Темиргалиева Бакытгуль Шабдановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
28.09.2015
0
353
1

"Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз"





 Тақырыбы: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз

«ХХI ғасыр  көшбасшысы» сайысы 5 сынып оқушылары арасындағы

 

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен тілдік қорларын дамыту,қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілі мен математикалық білім қабілеттерін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау.

Көрнекілігі: Белсендірілген тақта,нақыл сөздер,математикалық жұмбақтар, ағылшын, қазақ, орыс тілдеріне байланысты сұрақтар.


Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

 Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың кос қанаты кьірқылды,

 Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың –

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,

Таралған түрік балаларын бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім! 


Түрі:сайыс

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші:

Қош келіпсіздер,қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

Құрметті қонақтар! Сіздерді  5 «а»-сынып оқушыларының арасында өтетін

 «ХХI ғасыр  көшбасшысы» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.

Әділ-қазылармен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.

Ортаға алдын ала белгіленген нөмір бойынша сайыскерлерді шақырамыз. (Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.)

№1-

№2-

№3-

№4-

№5-

№6-

Бүгінгі сайыс IV-кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Алғашқы 2 кезеңнен бір ойыншы шығады , ал 3 кезеңнен кейін екі ойыншы шығады. Соңғы кезеңде 2 ойыншы жеңімпаздыққа бақ сынайды.

I-кезең.Бәйге-Сұрақтарға ауызша жауап береді.

II-кезең. Полиглот.- Жұмбақтардың жауабын  қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде айту.

III-кезең.Көкпар.- Пән бойынша сұрақтарға жауап беру.

IV-кезең.  Берілген сөздердің әріптерін пайдаланып, жаңа сөздер құрастыру.

 Сайыскерлерге сәттілік тілейік!                                                                                                                

I-кезең.Бәйге  қол көтеріп жауап беру (сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер 1 қадам алға жылжып отырады)

1.     Алғашқы қазақ ғарышкерін ата. – Т.Әубәкіров

2.     Қосымшаның неше түрі бар? – 2 түрі

3.     Тұрмыс – салт жырларын ата. – беташар, тұсау кесер т.б

4.      «Тілімізді» сөзі қай септіктер тұр. – табыс

5.     Ұя салмайтын құс - көкек

6.     Ең үлкен уақыт өлшемі ? - ғасыр

7.     Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазмды тұлға ? – Президент

8.     Қай айда 28 күн ? – барлық айда

9.     Сиырдың пірі – Зеңгі баба

10.                        Жылдан құр қалған жануар – түйе

11.                        Қазақстандағы үшінші ғарышкер кім ? – А.Айымбетов

12.                       Кім барлық тілде сөйлейлі ? – жаңғырық

13.                       Жыр мен жыршы сөзінің айырмашылығы –

14.                       Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған? – 4 сағат

  1.  7 қарақшыны ата –Меркурий,Марс,Юпитер,Сатурн,Уран,Нептун,Плутон
  2. «Жет болу» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы - ұялу

 II-кезең. Полиглот

Көшбасшы дегеніміз жанжақты болуы керек.Келесі кезеңіміз полиглот деп аталады. Жұмбақтарды табу,орысшасын айту.

1.Білімнен мол сый-асы,

 Балғындардың ұясы.  (мектеп-школа-school )

2.Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда? (сағат-часы- clock )

3.Екі тақта арасында 
Қимылдайды қызыл тақта (тіл-язык- language)

4.Жаны жоқ қаршыға қолға қонар,

Жем алып қиын жерден аузы толар,

Мен өзім қаршығамнан баһра алдым,

Шешуі осы сөздің қиын болар.  (қалам-ручка-handle )

5.Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (жер шары-глобус-globe )

6.Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (д
әптер-тетрадь-notebook)

7.Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi. (жазу үстелі-парта-desk )

8.Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi  (күнделік-дневник-diary )

9.Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (алфавит-аlphabet )

Ал,енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.Нәтиже бойынша осы 2 кезеңде ең төмен ұпай алған 2 сайыскермен қоштасамыз.

Рахмет,келешекте осындай ойындарда сәттілік тілейміз. (естелікке сыйлық беру)

III-кезең.Көкпар сайысын бастайық.-қағазға жазылған тапсырмадан бір-біреуден таңдау 2 тапсырма болады.Сол тапсырмаларды орындау керек.

 

Қазақ тілі

1.Лексика сөзі қай тілден алынған және қандай мағынаны білдіреді ? -Лексика (грек. “сөзік қор”)

2.Мәтін дегеніміз не ? - Мәтін – “байланысу, бірігу”

3.«Тайға таңба басқандай» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы -  Анық

4.Қазақ тілінде қанша әріп,дыбыс бар және нешеуі дыбысқа жатпайды? - 42 әріп,37 дыбыс, 5 дыбысқа жатпайды

5.Фонетика нені зерттейді ? -Фонетика – дыбыстарды зерттейді

Әдебиет

1.«Әдебиет» сөзі қай тілден алынған ?-Араб тілінен

2.Мақалдың жалғасын тап.

      Акқу көлін аңсайды … - адам туған жерін аңсайды

3.Ертегінің неше түрі бар және оларды ата  - 3 түрі бар – қиял-ғажайып, шыншыл, хайуанаттар

4.«Матау» сөзінің мағынасы - қатты байлау, бекіту. “түйені матап тастады”

 5.«… Көш бетімен тарта береді. Бір күні Сорқұдықтың басына келіп жетеді.» қай ертегіден алынған ? - Ер Төстік

Орыс тілі

1. Определи количество букв и звуков в слове июнь. - 4 буквы , 4 звука

2.2.Найди слово, в котором необходимо писать Ъ : 1) лист…я ,2)  короч…ка ,3) вы…езд  ,4) под…ём - подъём

3.Найдите прилагательное :А) синий    В) синева   С) синеть      D) синь   - синий

4.Укажи сложное числительное А)один    В) пятьсот   С) третий         D) стопятьсот

5. В каком слове букв больше чем звуков?   А) книга   В) письмо С) ручка     D) юлаписьмо

Ағылшын тілі

1.Where are you from? –  I am from Kazakstan

2.Translation of the wordsОларәңгiмелесiптұрды.

3.“Әке,ана, аға, қарындас” word translation into English - mom, dad, brother, sister

4.Translated into Russian:  I’m playing a game.Wearemakingasandcastle - Я играю в игру.Мы делаем замок из песка

5.Тhe number of letters in the English language – 26

Математика

1..Өрнектің мәнін тап.15 ц 72 кг-7ц 20 кг  - 8 ц 52 кг

2.40300 және 8000 сандарының қосындысын есепте - 48 300

3.Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? - 6 бала

4.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? -40 шақырым

5. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады? - 200 кг

IV-кезең. Тапқырлық сайысы- Жорға

Тәуелсіздік сөзін пайдаланып, одан бірнеше сөз құрасытар.

III.Қорытынды бөлім: Қазылар алқасына,келген қонақтарға сөз беру..                                                

        Қосымша есептер егер ұпайлары тең болған жағдайда:  Мақал-мәтел сайысын өткізу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения