Абатова Мейрамгүл
Должность:Учительница казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангистауская область, город Жанаозен
15.10.2015
0
588
1

Оқу процесінде оқушылардың білім- білік дағдыларын критерийлер бойынша бақылау мен бағалау және кері байланыстың тиімділігі

Қазақстан Республикасы Президенті–Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп бүгінгі таңда ұстазға жүктелер міндеттің маңызына тоқталған болатын.

           Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті — білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сол себептен де, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқаны қажет.

«Бағалау» термині «жақын отыру»дегендібілдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес. Себебі бағалаудың негізгі сипаты бір

адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін–өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады ( МАН 2012ж 57- бет)

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Формативті(қалыптастырушы)бағалау немесе оқыту үшін бағалау және суммативті(қорытындылаушы)бағалау немесе оқытуды бағалау.

«Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы автор болған осы аттас кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.

           1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді.

Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет).

Әлемде білім беру ісінің нәти­жесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін қаншалықты пайдалана ала­тын­дығы маңызды болып отыр.Сондықтан оқыту жүйесіне критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықарлық стандартқа сәйкестендіру болмақ.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың

оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде

баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Александер, 2001. [Мұғалімге арналған нұсқаулық. 55-бет]. Баға баланы әрі қарай дамытуы үшін  күнделікті баға  «ынталандыру үшін» қойылу керек. Баға қою оқушыға әсер етеді, бағалауға өзі де қатыса алатындығын, өзінің де жеке тұлға екендігін сезінеді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы қызығушылық тудыратыны сөзсіз.Ал бұл әрекет –білім алуға түбегейлі ықпал етеді. Балалардың өздерін-өздері бағалай алуы арқылы  өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінеді.

шынайы бағалай алды, бір – біріне деген сыйластық пен сенімділік орнады, өздерін еркін сезінетін болды, қателіктерін көре білді және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренді. Осының нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы артады.

Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастары және өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері болып табылатынына көз жеткіздім.

Драхмэн мен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады.

Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. (Бағалауды Жақсарту тобы, 1999ж)

Оқытуды бағалау.    Фонетикалық талдау

Фонетикалық талдау

(max6)

 

Бағалау критерилері

 

Ұпай

Д

 

Төменде көрсетілген талаптарды орындай алмады

0-3

 

 

Оқушы жұмысты орындады, дыбыстық талдау жасағанмен, буынды дұрыс бөле алмады және түрлерін білмеді, тасымалдауда, екпін түрін ажыратуда  қателер жіберді

4-6

 

Оқушы жұмысты орындады, дыбыстық талдау жасады , буынға бөлді, түрлерін дұрыс ажыратқанмен  тасымалдауда, екпін түрін ажыратуда  қателер жіберді

7-9

 

-Оқушы жұмысты орындады, дыбыстық талдау жасауда , буынға бөлуде, түрлеріне ажыратуда, тасымалдауда, екпін түрін ажыратуда,  қателер жіберген жоқ.

10-12

Мазмұндаманы  бағалау өлшемі

 

Критерий

max

 (12 ұпай)

Бағалау критерийлері

 

Ұпайлар

 

Д

Тақырыптың  мазмұнын білмегендіктен, сұрақтарға жауап бере алмаған.  Айтайын деген ойы түсініксіз, себебі сөйлемдер арасында  логикалық байланыс жоқ. Сөздік қоры аз, себебі сөйлем құрауда сөздерді дұрыс таңдай алмаған.

 

0-3 ұпай

 

Тақырыптың  мазмұнымен толық таныс болмағандықтан  сұрақтарға толық,нақ  жауап бере алмаған.  Айтайын деген ойы дәл, нақты болмағандықтан,  сөйлемдерді байланыстырып  жазуда ойы шашыраңқы. Сөз саптауы қанағаттанарлық, себебі сөйлем құрауда кей сөздерді дұрыс қолданбаған.

 

4-6 ұпай

 

Тақырыптың  мазмұнымен толық таныс, себебі сұрақтарға толық жауап бере білген.  Айтайын деген ойы жүйелі, түсінікті болғанмен  сөйлемдерді дұрыс құруда,  бір-бірімен байланыстыруда 1-2 қате жіберген.. Сөйлем құруда 1-2  сөзді дұрыс қолдана білмеген.

 

7-9 ұпай

 

Тақырыптың  мазмұнымен толық таныс болғандықтан  сұрақтарға толық, жақсы  жауап берген. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра  жаза білгендіктен  айтайын деген ойы жүйелі, түсінікті. Сөз саптауы жақсы, себебі сөздерді дұрыс таңдай білген.

10-12 ұпай

 

Ұпайлардыбағағаайналдырушкаласы

Жинапалғанұпайлар саны

Баға

10-12  ұпай

«5»

7-9  ұпай

«4»

4-6  ұпай

«3»

0-3  ұпай

«2»

 

 

 

Нәтижеде формативті (қалыптастырушы) бағалаудан оқушылардың үйренетіні: әр оқушы бағалауға қатысатындығын білгендіктен, жауап беруге дайындық үстінде болады. Бағалау құпия емес, жария түрде жүргізілетіндіктен оқушыда сенімділік қалыптасады. Оқушының білімді қабылдауы, түсінуі сыныптағы барлық оқушыға мәлім болатындықтан, дайындық деңгейі артады. Жолдасының орындаған тапсырмасына бағалау өлшемімен дәл баға беріп, кемшілігі мен жетістігін көрсете алады. Жолдасына қандай көмек қажет екендігін біледі. Бағаланған оқушы өз жетістігі мен кемшілігін біліп, ары қарай не істеу керектіігін түсінеді, жоғары нәтижеге жетуге тырысады. 

     Мен қазақ тілі мен әдебиет сабағында суммативті (жиынтық) бағалау тапсырмаларын орындатқан  кездегі оқушылардың білім, білік дағдыларындағы өзгерістер жайлы  өз тәжірибеммен бөліспекпін.

 

8- сынып.   Қазақ тілі   Тарау: Сөйлем түрлері

Критерийлер

Тапсырмалар

1

А (Білу)   max 3

Диктант

2

В (Түсіну) max 3

Диктант мәтіндегісөйлемтүрлерінанықтау.

3

С (Қолдану) max3

 Диалог құру. (Сөйлемнің 4 түрін қолдану)

4

D (Талдау) max 3

Мәтіндегі1сөйлемгеморфологиялықталдаужасау.

5

Е(Жинақтау) max3

Тест сұрақтарынорындау

6

Бағалауmax 3

Сөйлемтүрлерінебайланыстысеніңпікірің

 

Ұпайлардыбағағаайналдырушкаласы

Жинапалғанұпайлар саны

Баға

17-18 ұпай

«5»

14-16 ұпай

«4»

11-13 ұпай

«3»

0-10 ұпай

«2»

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения