын әдістер:

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамыз: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Жоба қорғау технологиясы», ой бөлісу, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Керекті  жабдықтар:

 

Оқулық,  интербелсенді  тақта, интербелсенді қалам, төрт жыл мезгіліне арналған эмблемалар, жыл мезгіліне арналған кеспе суреттер, кері байланыс парағы, бағалау пайызы, кеспеқағаздар, постер, стикер, маркер т.б.

Сабақтың  барысы:

Сабақ

кезеңдері:

Мұғалім  әрекеті:

 Оқушы әрекеті:

Кіріспе:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұсау

кесер:

 

Ұйымдастыру

Топқа бөлу. Оқушылар  жыл мезгілі бойынша кеспе суреттері арқылы төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: оқушылар кеспе суреттерін жыл мезгілдерін шығарып жинастырады.

Топқа бөлінуде оқушылардың ой-өрісі дамиды.

Today you are divided into 4 groups. Here are the pictures of 4 seasons of the year. They are cut into 4 parts. Each of you takes one part of the picture to make the whole one.

Who has a piece of picture with winter on it joins the first group.

Who has a piece of picture with spring on it joins the second group.

Who has a piece of picture with summer on it joins the third group.

Who has a piece of picture with autumn on it joins the fourth group.

“Ойлан  тап”/“Guess”

Өзіңді тексеріп көр. Әр топқа Абайдың табиғат лирикасынан алынған сөздер ағылшын тілінде  беріледі.

Children, look at the blackboard you can see the words there. They are written in 4 groups.

Try to guess their meanings.

1.White clothes    Grey-bearded    Blind man

    сold    frost    snow

2.Winter dampness     ice

old woman and old man

3.Greycloud    sky   horse   trees   leaves   cold

4.Flowers     July          river

   village    green       grass

Ал, енді оқушылар осы сөздер қай ақынның шығармаларында кездеседі?

Енді, тақтаға назар аударайық!

АКТ модулін қолдана отырып Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына байланысты бейнефильмді интербелсенді тақтадан көреді. Осы тапсырмадан күтілетін нәтиже

Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына байланысты «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен танысады. Абайдың өлең жинақтарының мазмұнын терең түсінеді.

Абайтану әліппесімен танысады.

Нано технология әдісі: Интербелсенді қаламды пайдаланып көру және есту қабілеттерін дамыту мақсатында «Жазғытұрым» өлеңін тыңдатады.

Топтық жұмыс.

Төрт жыл мезгілінің сипатын постер бетіне түсіреді. Әр топ ақын жыл мезгілдері туралы не айтқысы келгенін ой желектерінен өткізеді. Оқушылар постерді сыни ойлай отыра екі тілде қорғайды.

"Ой тастау" стратегиясы арқылы оқушылардың тілдері дамиды.

Жетелеу сұрақтары:

Абай өлеңдерінде суреттелген табиғат көрінісі мен қазіргі заманның табиғат көрінісінің айырмашылығы қандай?

-Бұған не себеп болды?

How many seasons are there in a year? What are they? What are the winter months? Do you make a snowman in winter?

Say what your favourite season is and what season you like best of all.

What season is the coldest?  What season is the hottest? Say what season comes after autumn. What season comes after spring?

Деңгейлік тапсырмалар:

1. Топ атауына  байланысты өлеңнің  мағынасын  ашу.

2. Абай  өміріне  шолу (ағылшын тілінде). Берілген сөздерден сөйлем құрайды.

3. Өлең құрылысын талдау.

4. Көп нүктенің орнына суреттің мағынасын ашып сөйлем құрау (ағылшын тілінде).

In ______ we play in the ____.

In ____  we ____ in the ____.

 

 

In ___  we have ____  .

 

 

In __  we go to ___.

Қорытындылау: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс" деген қанатты сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма: «Табиғатты аялайық» тақырыбына ой толғау жазу. Your home work will be to write an essay about your favourite season.

Рефлексия: Сендерге қай жыл мезгілі несімен ұнайды?

What is your favourite season?

Бағалау: 100 %70% 40%

 

Жыл мезгілдерінің суреттерін таратып береміз. Оқушы қай жыл мезгілінің кеспе суретін алса сол жыл мезгіліне  байланысты  топқа отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ берілген тапсырма қай жыл мезгілімен байланысты екенін тауып, өлеңді оқып береді.

Оқушылар топ атына сай эмблеманы тағып алады.

Әр топ жыл мезгілдеріне байланысты Абай өлеңдерін жатқа айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар әр жыл мезгіліне толық сипаттама бере алады. Мұғалім қойған жетелеу сұрақ төңірегінде ойларын екі тілде жеткізеді.

 

"Ой тастау" стратегиясы арқылы оқушылардың тілдері дамиды.

Абай өлеңдерінде суреттелген табиғат көрінісі мен қазіргі заманның табиғат көрінісінің айырмашылығы қандай?

-Бұған не себеп болды?

Тірек сөздер:

(Ауа ластанған, жан-жануарлар азайған, су көздері таза емес, түрлі аурулар  таралуда.

Адамдардың  табиғатты қорғамауы, экологияның бұзылуы, Арал теңізінің тартылуы, табиғат байлықтарын тиімсіз пайдалануы.)

 

1. Топ атауына  байланысты өлеңнің  мағынасын  ашады.

2. AbayKunanbaev was born on August 10, 1845 in Chingiz Mountains, Semipalatinsk region. He was a well-known Kazakh poet, composer, philosopher.

Abay also translated into Kazakh the works of  Russian and European authors.

Abay's major work isThe Book of Words (Qara sözderi).

3. Топ атауына  байланысты өлеңнің құрылысын талдайды.

  1. In spring we play in the park. In summer we swim in the swimming-pool. In winter we have Christmas. In autumn we go to school.

 

Сабақ үстінде пайдаланған оқулықтар: 

Оқулық ағылшын тілі, 6 сынып Т. Аяпова

А.Құнанбаевтың  өлеңдер жинағы кітабы.

Абайтану әліппесі: жақсы бала. 5-8 сынып. 1-басылымы. Токио, Жапония 2010. Абайтану әліппесі: жақсы ата-ана; жақсы құрбы-құрдас; жақсы ұстаз.

Қазақ әдебиетіндегі Абай Құнанбаев туралы видео.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения