Ташкенбаев Нуржол Ташкенбаевич
Должность:учитель информатики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Шардара
24.11.2015
0
286
0

Алгоритм ұғымы

 

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s

 

Тақырыбы: Алгоритм ұғымы.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білімдік

Жаңа білім

•       Алгоритм терминін таниды.

•       Алгоритм жазу жолдарын үлкен екі категорияға жатқызады.

 

Жаңа түсінік

•       Алгоритмді графикалық түрде жазудың кейбір элементтерін айырып таниды.

•       Алгоритмді орындау мысалын келтіреді.

 

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

•       Қатесі бар алгоритмдерді өзгертеді.

•       Алгоритм ұғымына сәйкес келетін жағдайларды көрсетеді.

 

Талдау әрекеті

•       Логикалық есептерді шешуде алгоритм ұғымының рөлін ерекшелейді.

 

Шығармашылық әрекет

Ғылымда және тұрмыста маңызы бар мәселелерді шешу арқылы алгоритм ұғымын толығымен түйіндейді.

 

Құндылық

Бағамдау әрекеті

•        Өмір алгоритмдерден тұратындығының түсіндірмесін береді.

•       Математикадағы есеп шығару ережелері мен алгоритмдер арасындағы байланысты анықтайды.

 

Сабақ құрылымы:

 

 

І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

 

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру

 

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық

 

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

 

 

•  Жаңа терминологиямен таныстыру

•  Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету

•  Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

 

 

• Алгоритм, программа, блок-схема, алгоритмнің сөз түріндежазылуы, алгоритмнің график түрінде жазылуы

 

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

 

•  Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

•  Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

•  Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

 

Ақпарат көздері:

 

 

1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. В.Федосеева, Ю.Базанова. Алгоримты в нашей жизни. Ақпарат көзі:http://900igr.net/kartinki/informatika/Algoritmy/048-Algoritmy-v-nashej-zhizni.html

3. Алгоритм и его свойства. Ақпарат көзі: school.baltinform.ru/files/3/documents_28420_file.ppt‎

4. С. Яковлев. Что такое алгоритм.... Ақпарат көзі: http://school10-rasskazovo.narod.ru/INFO/site-alg/algoritm.htm

 

Оқушы жетістігін бағалау:

 

 

•       Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

 

Үй тапсырмасы:

 

 

• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Анықтамаларды жаттау, өмірде кездесетін 2 алгоритм мысалын және математикада қолданатын 1 алгоритм мысалын келтіру.

 

 

• Бонус-балл тапсырмасы

Биология, география пәндеріде кездесетін алгоритм мысалдарын келтіру

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

 

 

 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

 

                 

Тақырып жоспары:

  1. “Алгоритм” терминінің анықтамасы, шығу тарихы
  2. Алгоримді күнделікті өмірде қолдану, мысалдар
  3. Алгоритмді жазу жолдарына қысқаша шолу
  4. Алгоритмді информатика, математика және логикалық есептерді шешуде қолдану, мысалдар

Слайдтар:

1-слайд                                Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения