Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
15.02.2013
0
1226
0

Ісімізбен ілгері басайық!

Регион: Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск

Арал көпсалалы колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Гүлхан  Шарапатқызы Тілепова

Ісімізбен  ілгері басайық!


       «Қилы-қилы заман болар,қарағай басын шортан шалар»-деген екен ұлы Бұқар жырау атамыз. Тәуелсіздік алдық дегенмен,әлі де арып,тоны тозып жүрген сала-оқу-тәрбие.

    Сондықтан бүкіл оқу-тәрбие жұмысының мазмұны ұлттық сананы қалыптастырудан басталу керек. Өз халқының  тарихын,әдебиетін,мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін жете меңгермеген ұрпақ шала туған төл сияқты.

    Сондықтан   «Біздің идеологиямыздың мазмұны мен мақсаты,халқымыздың ауыз бірлігі мен ынтымағына негізделеді»-деген президент нұсқауын басшылыққа алу керек. Олай болса,бізде енді бір 20-25 жылдан кейін қазіргі жас ұрпақ қазақ елі деп аталатын ортақ үйіміздің қара шаңырағына уық боп шаншылып,мемлекетті басқарудың тұтқасын қолына алады деп қарауымыз керек. Кескін-келбеті мен болмыс-бітімі сан құбылып,қилы өзгерістерді басынан кешіріп отырған осынау қиын заманда көш соңында қалып қоймай,өзгелермен терезесі тең,іргелі ел болуы үшін білімді де білікті әрі іскер жастардың бірнеше ұрпағы өсіп жетілсе,солар ғана еліміздің елдігін сақтай алады.

    Ел үшін еңіреп туып,халық қамын ойлайтын болашақтың кемеңгер ойшылдары да осылардың арасынан шығары сөзсіз. Кемелденген қуатты қоғам орнатамыз десек,ең алдымен сол қоғамның басты байлығы,ұлттық мәйегі- жас ұрпақ тәрбиесін бір сәтте естен шығармауға тиіс екенімізді сезінуіміз керек.

    Қазақстанның тұңғыш  президенті Н.Назарбаев саясаты кемел ұрпақ үшін жарқын болашақ бастауының даңғыл жолы екендігін түсіндіру әрбір ұстаздың міндеті деп түсінемін.

    Тәуелсіз елдің әрбір ұрпағы ұлтар мен ұлтарды бір-бірімен ерекшелеп тұратын қасиет ұлттық өнеріміз дей отырып өзімнің шәкіртімнің мына бір өлең жолдарын келтіргім келді:

     Бостандықты бағалай біл, жас ұлан!

     Бостандықты бағалай біл, жас ұлан!

     Келген жоқ ол оңайлықпен тосыннан.

     Тәуелсіздік сенің ұлы қазынаң.

     Қадірлей біл,дұшпаннан сен жасымнан.

 

     Басынан бұл қазақтың нелер өтті,

     Жамандық пен жақсылық бәрі кетті,

     Жиырмасыншы ғасырды шыңдаған соң,

     Аңсаған еркіндікке қолы жетті.

 

     Мехнат,Зардап,жамандық жақсылық та,

     Қолын бұлғап қалсын өткен ғасырда.

     Ол бір тарих,сырғып өткен сағымдар,

     Еске аламыз қазіргі өмір ағымда.

 

     Заманы өтті он алтының біздің бастан,

     Азап көрдік,аштықтан да,сұм соғыстан,

     Соның бәрін жеңіп шықтық бір тілекпен,

     Ұлтым азат,болсын еркін Қазақстан!

      Заман өтті сексен алты қатал қыста

      Дауылда да, дабылды сұм желтоқсан,

      Сонда да оны жеңдік сол тілекпен,

      Ұлтым азат, болсын еркін Қазақстан.

 

      Сол бір жылы тоқсан бірдің қысында,

      Елім менің еркіндікке қадам басқан,

      Сол қазағымның Қайратының  арқасында

      Ұлтым азат,болды еркін Қазақстан.

 

      Тәуелсіздік туы көкке желбіреді .

      Халқым менің шаттық үнге кенелді.

      Содан бері бүгін міне,он жыл бопты

      Еркіндіктің еңсесін тіктегелі.

 

   Егемен еліміздің жарқын болашағы үшін,оны болашақ жеткіншегін тәрбиелеу оқу -тәрбие саласының ең жауапты саласының бірі.Оның жанды дәлелі ретінде ,өзімнің өткізген тәрбие сағатымды оқушымның шығармасын алға тарта отырып , шәкірттерімді тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы екендігін түсіндірдім.Оқушымның бұл шығармасы Тәуесіздігіміздің 10 жылдығында Менің Қазақстаным .Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған жалпы білім беретін кәсіптік мектеп пен колледж олқушыларының таңдаулы шығармалар топтамасында жарық көрді.

Астана: Алматы кітап , 2001 – 240 бет.

Қазақтың салт-дәстүрін төрт түлік мал қасиетін сезіндіретін «Ата кәсібі – бала нәсібі» деген тақырыпта ата-аналарды қатыстыра отырып дөңгелек стол өткіздім.Мұндағы мақсатым ,жас ұрпақты адал еңбегімен өмір сүруге бейім ,іскер адам тәрбиелеу.Болашақ ана, қазіргі қазақ қыздарына тән ісмерлік істер ,ұлттық тағамдар туралы күнделікті айта жүріп «Сүт және онан өндірілетін тағамдар»деген тақырыпта ашық сабақ өттім.Ауыл шаруашылығын дамыту тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына үлкен үлес екенін сезіндіре отырып «Азаматтың жақсысы әкенің ақылымен,жаманы ақшасымен күн көреді» деген тақырыпта оларды өз-өзіне сын көзбен қарап әрбір іс әрекетіне есеп беруін ұғындыру барысында топтар арасында жарыс өткізіп , пікір талас кешін өткіздім. «Тілім- тірегім» деген тақырыпта тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына сәйкес аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы А.Трахановпен бірлесіп оқушылар арасында кездесу ұйымдастырып тіл туралы мағұлымат бердік.  «Жақсы іске бастаса да,әбүйір бастайды.Жаман істен сақтаса да,әбүйір сақтайды» демекші қазіргі жартылай жалаңаштанған қыз- жігіттердің әрекетіне сәйкес ,ұлттық киім оның жарасымы ,ұят деген түсінікті қалыптастыру мақсатында өзара пікір алысамыз.Отанға деген сүйіспеншілік ,туған жер тақырыптарына оқушылар шығармашылығын ұйымдастырып отырамыз.Негізінен , мұғалімдер мен ата-аналардың міндеті –жастарды  өнер-білімге ,адамгершілікке тәрбиелеу. «Халық айтса , қалт айтпайды»,демекші жас ұрпақ бойына халықтық педагогиканың айтар бар заңдылықтарын егу ұстаз деген ұлы есімге міндет.Ол өзінің бойындағы қазынасын шәкіртері үшін жұмсайды. Өмір үлкенге де, кішіге де ұстаз.Сондықтан бұл іске баса назар аударған жөн.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения