Аширалиева Пернегул Каржаубаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
06.11.2015
0
705
1

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік - тұғырым"

 

 

 

Астана қаласы 

№20 орта мектеп

қазақ тілі мен  әдебиет пәні мұғалімі

Аширалиева Пернегүл Қаржаубайқызы

 

Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

Мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанында Алматы алаңына ақ пейілмен шығып, үкімет басшыларынан саяси сауаттылықты, адалдықты, адамгершілікті талап еткен студент, жұмысшы жастарымызды қарақшылықпен жазалаған қара пиғылдардың өздеріне құлақкесті құл болғандарды қалай жарылқағандары туралы мағлұмат беру.

 

Көрнекілігі: шарлар, плакаттар.

Барысы:

Әнұран орындалады.

1 - жүргізуші.

Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 70 жыл бойы қыл бұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешіп, қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

2 - жүргізуші.

Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын - сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді. Сол желтоқсан құрбандарын бүгін 4 - класс оқушылары құрметпен еске алып, олардың рухына бас иеді.

1 - жүргізуші.

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнім

Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның

2 - жүргізуші.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді

Ел болсақ деп талпындың

1 - оқушы.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пен Сәбира

Құрбаны болған жаланың

2 - оқушы.

Желтоқсан – жастық қазбалап тегін сұрама

Анартау тектес атылмай бір күн тұра ма

Осылай халқым созылған тура үш ғасыр

Ойналып бітті драма

3 - оқушы.

Желтоқсан – жеңіс. Желтоқсан – ұлы жаңалық

Нохат деп оны нәубетке қойған саналық

Жәнібек, Бұхар, Абылайдан қалған бар болсын

Азаттық, Елдік, Даналық!

4 - оқушы.

Біз отанды қаралауға бармадық

Сол үшін де қолға қару алмадық

Қайта қолда қаруымыз сөз болып

Біз отандық Әділетті қорғадық

5 - оқушы.

Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің

6 - оқушы.

Оянды, халқым, оянды

Асырды іске қиялды

Ел көзін ашты баяғы

Босашы дейін баянды.

7 - оқушы.

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

 

Ән: «Қарабауыр қасқалдақ»

 

8 - оқушы.

Өсер елдің қай кезде де бірлік болмақ қалауы.

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.

9 - оқушы.

Жібердік еркін ат басын

Қиянат жанға батпасын

Тоқырау таңын күйреттік

Деп «Теңдік күні батпасын!»

10 - оқушы.

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Жасайық басты бауырлар

Жанайық жансақ маздап біз.

11 - оқушы.

Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күй жаққан күн

Базары кетіп бір түнде

Қайғыға халық батқан күн.

12 - оқушы.

Әр қазақтың есінде сақталады.

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

13 - оқушы

Мұрат еткен бабалар

Теңдік елес болған шақ

Қалмасын деп балалар

Бостандықта болашақ

Жас Қайраты қазақтың

Шықты алаңға құрған сап

Тәуелсіздік! Азаттық!

Бостандық - деп ұран сап.

14 - оқушы

Бас алаңды ел жосқан

Жастар қаны жуған түн

16 - шы желтоқсан

Тәуелсіздік туған күн.

 

Ән: «Желтоқсан желі»

 

Көрініс «Қайратты тергеу сәті»

Қайрат:

Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың

Балағаттайсың мен ешқандай түсінбедім

Жазықты емес қайталай берем несіне

Оқып көр мына өлеңді түнде түсірдім!

Тергеуші:

Түкірдім мен жырларыңа

Ит не деген өткір едің

Ине сұқтым тырнағыңа

Өлердей ғып тепкіледім

Қайрат:

Мойындата алмайсың адал - арым

Көзің жетіп болды ғой бағалағын

Меңсіз едім жақпасаң маған қасқа

Отыз жеті емес бұл замандасқа

Тергеуші:

Байқа 87 бұл бүлігі көп

Өтпексің ғой қылмыстың дүбірі боп

Тілді безеп өзің айт маған десең

Савицкийді өлтірдің алаңда сен

Қайрат:

Бітер екен осы бір кеңсе қашан

Инженерді көргем жоқ мен ешқашан

Өлтіргем жоқ, құдайым,

Достар куә!

Тергеуші:

Аһ, баскесер, тағы да басталды ма,

Періштедей бейкүнә жұтынасың

Куә халық, қалайша құтыласың

1 - жүргізуші.

Тұрыңдар сот келеді.

Тергеуші.

Сот процесі басталады.

1 - куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ. Сіз алаңда Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?

1 - куәгер. Боламын. Өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз менде қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол - ұлтшыл. Қайрат оңбаған.

2 - ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?

2 - куәгер. Рас - рас. Ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды.

Тергеуші:

Қ. Рысқұлбековке сөз беріледі.

Қайрат.

Мен ұлтшыл де, кінәлі емеспін.

Сот.

Барлық куәгерлерді тыңдай отырып, Қ. Рысқұлбековты айыпты деп табамыз.

Қайрат.

О, халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім бар.

Ақтық сөзі.

Әкетай – ау пайғамбардай жасың бар.

Туа бермес сіз секілді асылдар

Қартайғанда жүрегіңді жаралап

Кесір болды - ау мен секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым

Сіздерге кім бұл өмірде тең келер

Сүмірейтіп сот алдында отырған

Бауырыңды енді кімдер есіркер

Айналайын, қарындасым, қарағым

Қолда кісен мен айдауда барамын

Қайғы жеңіп, азап тартқан ағаңды

Айтшы жаным қайдан ғана баладың

Айналайын, інішегім, құлыным

Сені ойласам үзіледі жұлыным

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай

Кетіп барам мен айдауда құлыным.

Күнәдан таза басым бар

21 - де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

Автор:

Қайрат Семей түрмесінің 21 - камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпанда қайтадан ақталды. Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.

2 - жүргізуші.

Ендеше сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Автор.

Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы 17 желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылып, желтоқсан оқиғасын зерттеу комиссиясының төрағасы Мұхтар Шаханов жастарға арнаған жалынды өлеңін оқыды.

1 - жүргізуші.

Бүгінгі тәрбие сағатымызға келгендеріңізге көп - көп рахмет.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения