Нургожина Назгуль Аманболгановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
12.10.2015
0
238
0

Открытый урок по казахскому языку "Төле би"

№ ________сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Төле би Әлібекұлы (1663-1756жж)

Сабақтың мақсаты.

  1. Білімділік: Төле би туралы мағлұмат беру
  2. Дамытушылық: данышпанның нақыл сөздері және мәтін арқылы оқушылардың тілдерін, сөз байлықтарын дамыту.
  3. Тәрбиелік: нақыл сөздер арқылы жақсы мен жаманды айыра білуге баулу.

 

Сабақтың түрі мен әдістері: Жаңа білім беру сабағы

Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, бақылау.

Сабақтың формасы: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, Төле би туралы мәліметтер

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын тексеру.

 

Үш жүзді біріктірген

Жоңғарлардың өзара дауласуын пайдаланып, қазақың жерлерін қайтарып алды.

Орта Азия хандықтарымен, Орыс және Қытай мемлекеттерімен сауда саттық, мәдени қарым қатынас орнатты.

Қаһарман, батыл қолбасшы, шебер ұйымдастырушы, дарынды, ақылды да айлалы елші

Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Абылай хан қандай адам?
  2. Ол нені біріктірді?
  3. Абылай хан не үшін күресті?
  4. Абылай хан қасына кімдерді жинаған?
  5. Ірі мемлекеттермен қандай жұмыстар жасады?
  6. Қандай мемлекеттермен сауда саттық, мәдени қарым қатынас орнаты?
  7. Кімдерге қарсы күресті?
  8. Қалай қазақ жерлерін қайтарып алды?

Топты екіге бөлу:

І топ - Шешендер

ІІ топ - Елшілер

І міндетті деңгей

Жаңа сөздермен жұмыс:

  1. ұлы тұлға – великая личность
  2. қоғам қайраткері – общественный деятель
  3. билік – владычество, власть
  4. әділдік – справедливость
  5. тапқырлық – предприимчивость, догадливость
  6. көзі тірісінде – при жизни
  7. шырақ – светильник
  8. пырақ – скакун, аргамак
  9. иман – мораль, нрав, верование
  10.  жиған – сбор
  11.  ырыс – счастье, благополучие

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтін мазмұнын ұғыныңыз.

            XVIII ғасырдағы ұлы тұлғалардың бірі – Үйсін Төле би. Ол шамамен 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені, жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданында (қазіргі Төле би) Ақбұрхан деген жерде тоқсаннан асып дүние салған. Төле би - әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» заң жобасын жасаушылардың бірі болған қоғам қайраткері. Тәуке ханның кеңесшісі болған. Ол – Дулат тайпасының Жаныс руынан. Әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болса керек. Он бес жасынан бастап билікке араласты. Төле би -ақылды, шешен, әділ, білімді, әрі халық қамын ойлаған.

            Асқан тапқырлығымен үш жүзге тұтас аты жеткен Төле көзі тірісінде – ақ «Абыз», «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанды. 1756 жылы өзі билеген Ташкент қаласында жерленген.

 

ІІ Алгоритмдік деңгей

Деңгейлік тапсырма.

2-тапсырма. Мәтінге сұраулы сөйлем құрастырып, жауап беріңіз

  1. Төле би қай жылы, қай жерде туған?
  2. Төле би қандай адам болған?
  3. Төле бидің өмір сүрген жылдары
  4. Неше жасынан бастап билікке араласты?
  5. Қандай заңды жасасқан?
  6. Тәуке ханның қасында кім болып қызмет атқарған?
  7. Қазақтың ханына кімді сайлады?
  8. Қай жерде жерленген?

 

3-тапсырма.

Мәтінді орыс тілінде мазмұндау

 

4-тапсырма. «Төле би» туралы слайд жасау

5-тапсырма. «Шешендік өнер» туралы үш мақал мәтел тауып алу

 

6-тапсырма. Грамматикалық тапсырма:

  1. Сөз – данышпан
  2. Сөз тіркесі – данышпан би
  3. Сөйлем – даныш ұлы тұлға – Төле би Әлібекұлы

 

7-тапсырма. Сөздерді септеу. Данышпан. Би

 

А.с данышпан

І.с данышпан.......

Б.с данышпан......

Т.с данышпан.......

Ж.с данышпан.......

Ш.с данышпан......

К.с данышпан.......

А.с би

І.с би......

Б.с би.....

Т.с би.....

Ж.с би.....

Ш.с би....

К.с би.....

 

8-тапсырма. Мақал мәтелдер тексеру

 

9-тапсырма. Өлең жолдарын оқып мазмұндау.

            Төле би былай деген екен:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім,

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иманың,

Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы....

 

10-тапсырма. Грамматикалық тапсырма: Фонетикалық талдау:

Д - дауыссыз, ұяң

А - дауысты жуан

Н - дауыссыз, үнді

Ы - дауыссыз жуан

Ш - дауыссыз, қатаң

П - дауыссыз, ұяң

 

ІІІ эвристикалық деңгей

11-тапсырма. Жаңылтпаш жаттау

Ақ шар бар, көк шар бар,

Қызыл шар бар, жасыл шар бар, сары шар бар,

Көп шар бар, бес шар бар.

 

Шеше кеше,

Неше кесе,

Сынды кеше.

 

12-тапсырма. Сөзжұмбақ

1.      Қай хан тұсында «Жеті жарғы» заң жобасын жасауға көмектесті?

2.      Әділдігі, адалдығы халыққа үлгі, .......

3.      Дау жанжалды ....... шешкен

4.      Жаңбыр жаумаса, ...... жетім

5.      ...... болмаса, ел жетім

6.      Қазақтың данышпан, әділ ....

 

 

 

 

1

т

ә

у

к

е

 

 

 

 

 

2

ө

н

е

г

е

 

 

3

ә

д

і

л

 

 

 

 

 

 

 

 

4

ж

е

р

 

 

 

 

 

 

 

 

5

б

а

с

ш

ы

с

ы

 

 

6

б

и

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV Шығармашылық деңгей

 

13-тапсырма. Төле би туралы жобаны қорғау.

 

14-тапсырма. Тест сауалдарына жауап беру.

1.      Төле би қай жылы туған?

А) 1663

В) 1763

С) 1756

2. Қай жерде туған?

А) Қостанай облысынды

В) Жамбыл обл, Шу ауданында

С) Семей облысында

3. Төле би кім болған?

А) батыр, ақылды

В) оқытушы, батыр

С) ақылды, шешен, әділ, білімді

4. Неше жасынан бастап биілкке араласты?

А) жиырма

В) он сегіз

С) он бес

5. Тәуке ханның тұсында қандай заң жасауға көмектесті?

А) Ата заң

В) Жарғы

С) Жеті жарғы

6. Тәуке ханның қасында кім болып қызмет атқарған?

А) Кеңесші

В) Шешен

С) батыр

7. Қандай қалада жерленген?

А) Ленген ауданында

В) Шу ауданында

С) Ташкентте

 

Тест нәтижесін айту.

 

Жеттік сабақтың шебіне бәріміз,

Екі топ та шеберлікпен жарыстыңыз.

Хан тағына отыруға

Лайықсыздар бәріңіз.

 

Бағалау парағы

 

Оқушының аты-жөні

1 деңгей

2 деңгей

3 деңгей

4 деңгей

Қорытынды

баға

1

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения