Досжанова Ботакөз Нұрханқызы
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:кызылорда
02.11.2015
0
635
3

Flash бағдарламасында электронды презентация жасау





Мазмұны

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

1. Flash бағдарламасы мүмкіндіктері

2. Flash бағдарламасында электронды презентация жасау

 

ІІІ. Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Flash бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең бірінші екі нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар векторлық графика негізінде анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал – саймандар пайда болды, осының әсерінен Интернетте Flash құралдары арқылы жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл бағдарлама тек төртінші нұсқасы жасалған кезде ғана танымал болды. Оған қуатты иілгіш құрал – ActionScript тіл сценариі қосылды. Осы кезде Flash технологиясы негізінде жасалынған Web – сайттарының саны күрт өсті. Ал 2000 жылдың тамыз айында Macromedia компаниясы шығарған Flash бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал – саймандар, көптеген кітапханалар қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез келген адам қолдана алатын болды. 

Қазіргі күштің талабына сай, интернет арқылы үлкен көлемді ақпаратпен алмасуы, соның ішінде анимациялық (қозғалыстағы бейнелер қатары) ақпаратпен жұмыс істеу үлкен көлемді жадыны қажет етуіне байланысты, мәліметтердің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін Flash технологиясын пайдалану тиімді болып табылады.

Flash технологиясының негізгі векторлық графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес,  SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі.

SWF қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық – программалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM компьютерлері).

Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады.

Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator.

SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі көп әсерін тигізді. SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі,  Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы.

Мультимедиялық презентациялар құру үшін -  Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін — Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін — Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder.

Сондықтан да Web – публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін — Macromedia Flash болып табылады.

 

ІІ. Негізгі бөлім

1. Flashбағдарламасы мүмкіндіктері

Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады. 

Flash бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді енгізе алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).

Flash бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.

Flash бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де сүйемелдене алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай-ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан кезде).

Flash бағдарламасы арқылы автоматты түрде Flash роликтері қолданылатын веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде Flash роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. Flash жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, Flash бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар. 

Үш өлшемді сценалар немесе редактрленген дыбысты қолдану үшін болашақ роликтің фрагменттерін мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс болады. Дегенмен Flash бағдарламасы (әсіресе графика – анимациялық бөлімінде) кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады. 

Flash бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары бірден кез келген программист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.

Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым операцияларды Flash бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл қоланушы интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.

 

2. Flash бағдарламасында электронды презентация жасау

 

         Интернет арқылы үлкен көлемді ақпаратпен алмасуы, соның ішінде анимациялық (қозғалыстағы бейнелер қатары) ақпаратпен жұмыс істеу үлкен көлемді жадыны қажет етуіне байланысты, мәліметтердің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін Flash технологиясын пайдалану тиімді болып табылады. Macromedia Flash-ң осы мүмкіндіктерін пайдалана отырып "Әлемнің жеті кереметі" тақырыбында төмендегідей жоба дайындалды. Электронды презентация іске қосылған кезде сегіз батырмадан тұратын титулдық бет ашылады.

 

         Алғашқы жеті батырма әлемдегі жеті кереметтің атымен сәйкес келеді. Жеті кереметтің тақырыбы жанындағы батырманы шерткен кезде сол керемет туралы мәлімет шығады. Ал "Қосымша материалдар" батырмасы әлемдегі жаңа жеті керемет туралы мәлімет беріп өтеді. Әр жеті кереметтің өзіндік беті бар. Әр бетте кереметтің аты, суреті және түсіндірмесі орналасқан. Беттің төменгі жағында үш батырма орналасады. Бірінші батырма алдыңғы бетке, екінші батырма мазмұнға, үшінші батырма келесі бетке өтуге арналған.

         Негізгі беттегі "Авторы" батырмасын басып, жобаның авторларын көруге болады.

         Flash бағдарламасында қосымша "Музыкалық клавиатура" және "Суретті боя" ойыны жасалды. Музыкалық клавиатура 13 батырмадан тұрады. Әр батырманы тышқанмен немесе пернетақтадағы сәйкес пернесін шерткенде батырма өзіне тән дыбысты шығарады. "Суретті боя" ойынында қылқаламды ұстап тұрып кез келген түсті таңдап, салынған суреттің белгілі бір тұсына барып, тышқанды шертсе, сәйкес түске боялады.

 

ІІІ. Қорытынды

Менің алдыма қойған тапсырмам интерфейсі қолдануға ыңғайлы, түсі қанық, әдемі электронды презентация жасау. Flash бағдарламасы осындай жұмыстарға ыңғайлы болғандықтан Flash ортасын қолдандым. Оның каскадты анимациямен жұмысы, сценарийлерді қолдану ыңғайлылығы, құрылымды мәліметтер қорымен байланысы және көптеген бар және алда болатын қарапайым элементтері кез-келген программистті қызықтырмай қоймайды. Қарапайым ActionScript сценарийлерін қолдану арқылы анимация жасау өте қызықты деп есептеймін.

Flash редакторында анимация жасаудың ыңғалайлылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Себебі бұл редактор дүниежүзіндегі №1 орынды алып отыр. Қолданғанда өте жеңіл, өте ыңғайлы және мүмкіндігі шексіз. Қазіргі шығып жатқан нұсқаларында тіпті кез-келген платформаларға арналған қосымша құру мүмкіндігі бар.

Қорыта келгенде, қазіргі ақпараттық технологияның дамыған шағында барлық кез келген мультимедиалық технологиялармен жұмыс жасау, яғни оның ішінде интернетпен, электронды почтамен, компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.

Телекоммуникация технологияларын  қолдана отырып бұл материалдарды пайдалану кезінде компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін және интернет сонымен қатар электрондық почтаны және т.б. меңгеруге болады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Литтлджон Бинджер. “Сети и коммуникации на основе Cisco Systems”, 2004, издательство “BHV”.

2.     Г. Миллер. “Коммутация пакетов и каналов”. Пособие для системных администраторов. Издательство “Ноллидж”, 2003 г.

3.     Крис Касперски. “Хакинг: в шутку и всерьез”. Издательство “Роадстар”, Москва, 2001 г.

4.     Р. Гардиан. “Прикладное программирование для сетей Unix”, 1998 г., Киев, “КГУ-Диалог-Наука”.

5.      «Глобальные сети: информация и средста доступа» — издательство ПГТУ.

6.     Гиттель Э., Джеймс С., «ISDN просто и доступно» — 1999 г.

7.     Олифер В.Г., Олифер Н.А., «Компьютерные сети. Принципы,   технологии, протоколы» — Издательство «Питер» 2000 г.

8.     «Microsoft TCP/IP: Учебный курс.» /официальное пособие Microsoft для самостоятельной подготовки/ — 1998 г.

9.     DemiArt.ru форумы

10.Уикипедия ашық энциклопедиясы

11. www.info-tses.kz   сайты

12. mongolianislam.mn  сайты

 

13. szh.kz  сайты

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения