Саргожаева Асылхан Алымовна
Должность:завуч
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангистау Мунайлы
05.12.2015
0
367
1

Ашық сабақ "Тасбақаның шөбі" (қазақ әдебиеті)

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Еңбек Ері  Ә.Кекілбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Барша Қазақтың Әбіші» атты облыстық шығармашылық апталық кезінде өткізілген   ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Өткізген: Мұнайлы ауданы «№4 жалпы білім беру орта мектебі» ММ   

 І деңгей қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Сарғожаева Асылхан

Сынып

7-сынып

Мерзімі

15.12.2014 жыл

Пәні

Қазақ әдебиеті

Тақырыбы

Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі»

Мақсаты

Білу: «Тасбақаның шөбі» әңгімесінің   толық мазмұнын ашу.

Түсіну: Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы қазақтың ырымдарына тоқталып, жазушының  ойын түсіну.

Күтілетін нәтиже 

Әңгіме мазмұнын толық  түсініп  айта  алады.

Кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы қазақ ырымдарының негізсіз емес  екенін  ұғынады,  әңгіме идеясын түсінеді.

Ойлау құралдары

  А-3 парағы,  постер, маркер, слайд

Қажетті әдіс – тәсілдер

Диалог   Жеке жұмыс   Жұппен жұмыс   Топтық жұмыс

Блум таксономиясы, топтастыру,  Венн диаграммасы,  түртіп  алу  стратегиясы,  бес  жолды  өлең,  РАФТ  стратегиясы,  эссе  жазу 

Деңгейі, мақсаты

Сұрақтар мен тапсырмалар(түрткі)

Талап

Оқушының іс-әрекеті   (нәтиже)

Уақыты

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті. Сергітумен байланысты топқа бөлу(жұлдыздар суреті арқылы)

Топпен  жұмыс  жасай  білу.

Топпен  жұмыс  жасап  үйренеді.

1 мин

 

Білу

­Әңгіменің тақырыбын аша отырып, оқушының қызығушылығын ояту

 Миға шабуыл: жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылардың теориялық білімін тексеру:

1.    Автор  туралы  не  білеміз?

2.    Тасбақа туралы қандай мәліметтеріңіз бар?

3.    Неліктен  әңгіменің  тақырыбы  «Тасбақаның шөбі»  деп  аталды деп ойлайсыздар?

4.    «Тасбақаның дауылы» дегенді естулеріңіз бар ма?

1.      Ақын  өмірі  мен

шығармашылығы  туралы  деректер жинақтау.

2.      Әңгіме тақырыбына 

байланысты  өз  пікірі

Оқушылар  «Түртіп  алу»  стратегиясы  бойынша  ақын  өмірі  жайлы  өздеріне  таныс  емес  мәліметтерді  жазып  алады.

Өз  ойларын,  пікірлерін  еркін жеткізеді.

5 мин

Смайликтер беру арқылы бағаланады.

Түсіну

Жазушы идеясына зер салдырту

«Оқу және талдау» әдісі:

1-топқа: Басты оқиға не туралы?

2-топқа: Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесі?

1.Шығарманың мазмұнын білуі керек

2.Кейіпкерлер бейнесін аша білуі керек

Берілген қима қағаздар арқылы:

1.Оқушылар топтарда оқиды.

2.Талқылайды.

7 мин

Критерийлерін дайындап, өз жұмыстарын және өзге топтардың жұмыстарын бағалайды.

Қолдану

Шығармашылық жұмыс

«Бес  жолды  өлең»

Әңгімеден алған мәліметтерін пайдалана отырып  өлең  құрастыру

Әңгімеден   рөлдік  ойындар

1.    Әр  оқушы «тасбақа», «шөп» туралы  өлең  құрастыру

2.    Топ  болып  рөлдік  ойындар  көрсету

1. Топ болып бес жолды  өлең  жолдарын  жазады.

2. Әр  топ рөлдік  ойындар  көрсетеді.

 10 мин

 

Өзге топтардың жұмыстарын бағалайды.

Критериалды  бағалау

Талдау 

Кейіпкерлерді  салыстыра  талдау

Қарабала мен Оңбай бейнелерін салыстыру.

Қарабала кім?

Оңбай кім?

1. Қарабала  мен  Оңбай  бейнелерін  Венн  диаграммасы  бойынша  салыстыру.

1. Әңгіме кейіпкерлерінің бейнелерін  салыстырады.

6 мин

Өзара  бағалау

Жинақтау

Өмірмен  байланысы

Өзіндік  жұмыс  РАФТ  құрастыру

Рөл – оқушы

Аудитория –  өзіңнің  таңдауың, жазушыға, Оңбайға, тасбақаға, Қарабалаға,

Формасы – ашық  хат,  өлең, өтініш, т.б

Тақырып – тасбақа, мінездер, т.б

Жазушы шығармаларының қазіргі  жастарға әсерін, қоғамдағы  рөлін  анықтау.

 Топтық  жұмыс

Жазушы шығармаларының  қазіргі  қоғамдағы  рөлінің  қандай  екенін  ашып  жеткізе  білу.

6 мин

Белсенді қатысып, өз ойларын айтып, дәлелдеп берген оқушыларға смайликтер беріледі

Бағалау

Шығармадағы негізгі ойды түйіндеу

«Өз  жартыңды  тап» ойыны.

Қима қағаздар  арқылы  сұрақтар  мен  жауаптарын  сәйкестендіру.  Жұппен  жұмыс  жүргізу.

Мәтінмен топ,  жұп болып жұмыс істей білу керек

Алдын ала берілген қима қағаздардағы сұрақтар  мен  жауаптарын  сәйкестендіріп,  жұптық  жұмыс  жасайды  және  толықтырады.

10 мин

Өзара  бағалау

Үйге тапсырма

«Тасбақаның шөбін тауып алсам...»

Тақырып  мазмұнына  сай  ойтолғау жазу

 

1 мин

Креативті  бағалау

Бағалау

Кері байланыс парағы  ілінеді

 

 

Кері байланыс парағын  іледі

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения