Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
15.10.2015
0
290
0

«Әдет-ғұрыптың танымдық қабілеттің дамуындағы орны»

«Әдет-ғұрыптың танымдық қабілеттің

 дамуындағы орны»

 

  Біз мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу кезінде әдет-ғұрыпты кеңінен қолдана отырып танымдық процесс жүйесін дамытамыз.

  Әдет-ғұрып шығармаларды таңдаған кезінде мынандай принциптерге көңіл бөлеміз.

-Мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті мазмұнды шығарманы таңдау.

-Танымдық және адамгершілік қасиетің маңыздылығы.

-Айналадағы қоршаған орта туралы түсінікті қалыптастыра отырып «сезіне» білу икемділігін қалыптастыру.

Халық ұзақ жылдар бойы табиғат пен адам арасындағы байланыстың тығыздылығын дәлелдеп, тәжірибеден өткізді. Атап айтсақ: әдет-ғұрып, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, аңыз, санамақтар.

Сәби балалармен қолдың, аяқтың, саусақтардың көмегімен санамақ құырмаш ойындарын өткізуге болады. Мысалы:

Бас бармағым-әкем,

Балаң үйрек-апам,

Ортан терек-ағам,

Шылдыр шүмек мен,

Кіші бөбек-сен!

   Ал ересек мектеп жасына дейінгі балалармен санамақ ойынын айналаны қоршаған ортамен таныстыру. Педагог түрлі-түсті суреттерді көрсете отырып санамақ, құырмаштарды оқиды.

   Балалар қысқа тақпақ айтып, жазылған ертегілерді өте жақсы көреді. Мысалы: - Қанат, қайда барасың? –Шөп шабуға барамын.

                -Шөп саған неге керек?  - Сиырға берем.

                - Сиыр саған неге керек? – Сүт береді.

                - Сүт саған неге керек?  - Балаларға берем.

   Бұл балаларға айналадағы қоршаған ортаның құпияларын біліп, шындықты көріп үйренеді.

   Жалған оқиғалар немесе тақпақтатып, өлең жолдармен жазылған қысқа әңгімелер. Бұларды «Болады-болмайды» ойыны түрінде қолдануға болады. Жалған-балаларды мейірімді қалжыңға, күлкіге шақырады. Ал мақал-мәтелдердің мағынасын балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алу қажет. Мақал-мәтелдерді табиғат құбылысымен байланыстырып, бақылай жасай отырып мағынасын түсіндіру. Мысалы: «Қар-суық, ал суық жылтады» деп айта отырып педагог балаларға мынандай сұрақ қойып, тәжірибе жасайды.

-Неге кейбір құстар қар астында түнейді?

-Неге кейбір ағаштардың түбіне қарды үйеді?

-Неге шөп қардың астында қалса да, жасыл түсін өзгертпейді? т.б.

Балалар тәжірибелер жасап, оған қорытынды шығарады; қар жылуды сақтайды.

  Жұмбақтар балалардың ақыл-ойын дамытып, тапқырлыққа жетелейді. Халық болжамдары-балалардың білімін толықтырып, күнделікті өмірдегі болып жатқан немесе болатын іс-әрекеттерді бақылап, анықтап, қорытынды жасауға икемдейді. Мысалы: Бүгін жұлдыздар аспанда көп болса, ертең күн ашық, жылы болады. Ит аунаса-жаңбыр жауады. Шөпті жұлсаң-жаңбыр жауады. т.б.

  Сенгіштік-мектеп жасына дейінгі балаларда ойын түрінде болады. Мысалы: бір аяқпен секіргенде құлағына кірген су шығады. Немесе: кемпірқосаққа қарап, жерді суға малуды өтінеді: -Кемпірқосақ-қосақ, бізге жаңбыр жауғыз! Жерді көгерт, жау жаңбыр! Немесе керісінше: - Күн шыға ғой, бізге жаңбыр төге ғой! Балаларың жылап тұр, су ішкісі келіп тұр!

   Фольклор арқылы баланың танымдық қабілеттерін дамытуда айналамен танысып, қоршаған орта туралы білімдерін толықтырып, кеңейту керек. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелей отырып дер кезінде көмекке келіп, еңбек іс-әрекетіне қатысу керек. Мысалы: өсімдіктерді, жан-жануаларды күту. Тазалыққа көңіл бөлу.

 

Әдіскер: Ә.З.Худжанова

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения