Қожакеева Гүлназ Әбубәкірқызы
Должность:Биология және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Павлодар
Регион:Павлодар облысы, Павлодар қаласы , Ленин кенті
09.11.2015
0
416
3

Өзін-өзі танудан сабақ жоспары " Аялай біл, сен деп соққан жүректі"

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп :33 ЖОМ       Мерзім:      Мұғалім: Қожакеева Г.Ә.

Сынып: 7        Оқушылар саны : 24  

Сабақтың тақырыбы: « Аялай  біл,  сен деп  соққан  жүректі»

Құндылық: « Сүйіспеншілік»

Қасиеттері: Мейірімділік, Жақсылық, Қамқорлық

 

 

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың   бойына  жақын адамдарына деген құрметін  сүйіспеншілік арқылы  ұғындыру.
Сабақтың   міндеттері:

Білімділік:Оқушыларға мейірімділік, жақсылық, қамқорлық қасиеттері туралы түсінік беру

Дамытушылық: Оқушылардың мейірімділік, қамқорлық таныту, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелеу:Оқушыларды мейірімділікпен жақсылық жасауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер,ватман,маркер, ән мәтіні

Сабақтыңбарысы:    Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен  амандасып, оларды түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау,

5 оқу құралдарын  түгендету.

5 Т – ережесі «Тәртіп  , талап ,   тыныштық,    тазалық ,   татулық»

Балалар ережені  есімізге түсіріп , сыныптағы  тәртіпті сақтап, оқып-білуге талаптанайық,тыныштықты орнатып,  тазалықты  сақтайық , бүгінгі күнімізді  татулықпен  өткізейік.

Тыныштық сәтi.  Нұрға бөлену    Әуен

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек — қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір — түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 65- бетіндегі  Р.Ақдемірдің   «Ана махаббаты» атты мәтінді   үйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы әңгімедегі ерекше естеріңде қалған , риясыз сүйіспеншіліктің көріністерін суретке  салып келу тапсырылады.  (Оқушылардың үйден салып келген суреттерін  талқылау).

Сұрақтар:

- Балалардың  саяхаттан  бас тартуларының  себебін қалай түсіндірер едіңдер?

- Отбасындағы  жарасымдылықтың сыры неде?

- Осы мәтіннен балалардың  риясыз сүйіспеншіліктері  қалай көрінді?

- Ананың балаларына деген риясыз сүйіспеншілігі қалай байқалды?

 

 

 

 

3.Дәйексөз:

 «Адамның жақсысы - адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

Абай Құнанбаев

-Абай Құнанбаев  атамызды  есімізге түсірейікші, оның қандай шығармаларын білесіңдер?

- Жақсы адамдар қандай адамдар?

- Адамға сүйіспеншілікпен қарау дегенді қалай түсінесіңдер?

- Сүйіспеншілік  дегенді қалай түсінеміз?

 Қорытынды: Әрбір адам өзіне, ата-анасына, Отанына сүйіспеншілікпен қарайды. Әлемдегі барлық жақсылық сүйіспеншілік арқылы келеді.

  

Дәйексөзді оқушыларға бір –екі рет қайталатып, жатқа айтқызып, дәптерге көшіріп жазғызамыз.

 

 

 

 

4.Оқиғаларды әңгімелеу.   (Сұхбат)

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол — мен!

Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

-Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

- Жоқ!

-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Сұрақтар:

1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?

2.Ана өз сүйіспеншілігін  қалай көрсетті?

3. Риясыз  сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Қорытынды:

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейірім алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   5.   Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар   3-топқа бөлінеді.

1-топ     «Ана»  тақырыбына арналған өлеңді толықтыру керек.

Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

………………… таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды ……………,

…………….. бір-бірінен көмекті.

 

Ауырмашы мәңгі соқсын ………..,

………….. қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп …………….,

Қалайша сен барда мен қартаямын?

 

Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

Әрқашанда таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды адамдар,

Аямайды бір-бірінен көмекті.

Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің,

Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп аяладың,

Қалайша сен барда мен қартаямын?

2-топ   Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып «Ана - өмірдің — гүлі,тіршілік басы» шағын эссе жазу.

Тірек сөздер:

Аяулы, ардақты, алақаны, ақсүті,мейірімді,қымбат,мәпелеген, әлдилеген, кең пейіл,қамқор , күн шуағы, нұр шашады.

3-топ  «Ананың  мейірімі» тақырыбында сахналап көрсету.

 

 

6.Топпен ән айту.

             Ана туралы жыр .      

Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

 

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Өтеуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді
Қайырмасы:

Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал

 

 

 

       7.     Үй тапсырмасы.

№ 16- сабақ: Мәтінмен жұмыс.                  С.Байжановтың  «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу.

Дәптермен жұмыс.  «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер?»  ойтолғау жазып келу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения