Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
15.10.2015
0
576
0

Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері

Қазақстан,Ақтөбе облысы,Ақтөбе қаласы
№34 орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі
Сағынтаева Ғалия Сағынтайқызы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға нөлмен аяқталған санды бөлу жолдарын меңгерте отырып бекіту.

ә) Дамытушылық: Дөңгелек сандарды көбейту мен бөлу жолдарын топ ішінде ауызша түсіндіре білуге дағдыландыру, тез есептеу, математикалық тілде сөйлеуге дағдыландыру.

б) Тәрбиелік: Сабақ кезінде оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: пысықтау

 

Сабақтың әдісі: жинақтау, топтау, көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, бекіту.

 

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, суретті көрнекіліктер.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Ұқыпты – ұтар,

Ізденген – табар.

Есеп шығарған – озар,

Еріншектер – артта қалар.

 

І топ.

Шіркін-ай, математик болсақ,

Тілдесіп есептерді даналықпен.

Әлемге мәлім болсақ

Ашқан көп жаңалықпен!

 

ІІ топ.

Таңғажайып есептерді шешіп пе ең, сен?

Бір ұшқын барын онда сезіп пе ең сен?

Алдымен Білім деген,

Бәйгеден озып келсек.

 

ІІІ топ.

Математика – оқу анасы,

Білімнің ол дарасы

Есеп шығарып ойланып,

Жетілер ойдың санасы.

 

ІV топ.

Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар

Математикамен ғылымға жол салынар.

 

 

І топ. Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл»

ІІ топ. Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе,

                           Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске»

ІІІ топ. Ұраны: «Тең ойынға біз әсте келіспейміз,

                             Есептерді шешуде біз беріспейміз»

ІV топ. Ұраны: «Тапқырлықта алдыға жан салмаймыз,

                             Қарсыластан ешқашан біз қалмаймыз»

 

Әр топ тура және кері санау.

 

Үй тапсырмасын тексеру. №3

280 · 100 = 28 000                                         40 · 7 = 280 · 1000 = 280 000

68 000 : 2 = 34 000 : 100 = 340                     68 000 : 2 = 34 000 : 1000 = 34

 

№1

45 000 : 90 = 500                       24 000 : 60 = 400

45 000 : 900 = 50                       24 000 : 400 = 60

45 000 : 15 = 3000                     24 000 : 12 = 2000

45 000 : 150 = 300                     24 000 : 120 = 200

45 000 : 500 = 90                       24 000 : 800 = 30

45 000 : 5000 = 9                       24 000 : 2000 = 12

 

Математикалық диктант.

  1.  сағ = □ мин           (10мин)

2. 41 · 9 = □            (369)

3. 1000 мен 455-тің айырмасын 5 есе кеміт.     (109)

  1. Ұзындығы 12 м, ауданы 96  тіктөртбұрыштың ені неге тең?        (8 м)

5. 3 тәул. = □ сағ       (72 сағ)

  1. 1 км : 50 м = □        (20 м)

7. 4 · 2 · с = 800           (с = 100)

8. Әкесі мен баласы бақшаны суару үшін су тасыды. Әкесі әрқайсысында 12 литрден 8 шелек, ал баласы әрқайсысында 4 литрден 5 шелек су әкелді. Әкесі баласына қарағанда неше литр су артық әкелді?       (76 литр)

9. 315 пен 7 сандарының бөліндісін 3 есе арттыр.      (135)

10. 2 метр 3 дециметр = □ см           (230 см)

 

Жаңа  сабақты меңгерту. (топтарға сұрақ)

 

І топ.

Қосындыны санға қалай көбейтуге болады?

(а + в) · с = а · с + в · с

с · (а + в) = с · а + с · в

Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.

 

ІІ топ.

Қосындыны санға қалай бөлуге болады?

(а + в) : с = а : с + в : с

Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.

 

ІІІ топ.

Көп таңбалы санды қай кластан бастап оқимыз?

Көп таңбалы санды жоғары кластан бастап оқиды. Ол үшін ең алдымен санды оң жақтан бастап үш-үш цифрдан топтап, кластарға бөледі. Сонда жоғарғы класта бір, екі немесе үш цифр болуы мүмкін. Сонан соң әр кластың қанша бірлігі бар екенін анықтайды. Жоғарғы кластың бірліктеріне кластың атауын қосып оқиды, соған жалғастырып бірінші кластың бірліктерін оқиды.

   Көп таңбалы сандарды солдан оңға қарай кластарының атауымен оқиды.

 

IV топ.

Көбейтудің терімділік заңы дегеніміз не?

Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін, бірінші санды екінші және үшінші сандардың көбейтіндісінің мәніне көбейтуге болады немесе көршілес екі көбейткішті олардың көбейтіндісінің мәнімен алмастыруға болады.

 

Екі жақты күнделік

                                  Иә                                                                           Жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ басшыларына сұрақтар

І топ

  1. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңы.

Қосындыны санға көбейту үшін, ол санға әрбір қосылғышты жеке-жеке көбейтіп, шыққан көбейтінділердің мәндерін қосады.

2. Ең кіші натурал сан?        (1)

3. Көлемді табу үшін неше өлшем бірлігі қажет?      (3)

  1.  неге тең?      (27)
  2. 20 қапта 1 тонна құмшекер бар. 10 қапта қанша тонна құмшекер бар?     (500 кг)

6. Бірдей 6 ыдыста 48 кг май бар. Осындай 8 ыдысқа қанша май сыяды?     (64 кг)

 

ІІ топ

  1. Бір кітаптың массасы 300 г болса, 60 кг қағаздан осындай неше кітап жасалынады? 

(200 кітап)

  1. Көбейтудің ауыстырымдылық заңы?

Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

  1. Ең үлкен натурал санды ..... (көрсетіп беру мүмкін емес)
  2. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 20 см, бұл еніне 2 есеге артық. Тіктөртбұрыштың ені неше сантиметр?     (10 см)

5. 1  = □        (100 )

  1. Бірліктер, ондықтар және жүздіктер ..... класты құрайды.     (бірліктер класы)

 

ІІІ топ

  1. Натурал сандар қатары ..... созыла береді.    (шектеусіз)
  2. Көптаңбалы сандарды екі тәсілмен салыстыруға болады. Қандай тәсіл?

(Қатардағы алып тұрған орнына қарай, сәйкес разрядтары бойынша)

  1. Перпендикуляр түзулер қиылысқанда ..... шығады.    (тіктөртбұрыш)
  2. Параллель түзулер ..... (қиылыспайды)
  3. 1 кг сары май 360 теңге тұрады. Жарты килограмм сары май қанша тұрады?    (180 тг)
  4. Жолаушы жолда 1 тәулік 6 сағат болды. Ол жолда барлығы неше сағат болды?   (30 сағ)

 

IV топ

  1. 0 саны мен барлық натурал сандар ..... емес ..... сандар деп аталады.   (теріс емес бүтін)
  2. Көбейту мен бөлу өзара ..... амалдар.     (кері)
  3. Бүгін аптаның қай күні?      (бейсенбі)
  4. Бір қорапта 12 қарындаш бар. Екінші қорапта екі есе артық қарындаш бар. Екі қорапта барлығы қанша қарындаш бар?        (36 қарындаш)
  5. 1  = □           (100 )

6. 75 : х = 150 : 10        х – неге тең?           (х = 5)

 

 

 

 

 

 

 : 30     І топ                                         : 200        ІІ топ

 

 

 

18000                                                   8000

21000                                                   1000

24000                                                   6000

12000                                                   14000

(600, 700, 800, 400)                             (40, 5, 30, 70)

 

: 70     ІІІ топ                                            : 900     ІV топ

 

 

 

63000                                                       81000

4900                                                         90000

70000                                                       5400

28000                                                       27000

(900, 70, 1000, 400)                                (90, 100, 6, 30)

 

Әр топқа «Кім шапшаң?» есептері

І топ

Қапшағай ыдыс-аяқ зауыты дүкендерге 18 000 кесе жөнелтуі керек. Ол әрқайсысында 360 кесе-ден 20 жәшік және 240 кеседен 10 жәшік жіберді. Дүкендерге жіберетін тағы неше кесе қалды?

Жауабы: 1800 – (360 · 20 + 240 · 10) = 8400 кесе қалды

 

ІІ топ      

Қар тазалайтын машина бірінші күні 59 км, екінші күні одан 8 км кем, үшінші күні 50 км жол тазалады. Ол үшін күнде 20 сағат жұмыс істеді. Машинаның жұмыс өнімділігі бірдей болса, ол сағатына неше километр жол тазалаған?

Жауабы: (59 – 8) + 59 + 50) : 20 = 8 км/сағ

 

ІІІ топ

Дүкен екі күнде бірдей 8 орындық сатты. Бірінші күні сатылған орындықтардан 3000 теңге, ал екінші күні 5000 теңге ақша түсті. Әр күні неше орындық сатылған?

Жауабы: (3000 + 5000) : 8 = 1000

3000 : 1000 + 5000 : 1000 = 3 + 5 = 8

 

ІV топ

Екі бала бірдей себеттермен 90 кг қияр жинады. Оның біреуі 7 себет, ал екіншісі 8 себет жинаған болса, әр бала неше килограмм қияр жинады?

Жауабы: 90 : (7 + 8) = 6 кг

 

 

 

 

 

 

№4

Жаяу -  бөлік

Атпен -  б                          135 км

Автобуспен - ? км

Шешуі: 135 :  = 27 км (жаяу)

135 :  = 45 км (атпен)

135 – (27 + 45) = 63 км (автобуспен)

 

І топ

6  = 60 000  = 6 000 000

5 154 кг = 5 т 1 ц 54 кг

25 км 500 м = 25 500 м = 2 550 дм

25 036 см = 250 м 3 дм 6 см

 

ІІ топ

120 ц = 12 т

10  = 1000

32 кг 50 г = 32 050 г

25 036 см = 250 360 мм

 

ІІІ топ, ІV топ

56 000 г = 56 кг

4 580 м = 4 км 580 м

56 000 000  = 56

5  = 500  = 50 000

 

Сабақты қорыту. (топ басшылары әр топты бағалайды)

Мұғалімнің бағалауы.

Үйге тапсырма. №5 (түсіндіріліп беріледі).

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения