Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
15.02.2013
0
9477
2

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Год: 2013 

Байымбет Жанар

№16 М.Горький атындағы орта мектеп, Қазалы қаласы

 

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

 

    Қазақстанның білім беру жүйесін модернизациялау стратегиясында білім беруде құзырлылық тәсілді енгізу қажеттілігі жөнінде айтылған, өткени ол мұғалімнен оқушыға білім, білік, дағдыны қарапайым түрде ғана беру емес, ол педагогтың кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі педагогтардың ойынша өмірлік маңызы бар құзырлылықтардың әр адамға болуы оларға қазіргі қоғамда бағдар жасауға көмектеседі, тұлғаның қазіргі уақыт талабына сай әрекет ету қабілеттерін қалыптастырады.

    «Құзырлылық» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе, бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «...өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалым Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді.»

     «Құзырлылық» түсінігі – бұл оқыту үрдісінің тұлғаның басты (базалық, негізгі) және пәндік құзырлылықтарының қалыптасуына бағдарланған. Бұл үрдістің нәтижесі ретінде адамның жалпы құзырлылығының қалыптасуын айтуға болады, ол басты құзырлылықтарының жиынтығы, түлғаның кіріктендірілген сипаттамасы болып табылады.

    Құзырлылыққа бағдарланған тәсілдері:

Танымдық құзырлылық:

  • оқудағы жетістіктер;
  • интеллектуалдық тапсырмалар;
  • оқи алу білігі және білімді пайдалана білуі.

Тұлғалық құзырлылық:

  • жеке қабілеттері мен талантын дамыту;
  • өзінің күшті және әлсіз жақтарын білуі;
  • рефлексия жасау қабілеті;
  • білімнің үдемелілігі.

Өзіндік білім алу құзырлылығы:

  • өзіндік білім алу қабілеті, өзін – өзі оқытудың өзіндік тәсілдерін ұйымдастыру;
  • жеке білім алу қызметінің деңгейіне жауаптылығы;
  • тез өзгеру жағдайында білім, білік, дағдыларды пайдалану икемділігі;
  • үнемі өзіндік талдау, өз қызметін бақылау.

Әлеуметтік құзырлылық:

  • ынтымақтастық, командада жұмыс істей білу, коммуникативтік дағдылар;
  • өзіндік шешім қабылдау қабілеті өзінің қажеттіліктері мен мақсаттарын түсінуге ұмтылу;
  • әлеуметтік тұтастық, қоғамда тұлғаның рөлін анықтау білігі;
  • тұлғаның сапалық қасиеттерінің дамуы, өзін – өзі реттеу.

 

 

Өзінің денсаулығына құзырлы қатынас:

  • Соматикалық денсаулық;
  • Клиникалық денсаулық;
  • Денінің сау болуы (физическое здоровье);
  • Валеологиялық білімдерінің деңгейі.

Құзырлылық міндеті:

  • оқушылардың дамуына, өзіндік дамуына жағдай жасау;
  • өнімді білім, білікті игеру;
  • бүкіл өмір бойына өз білімін толықтыруға деген қажеттілікті дамыту.

  Оларды орындауда мұғалім төмендегі келтірілген ережелерді есіне сақтау қерек:

Белсенділікті қалыптастыру үшін уақытты да, күшіңізді аямаңыз. Бүгінгі белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі.

Оқушы білім алуға, оқу – таным қызметің өнімді әдістерін игеруге көмектесіңіз.

Әңгімелеп айтқан білмейтінін, практикада қолданатын адам білетінін есіңізге сақтаңыз.

Оқушыларды және өздігінен әрекет етуге үйретіңіз.

Шығармашылық ойлауды проблеманы жан – жақты талдаумен дамытыңыз, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен шешіңіз, жиі шығармашылық есептерді жоспарлаңыз.

Оқыту үрдісінде әр оқушының жеке қабілеттерін есепке алыңыз.

Өз пәніңізден ашылған жаңалықтар бойынша ақпаратты біліңіз.

Білім ол үшін өмірлік қажеттілігі екенін түсінуге үйретіңіз.

    Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан қазіргі педагогика ғылымы – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда.

    Сол технологиялардың бірі – ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін – өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.

    Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5 – 6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шуғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Ойында баланың қарым – қатынасы кеңейіп,таным қабілеті өседі, мінез – құлық қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза,жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ.

    В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген.

    Ойын барысында оқушылар өздеріде байқамай әр түрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтап отырып тапсырмаларды нақты орындауға тырысады.

    Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері, жауапкершілік толық сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш жігер, мінез – құлық тәрбиеленеді. Көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептер, ахуал жағдайлары,сайыстар балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.

    Даярлық топ оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін өзімнің сабақтарымда ойын элементтерін көп пайдаланамын.

    Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Мағжан Жұмабаев: «Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла.»

     Ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс – әрекет. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы: сюжеттік, рөлдік, қимыл – қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әркайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.

    Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сізіну, қабылдау сияқты үрдістер дамиды. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістік, уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын  қалыптастырады. Мысалы, математика сабақтарында ойындар арқылы оқушылар әр түрлі амалдар мен жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар математикалық сипаттағы қиыншылықтарды меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Сауат ашу сабақтарында, көркем әдебиет шығармаларын оқуда сөз белгілі бір заттың, жеке айналадағы құбылыстың әрекетін білдіретінін және өз ойын жеткізуде мағынасына қарай сөзді дәл сәйкестеп табу керектігін саналы ұғындырумен баланың тілін дамытуда тілдің дыбысталуы мәдениетіне тәрбиелеудің алатын орны ерекше. Бұл ойындар жай ғана емес, оқу ойыны болып табылады.

    Мен өз тәжірибемде көп қолданатын дидактикалық ойындар төмендегідей: Математикада:

«Орнын тап»

 

 

Мақсаты: Түсті, геометриалық пішіндер туралы түсінік беру. Сәйкестік табуға үйрету.

Шарты: адасқан кішкентай пішіндерді сәкес ойықтарға салу.

 

«Ойнайық та ойлайық»

Араның туған куні болады. 1-ші жыбырлап 3 қоңыз келді. Асығып 2 көбелек ұшып келіп есік қағады. Сырнайлатып  1 шегіртке келеді. Шай ишіп отырғанда кешігіп ұшып келіп дастарханға инелік жайғасады.

СҰРАҚ?  Араның туған күніне неше қонақ келді?

 

 

 

    Сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында:

 «Зообаққа орналастыр»

Мақсаты: балаларда антоним сөздері туралы түсінік қалыптастыру. Жабайы аңдардың дене бітіміне қарап, зообаққа орналастыру, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Шарты: зообаққа әкелінген аңдарды тиісті торларына орналастыру қажет.

 

 

«Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: заттардың қасиеті туралы білімдерін пысықтау.

Шарты: ойыншықтар үстел үстіне қойылады. Бір бала сатушы болады. Сатып алатын бала ойыншығының атын атамай, оған ауызша сипаттама береді.

 

 

    Қимыл – қозғалыс ойындарына да ерекше мән беріп отырамын. Қимыл ойындардың айрықша бағалылығы балалардың жалпы қимылының жетіле түсетіндігінде. Мұндай жағдайда балалардың түрлі топтағы бүлшық еттері жетіледі. Қимыл ойындардың бәрі балалардың қимылының жеңіл де әсем және батыл да сенімді болуына бағытталған.

«Өрмекші мен шыбындар»

Мақсаты: қимылдарының нақтылығы, төзімділігін, тұрақтылығын дамыту.

Шарты: санамақтың көмегімен басқарушы – өрмекші тандалып алынады, балалардың қалғандары – шыбын болады. Өрмекші бір бұрышта тұрады, шыбындар ұшып жүреді. Сигнал бойынша шыбындар тына қалады сол қалпында тұрып қалады да қимылдамайды. Өрмекші айналып жүріп кімнен болсада кішкене қимылды сезсе, оны өзіне алып кетеді.

    Ал қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан – ұрпаққа қалаған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойының ойнап отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан – жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.

    Баланың ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы саусақтарының ұсақ бұлшық еттерімен, қолдарының қимыл үйлесімділігімен тығыз байланысты екенін ескерген жөн. Сондықтан да баланы жан –жақты дамыту яғни тілін, танымдылық қабілеттерін, саусақ бұлшық еттерін дамытуда құм терапиясы қолдану өте тиімді, қызықты, әрі тартымды болады. Баланың құммен ойнағанда тактильді – кинестикалық сезімі және саусақ бұлшық еттері дамиды. Яғни бала ұстап сезу, тері арқылы «тегіс - үшкір», «құрғақ – дымқыл», «жылы – суық», «қатты – жұмсақ»тағы басқаларын сезеді. Оларды орындай отырып бөбек қолдарының қимыл үйлесімділігін мен саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге ерікті зейінін, есте сақтау, көру және ойлау қабілеттерін дамытады және өз әрекетін бақылауды үйреніп, алдына қойылған міндеттерді орындау барысында тапжылмай жұмыс істеуге дағдыланады, ынтасы, талабы артады. Қоршаған орта құбылыстары, заттар туралы түсінігі тереңдеп, өз қабілетін мүмкіндігі сезінеді.

 Ойын түрлері: «Саусақ санамақ», «Кім шапшан?» түрлі саусақ жаттығулары.

     Ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады, көрнекіліктер тартымды болса балалар қызыға қатысады. Оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттерінің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + қиял.

Зейін

     Қажетті ақпаратты алу және артығын ығыстыру үдерісін сипаттайтын маңызды қасиет. Ол нақты қасиеттерге ие: көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы, таңдамалылығы, бөлінуі, алмасуы және ырықтылығы. Айтылған қасиеттердің әрбіреуі бұзылса, баланың мінез – құлқы мен іс – әрекетіне ауытқушылықтар болады. Зейін бөлу қабілеті нашар дамыған, бала бір уақытта бірнеше жұмысты қатесіз орындай алмайды. Зейін ырықтылығы жеткіліксіз, тағы басқа ауытқулар.

     Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыстар қажет. Мұндай жұмыс екі бағыт бойынша жүруі тиіс:

1.      Зейіннің негізгі қасиеттерін жаттықтыратын арнайы жаттығуларды қолдану.

2.      Жеке тұлға қасиеті ретінде зейінділікті қалыптастыру жаттығуларын қолдану.

Қабылдау

    Қоршаған әлем туралы ақпараттың шамамен 80%-н бала көру арқылы қабылдайды. Мектепалды даярлық жастағы балаларда көріп түсіну және қабылдаудың рөлі зор. Балаларда барлық талдағыштардың түрлері едәуір қалыптасқан, олардың негізінде сезімталдық түрлері дами түседі. Қабылдаудың дамуы мектепалды даярлық жасына дейінгі балаларға объектінің қасиеттерін тануға, бір затты екіншісінен ажыратуға, олардың арасындағы байланыс және арақатынастың бар екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Ес

    Мектепалды даярлы кезең есте сақтау және қайта жаңғырту қабілеттерін дамытуды күшейтумен сипатталады. Ес мектепалды даярлық жастағы балаларда ырықты сипат түрінде болады. Балалар өз алдарына есте сақтау міндетін қоя алмайды және ересектер мұндай тапсырманы қайта жаңғыртпайды. Сондықтан жаңа білім бала үшін қандай да бір маңызы болуы керек – осы ақпарат оның қызығушылығын қаншалықты оята алса, оны соншалықты жақсы есте сақтайды. Есті дамыту және ынталандыру арнайы жаттығулар мен ойындар ықпал етеді.

Ойлау

    Баланың ойлауы – ересектердің ойлануынан ерекшеленетін басты күрделі процесс. Балалардың ойлауы белгілі кезеңдерде қалыптасады:

1-Кезең. Көрнекілік – әрекетті ойлау. Бала өз іс – әрекетіне қарапайым тапсырмаларды орындайды – айналдырады, тартады, ашады, басады. Іс жүзінде ол себеп – салдар байланыстарды анықтайды, өзінше жасап көреді, қателеседі.

2-Кезең. Көрнекілік – бейнелі (Нақты – заттық) ойлау. Бұл кезеңде балаға қолымен әрекет жасаудың қажеті жоқ, ол егер қандай да бір әрекет жасаса, не болатынын бейнелі (көрнекілі) елестетуге қабілетті.

3-Кезең. Сөздік – логикалық (абстрактілі - логикалық)ойлау. Балалар үшін ең кұрделі – ойлау процесі. Мұнда бала нақты бейнелермен емес, керісінше, кұрделі анық түсініктермен, айтылған сөздермен әрекет жасайды.

Қиял

        Мектепалды даярлық жастағы кезеңде қиял функциялары аса белсенді дамуымен ерекшеленеді. Ол балаларға ертегідегі бейнелер мен оқиғаларды шынайы қабылдауға мүмкіндік береді. Психикалық бейненің кез келген формасы сияқты фантазияны дамытудың позитивті бағыты болуы керек. Ол енжар арманшылдыққа ұласып кетпей, шындық өмірді қиялданумен ауыстырып алмай тұрғанда, қоршаған ортаны жақсы тануға, жеке тұлғаның өзіндік ашылуына және өзіндік жетілуіне көмектесуі керек.

 

р/с

Балалардың аты – жөні

Зейін

Қабылдау

Ес

Ойлау

Қиял

1

Адил Жансая Айбековна

-

+

+

+

+

2

Акадил Ерасыл Русланович

+

+

+

+

+

3

Амангелды Аян Омарович

+

+

+

+

+

4

Жанарал Акбота

Талгатовна

+

+

+

+

+

5

Кетебай Аксункар Ракымбековна

+

+

+

+

+

6

Куттыбай Жибек Ренатовна

+

+

+

+

+

7

Макашова Сулушаш

+

+

-

+

+

8

Мендулла Рысты Муратовна

+

+

+

+

+

9

Нурбеков Данияр

+

+

+

+

+

10

Нурдаулетова Раушан

+

+

+

+

+

11

Нуржан Нурдаулет Жасуланович

+

+

+

+

+

12

Ролланкызы Нурай

+

+

+

+

+

13

Тенелбай Дина Рахымжановна

+

+

+

+

+

14

Токсейит Улбосын

+

+

+

+

+

15

Шакуали Акбота Ганиевна

+

+

+

+

+

16

Шалмаханова Сабрина Сакеновна

+

+

+

+

+

17

Ыбрагим Шайхыислам Асаналиевич

+

+

+

+

+

18

Усербаев Алимхан Куанышович

+

+

+

+

+

 

 

     Қорытындылай келе, балалардың белсенді іс – әрекеті дамытудағы ойындар, жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар арқылы балалардың бастамашылығын, байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, дарындылығын, қабілетін, шығармашылығын дамыта отырып бала бойына құзырлылықтарың қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білу.

    Балаларды бір – бірімен, үлкендермен жағымды қарым – қатынаста, ұйымдаса ойнауға, өзгенің пікірімен санасуға, тәртіпті болуға, жеке өз бетінше әрекет етуге, емін – еркін демалуға тәрбиеленеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      К.С.Құдайбергенова Құзырлылық білім сапасының критерийі:әдіснамасы және ғылыми теориялық негізі. А.,2008.

2.      Б.Р.Аймағанбетова, А.А.Бейсенбаева. Жеке адамның дамуы. Алматы 1991ж.

3.      Жас ерекшеліктеп педагогикасы. Қ.Р.Б.және ғылым министірлігі С.А. Мусаева, Т.Б. Бегалиев «Фолиант» баспасы Астана-2006.

4.      Тіл дамыту әдістемелік құрал. Алматы кітап 2008

5.      Мектепалды даярлық №2 2011

6.      Қ.Р.Б.және ғылым министірлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Ойнайық та, ойлайық»

 

Скачать

zhanar-baiymbet.doc [124,5 Kb] (cкачиваний: 164)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения