Шоканова Асель
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:казахстан
Регион:не указан
07.11.2015
0
594
1

Сабақ жоспары "Менің отбасым"

Ақтөбе облысыМұғалжар ауданы

Қандыағаш қаласы    № 3 мектеп-гимназиясының

мектепалды даярлық класының тәрбиешісі ШОҚАНОВА А.И.

 

Білім беру саласы: ҚАТЫНАС

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы:Менің отбасым

Мақсаты:1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру

2. Отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үйдің макеті, отбасы мүшелерінің суреті.

Қостілділік компонент: семья- отбасы

Шаттық шеңбері:  Ынталандыру. Сезімді ояту.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті, міне, бойларың

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті боп өсеміз.

Ғажайып сәт.(Үйдің макеті жасырынып қойылады, беті жабық)

-         Балалар, мына жасырынып тұрған не? (Балалар әр түрлі жауаптар айтады.)

-         Кәнеки, олай болса ашып  көрейік. Ия, ол үй екен, не үшін керек?

-         Онда адамдар тұрады.

Негізгі бөлім:

- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мына суретке назар аударайықшы, кімдердің суреті?

-         Ата, әже, әке, ана бала.

-         Отбасы – ең жақын адамдардың ошағы, бір шаңырақ астында жақын тату- тәтті, сыйластықпен, ынтымақпен тұратын  адамдар тобы.

 Отбасы мүшелеріне – ата, әже, әке, ана, бала жатады.

-         Саусақ жаттығулары арқылы санамақ айтады.

Бас бармағым- әкем,

Балаң үйрек – апам.

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек- мен.

Титтей бөбек– сен

 

 

Сөздік жұмысын жүргізу

Нағашы ата- анасының әкесі

Нағашы әже- анасының анасы

Немере – ұл- қыздарынан туған бала.

«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

-         Балалар, менің кім туралы айтып тұрғандарымды ойланып табыңдар.

-         - Ақ сақалды, өте мейірімді, бау- бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

-         - Ата.

-         - Өзі өте мейірімді, ақ шашты, жылы сөзін аямайтын, қолғап, шұлық тоқып беретін кім?

-         - Әже.

-         Тақтаға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші жағына биік таудың, бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреті ілінеді.

Тәрбиешінің көмегімен мақал құрастырылады:

Әке- асқар тау,

Ата – етегіндегі бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру.

Мысалы: ардақты әке, аяулы ана, ақылды бала т.б.

Сергіту сәті:

Атам жылқы бағады / Бір орнында тұрып, шабу /

Ағам пішен шабады. /Шөп шаққандай қимыл жасау/

Жеңгем сиыр сауады. / Отырып қолдарын қимылдатады/

Әжем киіз қағады. /Қолдарын алға жайып, қимыл жасау/

Дәптермен жұмыс. 1. Шатасқан жолдар арқылы әженің үйіне баратын жолды бояу.

2. «Кім жоқ?» дидактикалық ойыны

Қорытынды: Сұрақ – жауап әдісі арқылы тақырыпты бекіту.

Отбасы деген не?

Отбасы мүшелерін ата.

Балаларды мадақтау.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения