Досжанова Ботакөз Нұрханқызы
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:кызылорда
19.10.2015
0
769
2

Сызықтық алгоритмдерді программалау





САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

__________________________

 

Сыныбы:9ә

Күні:28 қараша 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы:Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты:Паскаль тілінің қарапайым операторлары арқылы сызықтық құрылымды алгоритмдердің программасын жазуды үйрену.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:Синтаксистік, семантикалық ережелерді сақтау, операторларды дұрыс жазып, дұрыс қолдануға үйрету. Программалау кезеңдерін меңгерту және оларды қолдану дағдысын қалыптастыру. Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, практика жүзінде қолдануға үйрету, теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру

Дамытушылық:Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, шеберліктерін және компьютермен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту. Оқушының компьютерлік сауаттылығын арттыруда, адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуда қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды пайдаланушы ретінде жүзеге асыру. Тыңдалған материалды еске сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға кәсіптік бағыт – бағдар беру, таңдаған мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру, өз шешімін дұрыс орындауға баулу, компьютерлік сауаттылығын арттыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу, тиянақтылыққа, жинақылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: Практикалық элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс,өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, әңгіме

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, геометрия

Пайдаланылған әдебиеттер:Оқулық,Балапанов«Информатикадан 30 сабақ», Информатика негіздері журналы

Құрал-жабдықтар: Компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта, проектор, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына көңіл бөлу;

ә) оқушыларды түгелдеу, оқушылардың оқу құралдарын қадағалау;

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

Үй тапсырмасын тексеру

1.    «Мәліметтерді енгізу және шығару» тақырыбын оқып келу.

 

Диктант (Оқушылардың операторларды жатқа білуін тексеру үшін 5-10 минуттық диктант аламын. Оқушылар сұрақтардың жауабын қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде жазуы керек.)

1.      Айнымалыларды сипаттайтын программа бөлігі (VAR `variable`, айнымалы, переменная)

2.      Программа қандай қызметші сөзден басталады? (program, бағдарлама, программа)

3.      Қай қызметші сөзден кейін нүкте қойылады? (end, соңы, конец)

4.      Бүтін типтің қызметші сөзі (integer, бүтін, целое)

5.      Енгізу операторының жазылуы (read, оқу, читать)

6.      Шығару операторының жазылуы (write, жазу, писать)

 

(Паскаль тілін өту барысында кездескен есімдерді еске түсіру)

 

 

Никлаус Вирт

Блез Паскаль

 

 

 

 

  

Жаңа тақырыпты түсіндіру

І. Күн ретін дәптерге түсіру

Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын оқушылармен бірге сызықтық және тармақталған алгоритмдерді еске түсіреміз. Сызықтық және тармақталған алгоритмдердің айырмашылықтарын көрсетемін.

 

 

(Сызықтық программаның анықтамасын дәптерге түсіру)

Сызықтық программа дегеніміз –операторлары бірінен соң бірі ретпен жазылып атқарылатын программа.

 

10-1. Егер a=6, b=9 болса, онда (b,a+b) мәндерін экранға шығарғанда қандай мәлімет көрінеді? (9,15)

 

10-2. Pascal тілінде жазылған операторлардың қатесін табыңдар.

a)      READ (x;y);

b)      READ (x,y);

c)      READ «x;y»;

d)      READ [x;y];

e)      READ (x*y);

f)        READ {x;y};

 

10-3. x және y әртүрлі мәндерін енгізіп, төмендегі өрнектердің мәндерін есептейтін программа құрыңдар.

Program esep;

Varx,y,P:real;

Begin

Read(x,y);

P:=x*sin(x)/y;

Write(P);

End.

 

 

Сергіту сәті

(Оқушыларды информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін бірнеше қызықты мәліметтерді айту)

·        reCAPTCHA (капча қызметін түсіндіру)

·        Бағдарламаларды жазуда жіберілген қателіктердің салдары (Маринер-1 ракетасының теңдеуде жіберілген бір ғана қатенің кесірінен құлауы)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения