Абатова Мейрамгүл
Должность:Учительница казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангистауская область, город Жанаозен
15.10.2015
0
404
1

Мұғалім шеберлігі-оқушы жеңісі

      Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.  Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша курстан өткеннен кейін «Ұстаз ретінде кәсіби біліктілігім  мен тұлғалық құзіреттілігімнің даму дәрежесі қандай деңгейде, қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеуді өзгертуге қабілеттімін бе?» деген сұрақтар менің күн тәртібімнен түскен емес.Кәсіби даму мен өзгерістер күнделікті сабағымда: тапсырмаларды қалай ұйымдастырамын, қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын,  оқушыны өздігінен білім алуға қалай бағыттаймын деген талаптармен, жауапкершілікпен  бірге жүзеге асып жатқанын түсінемін.

      Елбасымыз Н. Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын.    Курстан кейінгі 3 жылдық тәжірибеме саралау, талдау жүргізсем,  менің әр сабақта мақсатыма жетуіме оқып үйренген жаңа әдіс-тәсілдердің үлкен сүйенетін күш болғандығын білдім. Мақсатыма сай тиімді деп таңдап алған әдіс – тәсілдерді балалардың  ұсыныс - пікірлерін еркін айтуға, өздеріне деген сенімін арттыруға, ақыл-ойын дамытуға, оларды сөйлетуге бағыттап отырдым. Баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға жетелеу, бағыттауымыз керек. Себебі, жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Күнделікті сабаққа  шығармашылық үлкен ізденіспен, жоспарлы дайындықпен барсаң, балалармен сабақ өту өте жеңіл болатындығына, жаңа жоспарлар, идеялар, жаңа көзқарас  пен жаңа  зерттеулер туындайтынына көзім жетті.                                                    

         Түрлі тапсырмалар  орындату барысында  әр оқушының дарындылығын айқындауды, оның тұлғалық қасиетін ашуды бақылауды мақсат еттім. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытқа жетелеу - бүгінігі күн ұстаздарының басты қызметі.

          Бағалаудың түрлерін оқушы қызығатындай шебер, ұтымды қолдану, бағалау өлшемдерін әр тапсырмаға сай құрастыра білу де теориялық мықты сауаттылықты, мұғалімнің де сыни ойлауын қажет ететінін  ұғындым. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, жолдасына сын көзбен қарауға,  өзінің жетістігін, кемшілігін білуге, ары қарай не істеуге болатынын  түсіну дағдылары қалыптасатынына көзім жетті.Мені әсіресе қатты қызықтырғаны - жиынтық бағалау болды. Жиынтық бағалауда  БЛУМ өлшеміне сай тапсырмалар дайындау және  бұл тапсырмаларды орындауға  оқушылардың  қызығушылығы бола ма, білім сапасында қандай   өзгерістер болады деген сұрақтар туындайтыны белгілі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                       Оқушылар арасында ынтымақтастықты бақылауда ұстау,сенімділікті қалыптастыру,өзара сыйластықты орната білу мен ұдайы бақылап отыру  менен үлкен шеберлікті қажет етті.

        Заман ағымынан қалмаймын деген әрбір оқытушы өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Ол үшін әрине  интернет желісін мақсатыңа сай тиімді пайдалана білуің керек. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры.

       Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы болғаннан кейін  менің алдымда  қазақ тілінің мерейін өсіру, оқушыларға өз тілі мен әдебиетінің қыры мен сырын меңгерту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру  мен қоса ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, ұлттық тәлім- тәрбие беру міндеттері  тұр. Мен әрбір сабағымда  7модульдің сабақ үрдісінде  бір-бірімен байланыса жүзеге асуын мақсат етемін. 7 модульге негізделген оқытуда диалогтың маңызы ерекше екендігі белгілі. Әр тақырыпың мақсатына сай  диалогты өрбіте білу, оның түпкі нәтижесінен елін, ұлтын сүйетін тұлғаны қалыптастыру, патриотизмге қарай бағыттай білу де мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі, әрі шеберлігі. Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы. Өз ойын нақты әрі көркем жеткізе білетін, шешен де алғыр, Абайша айтқанда сөзі жүрекке жылы тиіп, сөз қадірін білетіндер де ғана   қазақы тұлғалық қасиет болады деп түсінемін.

 

       Бүгінгі мектептің міндеті- әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау. Ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин:  "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы,біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын"дейді. Жақсы білім беру- бұл мұғалімнің шеберлігі, теориялық сауаттылығы, қабілеттілігі мен отансүйгіштік қасиеті деп білемін.  Өйткені, мұғалім шеберлігі-оқушы жеңісі.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения