Ергалиева Нагима Уткелбевна
Должность:география пәні мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан Астана
Регион:Қазақстан Астана қаласы
29.11.2015
0
637
0

Жел өрнегі





 

Ергалиева Нагима Уткелбаевна 

 

№14 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі   

 

Пән: Физикалық  географиясы

Сабақтың реттік саны:46

Күні:26.02.2015

Сынып:6 «ә», 6 «ғ»

Оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жел, негізгі түрлері және себептері,ауа массалары

Сабақтың мақсаты: 

Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары, табиғаттағы маңыздылығы туралы білім алу, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алу.

Міндеттері:

1. Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары,табиғаттағы маңыздылығы, тіршілік үшін алатын орнын түсінуіне, сипаттама жасай  алуына мүмкіндік беру.

2.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.                                                               

3.Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, экологиялық  тәлім арқылы адамгершілікке, елін-жерін сүю арқылы  патриоттыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары,табиғаттағы орны жөнінде  білім негізі қалыптасады.

Болашақта алған білімді өмірде қолдана білетін болады.

   Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: оқытудағы жаңа тәсілдер,  СТО, диалог, ОБ, ОЖЕ, ДТ, ОБК.

 Пәнаралық байланыс: биология, математика, физика,

  Көрнекіліктер: Оқулық (оқу құралдары),үлестірмелі материалдар, карта,  суреттер, слайд, 

Негізгі түсініктер:

Жел,бриз, ауа массасы

Өткен сабақпен байланысы:

Атмосфера тарауы

Бағалау: формативті және критериалды бағалау

Сабақ барысы

 

Мұғалімнің рөлі

 

Оқушының рөлі

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, қызығушылықты ояту, сыныпта психологиялық ахуал тудыру.Бағалау парақтарын таратамын.

 

Топтастыру

«Амандасу- әдептілік белгісі» (1мин)

Сәлем, привет, хай, ниххоу,бонжур

Сөздер  бойынша топтасады

Үй тапсырмасын тексеру:

 

  Үй тапсырмасын оқушылар өзара сұрақтар қою арқылы сұралынады. (3 мин)

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Ой қозғау.Жұмбақ жасыру. (1 мин)

Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады.  (жел)

Оқушылар жауап берген соң, мұғалім сабақтың мақсаты мен міндетін айтады.                

Жаңа сабақтың тапырмалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білу» тапсырмаларын беру.     (2 ұпай)

І.Топтық жұмыс.       (5+5 мин)

Жел, Себептері, Ауа массалары, Жел өрнегі,Пайдасы мен зияны

 

 «Түсіну»             (4 ұпай)    (2 +1 мин)

Жеке жұмыс. Географиялық диктант

Бриз сөзі......деген мағына береді.

Ауаның горизинталь бағытта қозғалуын ....... деп аталады. тәулік ішінде бағытын екі рет өзгертетін  желдер........Желдің жылдамдығы мен бағытын ..... өлшейді. Желдің пайда болу себебі-...............

 

«Пайдалану»  (6 ұпай)  (2+1 мин)

Жұптық жұмыс.Анықта.

Желдің соғу бағытын анықта?

А 740 мм – Б 750 мм  (Б дан А)

А 763мм – Б 758мм (А дан Б)

А 754мм – Б 752 мм (А дан Б)

(жұптасып орындайды, тақтадан тексереді.)

 

 «Талдау»  (4,6,8 ұ) оқушыларға оқулықтан деңгейлік  тапсырма беремін:

 І деңгей. Термин сөздер. (2+1 мин)

Жел, бриз, муссон, самум, боро, желбағар,тарнодо

 ІІ деңгей. Тұрақты желдерді  атап, бағытын анықта. (2+1 мин)

Бриз, муссон

 ІІІ деңгей. Кестесін толтыр  (2+1мин)

Желдің пайдасы

Желдің зияны

 

 

 

 

 

«Пайымдау» (10 ұ)  (3+1 мин)

Топтық жұмыс. Географиялық есеп.Жел өрнегін салу

Егер оңтүстік –батыс желі бір айда- 4 кккүн, батыс желі 7 күн, солтүстік желі 6 күн, шығыс желі 1 күн, оңтүстік - шығыс 5 күн, солтүстіктен 3 күн соқса, тымық күндер саны қанша? Жел өрнегін салу керек.
Жауабы:
1) О - Б 4 күн * 0, 5 см = 2 см
2) Б       7 күн* 0, 5 см = 3, 5 см
3) С       6 күн * 0, 5 см = 3 см
4) Ш     1 күн * 0, 5см = 0, 5 см
5) О - Ш  5 күн*0, 5 = 2, 5 см
6) О         3 күн *0, 5 =1, 5см
26 күн жел соққан.
Бір айда 30 күн болса, тымық күндер саны: 4.

«Бағалау.»  (12 ұ)    (5+3 мин)

Өзің тұрған жерде желдің күшін пайдалану жобасын жаса.

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта не ұнады?

Бүгінгі сабақта не ұнамады?

Қандай ұсынысыңыз бар?  

 

 Стикерлерді тақтаға жабыстырады, өзін-өзі бағалау парақтарын толтырады.

 

Сергіту сәті

« Табиғат тамашасы»  (1 мин)

Жаттығулар жасайды

Бағалау

Оқушылардың бағалау парағын салыстыра отырып, бағаланады.Бағаларын оқушыларға айтып отырып қояды.

Оқушылар өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды.Мұғалімнің бағасын күнделікке қойдырады.

Үй тапсырмасы

 

§30-оқу, мазмұндау, желді пайдалануға болатын жайлы мәліметтер жазу

 Оқушылар күнделікке жазып алады.

       

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения