Куттыбаева Раушан Тулеповна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:ВКО Кокпектинский район с. Кокпекты
Регион:не указан
13.10.2015
0
1117
3

«Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін, ойын арқылы жан – жақты дамыту».

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы басты міндеттердің бірі мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың мазмұнын жаңарту болып табылады. Осы міндетерді шешуде мектеп жасына дейінгі балалардың танымды құзіретілігін дамытуда ойын технологиясының маңызы зор.

Кеңестік педагог А.С. Макаренко: «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек». Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойынан тұрады, деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Ойын-баланың білім-білік дағдысын, танымын қалыптастыратын тәрбие құралы. Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейінін қажет ететін әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жасайтынынан сіңіре білуді көздеген. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жаң-жақты дамымақ емес.

Бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан бүгінгі қоғам мүдесіне лайықты, жан-жақты жетілген парасатты азамат тәрбиелеп өсіру міндетті үздіксіз білім берудің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы заңдылық. Өсіп, дамып келе жатқан, балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойына дер кезеңде байқап, оған оң баға беру, баланың танымын дамыту әрбір тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын.

Мектепке дейінгі кезең баланың танымдық, психомоторлық, әлеуметтік жеке тұлға болып жедел даму кезеңі. Осы кезеңде баланың танымын дамыту маңызды орын алады. Бала бойындағы танымдық құзыреттіліктерді дамыту барысында мектептегі шағын орталық тобында ойынның атқарар рөлі өте жоғары. Баланың өмірді, қоршаған ортаны тануы, ойлау қабілеті, қиялы, зейіні ойын арқылы қалыптасады. Осы тұста Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» - деген даналық сөзі ойға оралады. Қазақ халқы бала тәрбиесіне аса зор мән берген. Сондықтан да халық мұрасының танымдық, тәрбиелік мәні ұлан-ғайыр дүние. Соңын ішінде баланың танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда санамақтар ерекше рөл атқарады. Ең алдымен, әдемі сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жаттауға деген құлшыныс, олардың жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Ойын барысында бала өзінің қоршаған ортадан көргенін, байқағанын өзінің өмірінен алып, оны басқаша қайтадан тереңірек беруге тырысады. Бала өзінің қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым қатынасты білуімен сенуі ойын негізінде жүзеге асатындықтан тәрбиеші ойын түрлерін тиімді пайдаланғаны жөн. Осы тұрғыда таным іс-әрекетін дамытуға арналған ойын түрлері өте көп. Таным іс-әрекетіне арналған ойындар арқылы баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, дүниетанымын дамытамыз. Сол ойындардың бірнешеуін атап өтсем «Не өзгереді?» ойынның мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту. Балаларға үлкенділігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтарды көрсетемін балалар олардың атын атайды. Содан соң балалардан көздерін жұмуын өтінемін, ойыншықтардың біреуін алып тастаймын. Балалар көзін ашып, қандай ойыншық жоқ екендігін айтады.

«Кім тығылды?» ойынның мақсаты: көзбен қабылдауын дамыту. Ойын ережесі: балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суреттерде қандай жануар жасырынғанын сұраймын.

Халық қазынасы қазақтың ұлттық ойындарын қолдауда балалардың танымын арттыру маңызы зор. «Санамақ», «Онсаусақ» өлеңдерін айтқызу, «Ұшты-ұшты» ойындары арқылы баланың дүниетанымы кеңейеді.

«Кімге не керек?», «Зейінді бол», «Гүл» сияқты танымдық ойындар арқылы бала өзінің қоршаған ортасын танып, өнімді еңбек ету іс-әрекеті атқарылады, жеке басының ұғымы қалыптасуы дамиды.

В.А. Сухомлинскийдің: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе ісілетті ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады» - деген даналық сөзінің бүгінгі күнде маңызы зор. Танымдық құзіретті қалыптастыруға бағытталып ұйымдастырылатын ойындар, баланың танымдық қызметін жаңдандыратын дидактикалық материалдардың болуымен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық», - деп атап көрсеткендей, жаңа заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу басты міндетіміз.

Заман  талабына сай ұрпақ деген кім? Ол жаң – жақты қалыптасқан, білімді де, білікті, зейінді де, зерделі қызметті ұрпақ. Олай болса, сол ұрпақты тәрбиелеуге бірігіп күн жұмсайық әріптестер!

 

Назарларыңызға рахмет.             

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения