Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
17.11.2015
0
374
0

«Қайда жүрсем, Атамекен»(халқымның сазды әуендері)

Қазақстан,Жамбыл облысы,Шу ауданы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Әсем» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Тәрбиеші

Кисадилова Ш.М.

Мақсаты:«Атамекен »әуені арқылы туған елін , жерін,рәміздерді білуге үйрету.Қазақ халқының  ұлттық аспаптарыментаныстыру арқылы қазақ халқының куй өнері мен және компазиторы Әбдімомын Желдібаевтың«Ерке сылқым » күйімен таныстыру  арқылы эстетикалық қабілеттері мен адамгершілік сезімдерін дамыту.

Методикалық әдіс тәсілдер:атамекенәні арқылы музыкаға тәрбиелеу , тұсаукесер, бейне таспа,сұрақ жауап алу.

Полингвалды компонент : ту- флаг- ,Отан –Родина –

Ұйымдастыру кезеңі:

         Балалар музыкамен  залға   кіреді. Сәлемдеседі .  Шеңбер болып турады .

         Тәрбиеші:

-         Балалар бүгінгі оқу- іс әрекетіміз ерекше болады.

Бізге көп  қонақтар келіпті . Кәне бәріміз шаттық  шеңберін  жасап бір-бірімізге достық  журек –

жылуын  сыйлайық .

Балалар  орнымызға  отырмас  бұрын    <<Атамекен >>  әнін орындайық.

Балалар   әнды  орындайды.

Тәрбиеші:

-Атамекен   деген  сөзді  калай  түсінесіңдер ?

Балалар :

-Ол біздің ..... жеріміз, суымыз,  туған  жеріміз......

Тәрбіеші:

-Біз кандай  Республикада  тұрамыз?

Балалар:

-Біз  Казақстан  Республикасында  тұрамыз.

Тәрбиеші:

-Казақстан  Республикасының  Елордасы қай қала ?

Балалар:

-Астана.

Тәрбіеші :

-Казақстан  Республикасының  елбасы  кім?

Балалар :

-Біздің елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев .

Тәрбиешы:

-Енді  маған  Казақстан  Республикасының   рәміздерін  атап  беріңдерші .

Балалар:

-Әнұран – гимн-, Ту- Флаг-, Елтаңба-герб-Тұсаукесер  << Атамекен >>.

-АТАМЕКЕНІМІЗ  ЯҒНИ ОТАНЫМЫЗ  КЕҢ  БАЙТАҚ  ЖЕР  ЕКЕН

Балалар  Отан, рәміздері  туралы тақпақ  кім  біледі .

Балалар  тақпақтарын  оқиды

              Отан

Отан – деген  Атамекен ,

Отан – деген туған  жер ,

Отан – ана

Отан- үлкен ,

Казақстан – туған  Ел!

 

             Рәміздер

Рәміздерім – елдігімнің  белгісі ,

Білу керек  бала  дағы ең кіші ,

Рәміздерім – Елтаңба  ,Ту , Әнұран

Рәміздерді  жатқа  білген жөн кісі.

                  Отан

Отан-  менің  тірегім ,

Отан –менің журегім ,

Отан – менің отбасым

Отан –менің туған жер.

-Балалар – ән  дегеніміз  сөзі  бар  мәтіні  бар музыкалық  шығарма .

Әннің сөзін  кім  жазады. Сазгер –композитор , ақын жазады .

Ал куйді  шығаратын  адамды  куйші  деп  атаймыз .

Біздің  ауданамызда , Төлеби  ауылы мәдениет  уйі  бар. Ол мәдениет  уйінде

әншілер  ,бишілер  кызмет  атқарады .Олардың  бәрі  әр  түрлі аспаптарда ойнайды .

Сол мәдениет  үйінде  атақты  сазгер , әйгілі күйші  ӘБДІМОМЫН ЖЕЛДІБАЕВ

кызмет  атқарады. Енді сол  күйші туралы  Бейнетаспа  көрейік.Экранға назар аударайық.(Әбдімомын Желдібаев туралы бейне таспа)

-Әбдімомын желдібаев атамызқасиетті домбырамен-қыздарға арнап «Еркесылқым»

күйін шығарған.

Қыздардың Еркесылқым биі.

Тәрбиеші:

-Қазақ халқының музыкалық аспаптар оркестірінде домбыра,қобыз,даңғыра,сылдырмақ,асатаяқ және тағы басқа да ұлттық аспаптар бар,сондықтан күйдің ерекше әуені  де естіледі.туған жердің дауысы мен иісін бірден тануға болады.

Экранға  назар аударайық. Ұлттық аспаптар туралы бейнетаспа көру.

Тәрбиеші:

-Балалар аспаптар туралы кім тақапқ біледі?

                       Домбыра

 Домбыраның кұлағын

Мәнерімен бұрағың,

Достарыңды ертіп  кел,

Содан кейін шертіп көр.

               ****

Даңғыраны ұр қатты

Дәл қайтала ырғақты,

Тоғайда көп тоқылдақ

Үні естілді тоқылдап

Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ.

          ****

Сылдырмақты ұр қатты,

Сылдырлайды үн қатты,

Сылдыр-сылдыр сылдырмақ

Сылдырмағым сылдырлап.

 

Сергіту сәті«Қара жорға»

Ғажаып сәт:Әнші балапан келді,сиқырлы күйдің  кілттері бар.

-Тапсырманы орындасақ бір керемет куй шығады.

Тапсырмалар:

1.Сұрақ тапсырма:Қазақстан рәміздерін атап шығу

2.Сұрақ тапсырма:Төле би ауылының композиторының аты-жөні , шығармасы?

3.Сұрақ тапсырма: Музыкалық аспаптарды атап шығу

4.Сұрақ тапсырма:Музыкалық  шығарма түрлерін атап шығу

5.Сұрақ тапсырма:Блингвалды компонент:Рәміздерді және музыкалық аспаптарды екі тілде атп шығу

Балалар сұраққа жауап берд.

Тәрбиеші:

-Балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар енді оркестірдің орындауында

«Еркесылқым » Күйі

Оқу іс-әрекетін қортындылау:Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения