Махамбетова Сандугаш Советкызы
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан,Северо-Казахстанская область
Регион:не указан
19.10.2015
0
337
0

Открытый урок по математике "Уақыт бірліктері"

Математика      2 сынып

С.Махамбетова

Жарқын орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Тақырыбы:Уақыт бірліктері

Мақсаты:

1.Уақыттың жаңа өлшем бірліктері-секунд,жыл,тәулік,ғасырмен таныстыру;

2.Уақыт бірліктерінің өзара қатынасы туралы түсініктерін қалыптастыра

отырып,оқушылардың ой-өрісін дамыту;

3.Оқушыларды ұлттық негізге тәрбиелеу,уақытты үнемдеуге үйрету

Түрі:аралас

Әдіс-тәсілдер:көрнекілік,ойын

Көрнекілік:сағат моделі,кестелер,үлестірмелі қима қағаздар

Барысы:

I.Қызығушылығын ояту

Жұмбақ шешу:

1.Бір ұзын ағаш,ағаштың үстінде он екі ұя,әрбір ұяда төрт тұқым,әр тұқымда

 жеті балапан

(жыл,төрт мезгіл,апта)

2.Бір ағаштың 12 бұтағы бар.Әр бұтағында 30 жапырақ,жапырақтың бір жағы-

ақ,бір жағы-қара

(жыл,ай,күн мен түн)

Сөзжұмбақ

12 ай-жыл

60 минут-1 сағат

100 жыл- ғасыр

Қандай сөз шықты? – Сағат

II.Үй жұмысын тексеру

«Иә-жоқ»ойыны

1кг-  .. .(1000г)         1 т - .. .(1000кг).                 1ц – 200кг

2 кг- ... .(2000г)         1 сағ- ... .(100мин)                 4ц56кг- 456 кг

 

III.Математикалық диктант

1.645 санын 40-қа кеміт;

2.320 санын 40-қа арттыр;

3.582 мен 580 сандарының айырмасының мәнін тап;

4.420 санын 80-ге арттыр;

5.982 санын 900-ге  кеміт;

6.236 санын 6-ға кеміт;

7.500 бен 32 сандарының қосындысының мәнін тап

IV.Жаңа сабақ

А) Неше жыл мезгілі бар?

Ә) Жазда неше ай бар?

Б) Қыста, көктемде,күзде ше?

В) Бір айда неше күн бар?

Балалар,мынау сағат.Сағаттың ең жылдам тілі,ең баяу тілі нені көрсетеді?

1 минутта  неше секунд?

Кестені ілу

А) Бір жылда неше күн?

Ә)  Бір жылда неше ай?

Б) Бір аптада неше күн?

Мұғалім сөзі:

Уақыт өлшемдері:жыл,ай,апта,тәулік,сағат.Осы бірліктерді халық қалай тапқан?Жыл,ай,аптаның ұзақтығын анықтау оңай болған жоқ.Алғашқы

уақыт есебін жүргізу,күнтізбені жасау тек жер кәсібі мен мал шаруашылығына

көшкен заманда ғана бастаған.Халықтардың көпшілігі жыл мерзімін жаз,күз,қыс,көктем маусымдарымен есептеген.  «Пәлен уақыттан акйін бес жыл өтті »деудің орнына «бес жаз» немесе «бес көктем»өтті деген.Бұрынғылар жеті күнді былай атаған:кеше,бүгін,ертең,бүрсігүні,арғы күн,ауыр күн,соңғы

күн.Қазақша күнтізбе 1922 ж.жазылады,бұл күнтізбе өзгеріліп,1931ж.қайтадан

құрастырылды.Бұл күнтізбе құрастырушылар Б.Майлин және І.Жансүгіров.

 

V.Білімді бекіту

1 ғасыр =   ...жыл                          1 сағ. =    ... мин.

1 жыл = ... ай                                1 мин  =  ... сек

1 тәул.= ... сағ.                             1 жыл =  ... тәул.   

 

Cергіту сәті

Оқулықпен жұмыс

5-есеп Есепті шығар.Кері есеп құрастыр

Қайың-25м

Эвкалипт-?,75 м артық

Шешуі:25+75=100

Жауабы: эвкалиптың ұзындығы 100 метр

Эвкалипт-100 м

Қайың-?,75 м кем

Шешуі:100-25 =75

Жауабы: 25 метр

Ойын «Тиісті сөзді қой»

1.Әсем  (сағат) 8-де оянады

2.Нұрлан мектепке дейін 10 (минут)жүреді

3.Ақерке сабаққа (2)сағат дайындалды

4.Адам демін 2 (секунд)ішке тартады

Логикалық есеп

Анар,Қарлығаш,Жанар математика пәні бойынша бақылау жұмысынан қандай баға          алғандарын мұғалімнен анықтап сұрады.Мұғалім былай деді:«Ешкім

екілік алмады және үшеуіңнің бағаларың үш түрлі.Анар «3»алған жоқ,ал

Жанар «3»-те,«5»-те алған жоқ».Кім қандай баға алды?

(Жанар «4»,Анар «5»,Қарлығаш «3»)

VI.Қорытынды

Тақтада есептерді шығару кезінде осы санға сәйкес келетін әріптерді жазсақ,сөз шығады                                     

296-290=6  ж

54-45=9      а

100-90=10  р

36-27=9      а

22-19=3      й

18-10=8      с

14-7=7        ы

65-63=2      ң !

 

VII.Үйге тапсырма

VIII.Бағалау

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения