Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.12.2015
0
406
0

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау

Қазақстан,Павлодар облысы,Екібастұз қаласы
«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 26 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ибраева А.А.

2

Сабақтың мақсаты

Білімділік:

алған теориялық білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы қайталау, қаншалықты меңгергендігін анықтау, фонетикалық талдау дағдыларын қалыптастыру

 

Дамытушылық:

талдау жұмыстары арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алуына, тыңдай білуге,  тілін дамытуға мүмкіндік туғызу;

 

Тәрбиелік:

оқушыларды ұқыптылыққа, зеректілікке, атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарауға, сауаттылыққа тәрбиелеу;

 

3

Сабақтың түрі:

қайталау

 

4

Сабақтың әдісі:

салыстыру, сұрақ-жауап, тест

 

5

Сабақтың көрнекілігі:

интербелсенді тақта, флипчарт, тестер

 

6

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру

1 мин

 

Қызығушылығын ояту

Табиғат көрінісі. (Инербелсенді тақта арқылы флипчарттан құстардың және табиғат құбылысының дыбыстарын тыңдату) -Оқушылар, біз нені естідік? –Дыбыстарды. –Ненің дыбыстарын? –Құстың, судың т.б. – Бұлар қайда кездесетін дыбыстар? –Табиғатта. –Ендеше бұл табиғатта кездесетін дыбыстар болса, біздің тілімізде де дыбыстар бар екен. Олар қандай дыбыстар? – Тіл дыбыстары. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. –Онда бүгінгі сабағымызды дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталауға арнаймыз.

2 мин

3

II Мәтінмен жұмыс

     Ғажайып табиғат көрінісіне арналған мәтінмен танысайық.  (Бір оқушыға мәтінді мәнерлеп оқытамын)

       Күміс көлдер, көгілдір өзендер үстінде жыпырлай жүзген аққу, қаз, үйрек. Олардың у-шуынан, қоңырлата сыңси салған әндерінен құлақ тұнады. Сай-салада сылқ-сылқ күліп былдырлай аққан қар суы, мұз бұлақтар. Дүние анасынан жаңа туғандай жасарған. Осы бір керемет сәнге бөленген әлем өзінің ғажайып ән-күйімен сенің қиялыңды қуанышымен әлдилейді. Өзіңді-өзің бұл жалғанда ең бақытты жан сезінесің!

Тапсырма:

Бірінші сөйлемнен еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздерді, екінші сөйлемнен ұяң дауыссыз дыбыстар қатысқан сөздерді теріп жаз.

4 мин

 

ІІІ Сөздік диктант

      Қазір балалар сөздік диктантын жазамыз. Сөздерді баған бойынша жазамыз (тақта бойынша тексерем), екінші бағанға естілуі бойынша жазамыз.

Сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуын салыстыр:

Шаш-шәш, шай-шәй, күрек-күрөк, жүрек-жүрөк, өнер-өнөр, сый-сый, ки-кій, тоқу-тоқыу, ою-ойу

5 мин

 

ІҮ Семантикалық карта (Семантикалық карта арқылы фонетикалық талдау жасаймыз)

Сөз

дауысты

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

дауыссыз

қатаң

ұяң

үнді

б

 

 

 

 

 

 

 

+

 

+

 

ұ

+

+

 

+

 

+

 

 

 

 

 

л

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

+

а

+

+

 

+

 

 

+

 

 

 

 

қ

 

 

 

 

 

 

 

+

+

 

 

3 мин

 

Ү Венн диаграмма

Енді дауысты және дауыссыз дыбыстарды Венн диаграммасына түсірейік. (Бір оқушы шығып толтырады)

 

 

 

 

 

4 мин

 

ҮІ Білімді тексеру Тест

Енді тест жұмысын орындаймыз.

1. Дауысты дыбыстардың саны қанша?

а)12 ә)25 б)7 в)9

2. Үнді дауыссыздарды көрсет.

а)р, о, т, д ә)б, в, г, д б)а, о, ы, ұ в)м, р, ң, у 

3. Жуан дауысты дыбыстардың қатарын белгілеңдер.

а)а,о,е,у,ы ә)а,о,ү,і,ұ б)а,о,ы,у,ұ в)ә,ө,ү,е,і

4. Үнді дауыссыздан тұратын сөзді табыңыз.

а)қалам ә)үй б)адасты в)жұлдыз

5.Еріндік дауысты дыбыстарды тап.

а)е, о, т, а ә)о, ү, ұ, ө б)е, а, и, у в)ы, а, о, и

6.«Қ»әрпі жазылатын сөзді табыңыз.

а)ө...іл ә)іс...ер б)ше...ара в)уа...ыт

7. “Б” дыбысының қандай екенін анықтаңыз.

а)ұяң дауыссыз дыбыс ә)қатаң дауыссыз дыбыс б)ашық дауысты дыбыс в)қысаң дауысты дыбыс

8. Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.

а)ешбір ә)қап-қалың б)дағды в)сыңғырлату

9. Қысаң дауыстылары бар сөзді көрсетіңіз.

а)әділет ә)жауырын б)ғылыми в)төсек

10. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

а)г, ғ, й, з ә)д, з, ж, л б)б, д, з, ж в)ж, б, в, м

7 мин

 

ҮІІ Метаграмма құрастыру

Тарақта бар,               

Шашта жоқ.               

Тамақта бар,              

Аста жоқ. (Қ)

7 мин

 

Үй тапсырмасы

«Дыбыстар патшалығында» тақырыбында ертегі құрастыру. (Өздерің әдебиет пәнінен ертегілермен таныссыңдар, ендеше үйге берілген тапсырмада ертегінің бойындағы белгілер болуы тиіс: қиял, арман т.б.)

1 мин

 

Бағалау

әр оқушының білім деңгейі бойынша

1 мин

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения