Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
13.02.2013
0
4066
0

Сабақтың тақырыбы: Құстарды мүсіндейміз.

Қызылорда қаласы

№ 197 қазақ орта мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Әлібекова Нұргүл Орынтайқызы 

 

Сабақтың тақырыбы:

Құстарды мүсіндейміз

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: мүсін өнері туралы түсінігін кеңейту, түрлі мүсіндеу тәсілдерімен танысу, бедерлі мүсіндеуді үйрену

ә) дамытушылық: мүсіндеу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру; байқағыштығы мен зейінін дамыту; қол ептілігіне жаттықтыру.

б) тәрбиелік: мүсіндеу арқылы эстетикалық тәрбие беру; табиғатты аялауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.

IV. Сабақ әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру.

V. Сабақ көрнекілігі: Слайдтар: құс бейнесі суреттерінің көшірмесі, фотосуреттер, ермексаздан жасалған мүсін үлгілері.

VI. Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру сәті.
  2. Құстар туралы әңгіме.
  3. Ермексаздан есілген ширатпалармен мүсіндеу әдісін көрсету.
  4. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
  5. Сабақты қорытындылау.

VII. Сабақ барысы:

Құс суретінің көшірмесі мен фотосуреттеріне қарап, құстар жайлы, құстардың пайдасы туралы әңгімелесу.

            Жер бетінде қанша құс бар? Өте көп, тек біздің еліміздің өзінде ғана құстардың мыңдаған түрлері кездеседі. Олар ауылда, қала, тауда, су қоймаларында – барлық өңірде тіршілік етеді. Құстар адамға пайда әкеледі. Құстар болмаса, зиянкес жәндіктердің кесірінен егін шықпай қалады.

            Слайд-шоу – құс фотосуреттерін көрсету.

 

 

 

 

 

Өткен сабақтарда мүсін өнерімен танысып, мүсін жайлы түсінік алдық.

-          Мүсін дегеніміз не?

-          Мүсіннің қандай түрлерін білесіңдер?

-          Мүсін дегеніміз –  тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер.

-          Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін.

Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.

Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.

 

Жұмыр мүсін

 

Бедерлі мүсін

 

Слайд-шоу – құстар мүсіндерін көрсету.

Сабақтың тақырыбы: Құстарды мүсіндейміз.

 

Жұмыстың орындалу реті:

  • Қатырма қағазға құс суретін жай қарындашпен салып аламыз.
  • Түрлі-түсті ермексаздан ширатпалар есіп дайындаймыз.
  • Ширатпаларды құс бейнеленген сызықтар бойымен жапсырып, оның ішін өз қалауымызша құстардың толық бейнесін беретін әртүрлі өрнектермен толықтырамыз.

Ермексаздан есілген ширатпалармен мүсіндеу әдісін көрсету.

 

Өзіндік жұмыс

Жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтарымызды даярлайық: түрлі-түсті ермексаз, жұмыс тақтайшасы, қалақшалар, қатырма қағаз, жай қарындаш, жұмыс соңында қол сүртуге арналған шүберек.

 

Тапсырма: Ширатылған ермаксаздан құс мүсінін мүсіндейміз.

Жеке жұмыс кезінде оқушыларға мынадай кеңес беру:

-          ермексазды қағазға жағып, негіз дайындау кезінде бет біркелкі шығуы үшін ермексазды бірдей қалыңдықта жағамыз, себебі ширатпалар негізге түзу және әдемі орналасуы керек;

-          түсі бір-біріне қарама-қарсы екі ермексаз бөлігін араластыра отырып, ермексаз ширатпаларын әр алуан етіп жасауға болады;

-          құс денесін өрнектермен толықтырған кезде оның пішінін бүлдіріп алмауға тырыс.

 

Сабақты қорытындылау.

Қорытынды сұрақтар:

  • Қандай құстарды білесіңдер?
  • Құстардың қандай пайдасы бар?
  • Мүсін түрлерін атаңдар.

Оқушы жұмыстарына талдау жасау, үздік жұмыстарды мадақтау, оқушыларды бағалау.

 

_____________________

Скачать урок

stardy-msndeymz-otkrytyy-urok.doc [9,16 Mb] (cкачиваний: 38)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения