Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
20.10.2015
0
609
0

Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Қазақстан,Ақтөбе облысы,Ақтөбе қаласы
№34 орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі
Сағынтаева Ғалия Сағынтайқызы

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін есептер шығарта отырып меңгерту.

    Оқушылардың математикалық білімдерін, іскерлік пен машықтық жүйесін терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету.

Ә) Дамытушылық: Математикалық заңдылықтар мен логикалық ережелерді меңгеру деңгейін байқау, одан әрі жетілдіре түсу.

    Математиканың, есептеудің өмірдегі маңызын түсіндіре отырып оқушылардың экономикалық сауаттылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

    Сабақ барысында математика тілін пайдалану арқылы тіл мәдениетін, сөздік қорын молайту.

    Әрбір топты өз бетінше шапшаң есептей білу дағдыларын, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке енгізе отырып, материалды жан-жақты түсіндіріп, логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық қызметі мен түсініктерін дамыту, зейіні мен байқағыштығын дамытуға ықпал жасау.

Б) Тәрбиелік: Сабақ барысында өзара бағалау арқылы оқушыларға кері байланыс жасауға, бір-бірінен білім алуға, бір-біріне қолдау көрсетуге, талқылауға, түсіндіруге, бірін-бірі сынауға мүмкіндік беру, жауапкершіліктерін арттыру.

    Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, математика пәнін құрметтеуге, өз еңбектерін бағалауға, достыққа, топтық жұмыс арқылы бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

   

Сабақтың түрі:  аралас сабақ (топтық жұмыс)

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, хабарлау, ой қозғау, сәйкестендіру, талдау, СТО стратегиялары, практикалық, ассоциация, түсіндіру, көрнекілік, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс, сараптау, қорытынды жасау.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, слайдтар, сызбалар, суреттер, үлестірме қағаздар, тірек сызба.

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

 

І топ

Ғылымның сырын ұғына

Шығамыз білім шыңына,

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді біздерді

Математика сырына.

 

І топ

Ұқыпты – ұтар,

Ізденген – табар.

Есеп  шығарған – озар,

Еріншектер – артта  қалар.

 

І  топ.

Шіркін-ай, математик  болсақ,

Тілдесіп  есептерді  даналықпен.

Әлемге  мәлім  болсақ

Ашқан  көп  жаңалықпен!

 

ІІ  топ.

Таңғажайып  есептерді  шешіп  пе  ең, сен?

Бір  ұшқын  барын  онда  сезіп  пе  ең  сен?

Алдымен  Білім  деген,

Бәйгеден  озып  келсек.

 

ІІІ  топ.

Математика – оқу  анасы,

Білімнің  ол  дарасы

Есеп  шығарып  ойланып,

Жетілер  ойдың  санасы.

 

ІV  топ.

Жер  үстінде  адам  өмір  өткізер,

Бар  нәрсеге  білім  қолды  жеткізер

Бар  ізгілік  тек  білімнен  алынар

Математикамен  ғылымға  жол  салынар.

І топ. Ұраны: «Нақты  жауап, сапалы  шешім  таба  біл.»

ІІ топ. Ұраны: «Қандай  сынақ  болса-дағы  беріспе,

                           Әрқашанда  ұмтыла  біл  жеңіске.»

ІІІ топ. Ұраны: «Тең  ойынға  біз  әсте  келіспейміз,

                             Есептерді  шешуде  біз  беріспейміз.»

ІV топ. Ұраны: «Тапқырлықта  алдыға  жан  салмаймыз,

                             Қарсыластан  ешқашан  біз  қалмаймыз.»

 

Үй тапсырмасын тексеру. №6, 53-бет

309·2+516:4=747                         295:5·3+4093=4270

7809-29·4+7700=15393               10000-623+420:2=9587

 

9800-408:2=9596

45·(145-136)-219=186

 

Математикалық  диктант.

1. Есепте: 30 – (15 – 3 · 2)

2. х-тің мәні неге тең?    х · 3 = 48

3. Үш бірдей қазанда 4 литрден, шәйнекте 3 литрден су бар. Барлығы неше литр су бар?

4. Шортан 60 жыл, табан балық 17 жыл өмір сүреді. Шортан табан балықтан қанша жыл ұзақ өмір сүреді?

5. Квадраттың қабырғасы 7 см. Ауданы неге тең?

6. Бір алаңнан 18 қап картоп, ал екінші алаңнан одан 3 есе аз картоп жиналды. Екінші алаңнан қанша картоп жиналды?

 

І топ

Палетканың көмегімен фигураның ауданын қалай есептеуге болады?

S = n + m : 2, мұндағы n – толық торкөздердің саны, m – толық емес торкөздердің саны.

 

ІІ топ

Екітаңбалы санға жазбаша қалай бөлеміз?

Бөлуді орындар алдында бірінші толымсыз бөлінгішті және бөліндінің мәніндегі цифрлар санын анықтап алу қажет.

 

ІІІ топ

Жақындау жылдамдығы дегеніміз не?

110 – 60 = 50 м/ мин – оқушы мен әжейдің бір-біріне жақындау жылдамдығы.

V жақын = V1 – V2

Оқушы әжейді қуып жету үшін, екеуінің арасындағы бастапқы 200 м арақашықтықты жүріп өтуі керек. 200 : 50 = 4 мин

 

ІV топ

Шығымдылыққа берілген есептердің формуласын жаз.

Жұмыс А, жұмыс өнімділігі V.

                   V=A:t

Жұмыс уақыты t.

t=A:v

Жұмыстың барлық көлемі А.

А=v·t

 

Жаңа сабақты меңгерту. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері.

№1 (слайдпен көрсету)

Бөлінгіш

470

190

800

350

250

Бөлгіш

70

90

90

40

40

Бөліндінің мәні

6

2

8

8

6

Қалдық

50

10

80

30

10

 

№2 (слайдпен ауызша)

30

 

·60

 

1800

 

30

 

18000

 

 

 

                                                       

· 6

 

· 10 10

 

 

 

·100

 

·6

 

                               

180

 

180

 

 

 

 

 

№3 (көрнекілікпен жұмыс)

        : 30   І топ                               : 200    ІІ топ

 

 

 

18000                                                  8000

21000                                                  1000

24000                                                  6000

12000                                                14000

(600, 700, 800, 400)                            (40, 5, 30, 70)

         : 70   ІІІ топ                             : 900  ІV топ

 

 

  63000                                                 81000

  4900                                                   90000

  70000                                                  5400

  28000                                                 27000

(900, 70, 1000, 400)                            (90, 100, 6, 30)

 

Әр топқа «Кім шапшаң?» есептері

І топ

Қапшағай ыдыс-аяқ зауыты дүкендерге 18000 кесе жөнелтуі керек. Ол әрқайсысында 360 кеседен 20 жәшік және 240 кеседен 10 жәшік жіберді. Дүкендерге жіберетін тағы неше кесе қалды?

Жауабы: 1800- (360·20+240·10) = 8400 кесе қалды

 

ІІ топ

Қар тазалайтын машина бірінші күні 59 км, екінші күні одан 8 км кем, үшінші күні 50 км жол тазалады. Ол үшін күнде 20 сағат жұмыс істеді. Машинаның жұмыс өнімділігі бірдей болса, ол сағатына неше километр жол тазалаған?

Жауабы: (59-8) + 59 + 50) : 20 = 8 км/ сағ

 

 

ІІІ топ

Дүкен екі күнде бірдей 8 орындық сатты. Бірінші күні сатылған орындықтардан 3000 теңге, ал екінші күні 5000 теңге ақша түсті. Әр күні неше орындық сатылған?

Жауабы: (3000+5000) : 8 = 1000

3000:1000 + 5000:1000 = 3+5 = 8

 

ІV топ

Екі бала бірдей себеттермен 90 кг қияр жинады. Оның біреуі 7 себет, ал екіншісі 8 себет жинаған болса, әр бала неше килограмм қияр жинады?

Жауабы: 90: (7+8) = 6 кг

 

 

 

 

№4

Жаяу -  бөлік

Атпен -  б                      135 км

Автобуспен - ? км

Шешуі: 135:  = 27 км (жаяу)

135:  = 45 км (атпен)

135 – (27+45) = 63 км (автобуспен)

 

І топ

6 = 60 000  = 6 000 000

5 154 кг = 5 т 1 ц 54 кг

25 км 500 м = 25 500 м = 2 550 дм

25 036 см = 250 м 3 дм 6 см

 

ІІ топ

120 ц = 12 т

10 = 1000

32 кг 50 г= 32 050 г

25 036 см = 250 360 мм

 

ІІІ, IV топ

56 000 г = 56 кг

4 580 м = 4 км 580 м

56 000 000  = 56

5  = 500  = 50 000

 

«Кім жүйрік?» ойыны

 

Екі жақты күнделік

Иә

1.Теміржол кассасында 8 вагонның әрқайсысына 36 билеттен сатылды. Сатылған билеттердің 1/3 бөлігі балалар билеті болса, онда кассада 96 балалар билеті сатылған.

2.Бақшаның ұзындығы 35 метр, ені одан 15 метр қысқа. Бақшаның ені 20 м.

3. 10 сағат 5 минут = 605 минут.

4. 458:7=65 (қ3)

5. 203 006 санынан кейін 203 007 саны келеді.

 

Жоқ

1.Кітапта 280 бет бар. Нұрлан күніне 5 беттен 26 күн оқыды. Нұрлан 150 бет оқыды.

2.Екі қорапта 50 қалташа шай бар. Осындай 4 қорапта 220 қалташа шай болады.

3.Жеті тәулік = жүз елу сағат.

4.Жәшіктен 45 шегеден 4 рет алынғаннан кейін онда тағы 270 шеге қалды. Бастапқыда жәшікте барлығы 500 шеге болды.

5.Бір қапта 48 кг картоп бар. Үш қапта 146 кг картоп бар.

 

Топ басшыларына сұрақтар

І топ

1.Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс жылдамдықтарының формуласын жаз.

2.Бөлшек дегеніміз не?

3.Санның үлесін қалай табамыз?

4.Екі айырма бойынша белгісізді қалай табуға болады?

5.Геометриялық фигураларды атап, оларға жеке-жеке тоқтал.

 

ІІ топ

1.Пропорционал бөлуге берілген есептерді қалай шешеміз?

2.Бірінен-бірі қарама-қарсы екі жаққа бағытталған қозғалысқа берілген есептер құрастыр.

3.Дөңгелек және шеңбер туралы не айта аламыз?

4.Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша қалай бөлуге болады?

5.Шамалармен орындалатын амалдар тәртібі дегеніміз не?

 

ІІІ топ

1.Санның үлесін, үлесі бойынша санды табуға берілген есептер құрастыр.

2.Теңсіздік дегеніміз не?

3.Өрнектерді ықшамдауға мысалдар келтір.

4.Арифметикалық амалдардың қасиеттері қандай?

5.Транспортир дегеніміз не?

 

IV топ

1.Периметр табудың неше тәсілі бар?

2.Көп таңбалы сандарды қалдықпен қалай бөлуге болады?

3.Геометриялық фигуралардың қасиеттеріне тоқтал.

4.Үш таңбалы санды үш таңбалы санға қалай көбейтеміз?

5.Артынан қуып жету қозғалысына берілген есептерге тоқтал.

 

Үйге тапсырма. 55-бет №5, №8.

 

Бағалау критерийлері (өзін-өзі бағалау, топ жетекшісінің бағалауы, мұғалімнің бағалауы)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения