Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
02.12.2015
0
354
1

Театр өнерінің бастауыш мектепте атқарар рөлі

Қазақстан,Павлодар облысы,Екібастұз қаласы

«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №35 мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік білім мекемесі

Қазақ тілі мұғалімі

Иманбекова Марал Тоқышқызы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр” деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын. Шығармашыл ұстаз мектепте оқушыларға күнделікті беретін білімін түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Ал егер ұстаз оқушының білімі мен тәрбиесіне зор ықпал ете алатын игі істі  оқушының қажетіне айналдыра алса, оқушы өзіне қажет деп тапса – бұны мұғалім шеберлігінің шыңы деп түсінуге болады.

    Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы.Осы ретте елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың негізінде маусым айындаҮкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген. [Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары].Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда театр өнерінің алатын орны зор. Оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға театр өнері негіз болады. Түйіндеп айтқанда оқушының функциональдық сауаттылығын дамытуда яғни оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, жан – жақты терең білім алуына (театр өнері барлық білімнің жиынтығы: тарих, музыка, тіл, әдебиет, дүние тану, би өнері, бейнелеу өнері), өз бетінше шешім қабылдауына театр өнері зор әсерін тигізеді.

    Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп

атаймыз. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - ғажап тіл, сан ғасырлық тарихы бар тіл. Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұра. Егемендігіміздің арқасында еңсесі тіктеп, күре тамырын тереңнен бойлаған төл тіл. Бүгінгі таңда бізге ана тілінің уызына қаныққан, ұлттық мұраны құрметтейтін, іскер, шығармашыл, дүниетанымы мол, зиялы да шабытты тұлғаның қажет екені белгілі.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деді. Бұл, шынында да, қарқынды дамып келе жатқан ел үшін өзекті мәселе. [Полиязычное образование в Республике Казахстан: стратегия и развитие]. Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сессиясында: «Елдің түрлі өңірлерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыта отырып, үш тұғырлы тіл қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс» - делінген болатын. Бір адамның өз ана тіліне қанық болуы шарты астында өзге бір ұлттың тілін жетік игеріп, сол ұлт азаматтарымен ойдағыдай тіл табыса білуін үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өмірде өзге бір ұлттың тілін игерген адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, күллі мәдени құндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Адамдардың қазіргі ай сайын алға ілгерлеп, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерісшең өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін, қос тілді болып қана қалмай, қайта көп тілді болуы төтенше қажеттілікке айналуда. Бұлай істеу әр азаматтың өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді болу кез келген адамды кең өріске, тың өмірге бастайтын жол есептелмек. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Бүгінде оқушыларымыз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетті. Сол жас өскіннің өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап- тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру- бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс- тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет. «Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- біздің басты міндетіміз. Осы міндетті өз басым орыс тілді мектепте театр студясын жүргізіп өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін, мемлекеттік тілді театр өнері арқылы меңгертіп жатырмын деп ойлаймын.

    Театр өнері арқылы орыс тілді мектепте оқушыларға қазақ тілінде  білім беру және тәрбиелеу мәселесі қазіргі таңда мектеп өмірінде және елімізде ең өзекті мәселелердің бірі. Өзектілігі сол біріншіден,елбасы Н.Ә. Назарбаев: Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде саяс-экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ

ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен. Қоғамның осындай дарынды адамдарға қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.[Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр.]Екіншіден жоғарыда атап өткендей көптілділік, яғни өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін театр өнері арқылы үйрету, театр өнері арқылы тілге деген қызығушылықтары оянып, соның нәтижесінде тілді меңгеру үрдісі жылдамырақ болады. Үшіншіден, жоғарыда елбасымыздың сөзімен айтқанда саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасыр ды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру мәселесін қалай шешу  барысында үнемі толғандырған сұрақтар қысқа уақытта тілді қалай меңгертуге болады, оқушылардың тілін және ойлау қабілетін  қалай дамытуға болады, сөздің сырын түсінуіне қалай үйретуге болады, қайырымдылыққа, бүкіл тірі жан атуына деген сүйіспеншілігін қалай тәрбиелуге болады? Осы сұрақтар мектепте театр студиясын жүргізуме де басты себеп болды.

    Бұл театр студиясы қаламыз бойынша бастауыш мектепте қазақ тілінде жүргізілетін жалғыз ғана  театр студиясы.

    Театр өнері балаға не береді, оның маңыздылығы неде деген сұрақ төңірегінде көпжылдық тәжірбиеден ой қозғасақ, алдымен театр өнері баланың эмоциональды ашылуына, қымсыну мінезен арылуына, сөз мағынасын сезіне білуге және көркем бейнелей білуге, қиялдай, ойлап құрастыра білуге үйретеді, өзіне деген сенім, өзіндік ой – пікірін қымсынбай еркін жеткізе білуге тәрбиелейді, көрінбей жатқан, тіпті өзі де байқамаған бойындағы ерекше қабілеттерді ашады, танымдық қызығушылығын дамытады.Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін  оятып, адамның ізгі қасиеттерін тәрбиелейді. Балалармен бірлесе жұмыс істеудің ең маңызды сәті- тәрбиелік жұмыс болып табылады. Бұл жұмыстың басты түйіні ұжымды құру  мен бекіту. Бұған себеп болатын жалпы дайындықтар, актерлік шеберлікті меңгеретін сабақтар, сахналық тіл, сахналық қозғалыс,  дұрыс грим жасау, жалпы мерекелерді дайындау және өткізу, қатысу. Ұжымда өте маңыздысы қарым – қатынас. Ұжымдық жұмыс тек жан – жақты эстетикалық  дамуға себепші болмайды, сондай – ақ  оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, өзін ұстай білуді үйретеді . Педагогтың міндеттерінің бірі - өте ыңғайлы жағдай жасау. Ұйымшыл шығармашыл ұжым баланың өз білімі мен білігін толықтырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін біртұтас сезінуге көмектеседі. Сұрақты өзіндік шешуіне арналған педагогтың мақтауы, үнемі тапсырма беру, әңгімелесу,

кішілерге әрқашан көмек беру өзіне деген сенімділігін молайтады және өзіне деген қанағаттанарлық сезімін сезінеді.  Сабақта ойынға үлкен мән беріледі. Ойында қиын жағдайлар туындап қалады. Бұның өзі балалардың үлкен

парасаттылықпен шешуіне және әрекет етуге итермелейді. Ойын тәртібін орындауға бәрі міндетті. Сонда балалар әділдікті сезінеді. Ойын барысында бір

– бірін төмендету, ренжіту, бір – біріне ауыр сөздер айтуға , әділетсіздікке, тұрпайлыққа жол берілмейді. Олар әрқашан өзара көмекті, адалдықтты, мейірімділікті, қолдауды  жоғары бағалайды. Ойынның тәрбиелік мәнін бағалау қиын. Ойынның басқа қызметі – қозғалыс дағдылары жетіледі. Театр студиясы күнделікті сабаққа қарағанда оқу әрекетін ұйымдастырудың тіптен басқа түрі. Мұнда оқушы дайын білімді ала салмайды, ол білімді өзі өндіріп алады, өзі құрайды. Үйірмеде барлық балалардың назары мына тапсырмаларға бағытталған: өзі құрастыру, сабақтың логикалық құрылымын жетекші оқушылардың танымдық әрекеті арқылы жүзеге асырады: Тапсырманы орындаудың әдісін, керек қарқынын, құралын жұптаса, жеке, топтаса отырып өздері таңдайды.бір-біріне деген сенім, оқушылар мен жетекшінің бірлесе жұмыс атқаруы, жеке оқушының тәжірбиесіне сүйену, басқа өнер түрімен байланыс – оқушының жеке даму қабілетін дамытады, оқушының өз біліміне сүйенуіне, тәжірбие арқылы өтуге көмектеседі.Өз сенімі арқылы шындықты көруіне жетелейді. Өсу, көру, міндеттеу, сосын іздеуді ұйымдастыру - оқушылардың қызығушылығын күшейтеді. Өз ойларын, жоспарларын, өз жұмысының нәтижесін айтады.

    «Театр – өмір айнасы» атты театр студиясы өз жұмысын 2006 жылдан бастап, орыс тілді мектепте 1-4 сыныптар арасында (қазақ тілінде) жүргізіп келеді. Алдымен, әрине театр үйірмесі бойынша бағдарлама құрастырылды. Бағдарлама бойынша үйірменің жұмыс жоспары құрастырылды. Бағдарлама бірнеше бөлімдерден құрылған. Бағдарламаның мақсаты- баланың эстетикалық білім құралы арқылы жеке үндесімді дамуы, оның көркемдік- шығармашылық білігінің дамуы, актерлік өнерге қызықтыру, актерлік өнердің қыр – сырын түсіндіру. Бағдарламаның міндеттері - оқушылардың фольклорлық этно -мәдениеттік білімдерін толықтырып,  актерлік шеберліктерін шыңдау. Халқымыздың ғасырлар бойғы сан мыңдаған сындарынан өтіп, бізге жеткен тарихын, мәдениетін, салт – дәстүрін, әдебиетін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең құрметтеуге үйрету. Дайындық кезінде тәрбиенің бір негізі –  имандылық және адамдық, адамшылық қарым – қатынас жолдарына жетелеп, тәрбиелеу. Баланың жеке шығармашыл дамуына қажетті жағдай тудыру. Жалпы мәдениетті қалыптастыру. Театр өнері туралы білім мен тәжірбие жинақтау.

Қазақ халқының театр өнерінің тарихи дамуы мен   ерекшелігін таныту үстінде әр ұлт өкілдерінің балаларын сыйластыққа, ынтымақтастық сезімге тәрбиелеу, жетелеу. Бағдарламаның өзектілігі: «Театр - өмір айнасы» театр үйірмесінің бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқушылар театр туралы толық кешенді білім мен нақты білікке ие болады, өзін жан-жақты дамытады, өмірді түсіне бастайды, үлкендерше ой қорытуға бейімделінеді, өнерді құрметтей білуге үйренеді, салыстыра білуге үйренеді, жақсы мен жаманды шынайы айыра білуге үйренеді.

 Біледі:

-                                          Театр деген не?

-                                          Басқа өнер түрлерінен театр немен ерекшеленеді?

-                                          Театр өнері неге керек?

Түсінігі болады:

-                                          Сахналық құрал жабдықтар туралы.

-                                          Сахнаның безендірілуі туралы.

-                                          Көрермен залында және сахнада өзін қалай ұстау туралы.

Біледі:

-                                          Өз ой – қиялын керекті жеріне жұмсай біледі.

-                                          Бейнелі ойлай білуді.

-                                          Өз назарын бір жерге жинақтай біледі.

-                                          Сахна кеңістігінде өзін сезіне біледі.

-                                          Фрагмент сюжеттің құрама бөлшегін біледі.

-                                          Негізгі ойды анықтай біледі.

Дағдыларды қалыптастырады:

-                                          Серіктестестерімен дұрыс қарым – қатынас жасай білу.

-                                          Актерлік шеберліктің әдіс – тәсілін.

-                                          Қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білу.

-                                          Ұжымдық шығармашылық.

-                                          Өз ойын еркін жеткізе біледі.

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:

 -                 қазақ тілінен деген қызығушылықтары артады;

-                                          театр өнері туралы мағлұматтары кеңейеді;

-                                          өзіне деген сенімі артады;

-                                          жауапкершілік, міндет  парызын түсінеді;

-                                          ұжымда жұмыс істей білуге үйренеді;

-                                          ой- өрісі кеңейеді;

-                                          басқаның ойымен келісе білуге үйренеді;

-                                          әдепті сөйлей білуге үйренеді.

-                                          ынтымақтастық сезімге тәрбиелеу, жетелеу.

    Әр халықтың ертегілерінің желісімен қойылымның сценарийін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай отыра жазамын. Театр студиясының қорында «Оқу құралдары» ертегісі, қазақ халық ертегісі «Қарлығаштың ұясы», қытай халық ертегісі «Бұлбұл», кәріс халық ертегісі «Қарлығаш», ағылшын ертегісі «Жұлдыз бала», қазақ халық ертегісі «Қайым батыр», қуыршақпен көрсетілетін өзім құрастырып жазған «Адасқан пингвин» ертегісі, «Дәрігер кенгуру», «Достар» ертегілері.

    «Театр – өмір айнасы» атты театр студиясының осы жылдарға дейін жеткен жетістіктері:

  1.   «Жұлдыз бала» қойылымы қалалық телеарналарда көрсетілді.
  2.   2011 жылы облыстық «Өзін – өзі тану» курсы бойынша өткізілген әдістемелік күн іс –шарасында «Жұлдыз бала» қойылымы қала мұғалімдеріне, облыстан келген қонақтар назарына ұсынылып, жоғары бағаланды.
  3.   2010 жылы әдістемелік күн іс – шарасында қала мұғалімдерінің назарына «Бұлбұл» қойылымы ұсынылып, жоғары бағаланды.
  4.   2012 жылы қалалық Дельфий ойындары сайысына қатысып І-орынды иеленді.
  5.   2015 жылы Халықаралық сайыста « Ең үздік сценарий» номинациясы бойынша «Жұлдыз бала» ертегісі  бойынша І – орынды иеленді.
  6.   2015 жылы Жалпыресейлік «Медалинград» атты сайыста «Үздік сценарийлер» номинациясы бойынша «Бұлбұл» ертегісі бойынша ІІІ- орынды иеленді.
  7.   2015 жылы Жалпыресейлік «Медалинград» атты сайыста «Үздік сценарийлер» номинациясы бойынша «Адасқан пингвин» ертегісі бойынша лауерат атанды.
  8.   2015 жылы Жалпыресейлік «Медалинград» атты сайыста «Үздік сценарийлер» номинациясы бойынша «Дәрігер кенгуру» ертегісі бойынша лауерат атанды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.                            Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.
  2.                            Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
  3.                           Полиязычное образование в Республике Казахстан: стратегия и развитие.
  4.                           ҚР- нің президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы, 2012ж.
  5.                           Безымянная. О., Школьный театр, М, 2001
  6.                           Каришев-Лубоцкий, Театрализованные представления для детей школьного возраста. М., 2005
  7.                           Ершова А.П. Уроки театра в школе.

Н.Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек» «Егемен Қазақстан». 31 мамыр.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения