Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
15.02.2013
0
1687
0

Антонимдерді оқыту әдісі

Регион: Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск

Арал көпсалалы колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Гүлхан  Шарапатқызы Тілепова

Антонимдерді  оқыту әдісі

 

 

      Сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасын салыстыру үшін қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен омоним,синоним,антоним сөздерінің берілу жайын,грамматикалық белгілерін көрсетіп,оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінен жағдай жасаған жөн.Әсіресе бұлайша түсіндіру дерексіз ұғымды білдіретін сөздердің лексикалық мағынасын ашып түсіндіруге қажет болады.Өйткені оқушылар үшін дерексіз ұғымдардың мағынасын ашу деректі ұғымды  аңғартатын сөздердің мағынасына қарағанда әлдеқайда қиын.

     Сөздердің лексикалық және грамматикалық белгілерін салыстырып  түсіндіргенде ,әрқашан  талданатын сөз сөйлем ішінде,контексте ғана  қарастырылуы керек.Өйткені жеке тұрған сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары беймәлім болып келеді.

   Мысалы:егеу,жамау,сабау,жабу,оқу т.б. сияқты сөздер бірде – зат есім , бірде етістік болып қолданылуы  сөйлем ішінде ғана байқалады.Сондай-ақ алыс , жақын сөздерін бір-бірімен салыстырып,қашықтықты білдіретін антоним  сөздер екенін бірден аңғартуымыз мүмкін.Бірақ алыс сөзінің етістік ретінде қолданылуы еске түсе бермейді.Ал бұлар сөйлем ішінде анық көрініп тұрады.Олай болса,сөзді сөйлем ішінде(контексте) қарастыру оқушыларға әлдеқайда жеңіл болады.

     Антонимді оқытқанда көңіл бөлетін нәрсе – антоним сөздердің қатар қолданысы мәтіннің көркемдік қуатын арттыратын қарама-қарсы  ұғымдағы сөздерді салыстырмалы  сипатта жұмсау шешендіктің ең үздік тәсілдерінің бірі болған. Мұндай тәсіл суреттеп отырған заттар мен құбылыстардың қасиеттерін  айқын көрсетіп ,әсерлі жүргізген.

     Құбылыстарды қарама-қарсы  қойып суреттеуге оқушыларды төселдіру үшін халық ауыз әдебиетіндегі үзінділерді, шешендік сөздерді пайдалану керек. Мысалы: «Ер тарғын»  жырындағы  Ақжүніс пен Қарт Қожақтың сөйлесуі, Байдалы бидің  «Ағасы бардың, жақсы болса, жағасы бар».

Төле бидің «Халқыңа әділ бол» т.б. шешендік сөздері осындай материалдарды оқытып, талдатып, оқушылардың көңіл күйін , ақындық / поэтикалық деген мағынада шартты алынып отыр/.Шабытын көтеріп тастағаннан кейін өздері де мысал келтіруге дайын болады.Мысалдарды оқушыларға таныс ортадан, белгілі нәрселерден іздестіру қажет.

     Мысалы: ақ қар – кара жер, ыстық бу – суық су, жылы қабақ – салқын қабақ, ақ жүрек – қара жүрек т.б.

     Осылайша тура мағыналы және ауыспалы мағыналы тіркестерді айқындауыштық сипатта кеңейтуді тапсырған жөн: қараңғы түн – жарық түн; тастай қараңғы немесе көзге түртсе көргісіз, батыр адам – қорқақ адам т.б.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения