Тулеубаева Айгуль Астановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Костанайская область, Тарановский район, село Тарановское
21.09.2015
0
525
0

Открытый урок по казахскому языку "Алтын күз"





Сабақтың тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты:

 

Білімділік: күз  тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру, сұхбаттасу, қазақша сауатты жазу, сұрақтарды дұрыс қою;

Дамытушылық: күз және күзгі табиғат жөніндегі танымдық білімді толықтыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту,сөйлем мүшелерін ажырата білу;

Тәрбиелік:  туған жерге деген сүйіспеншілігін артыру,елін, жерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Жыл мезгілі туралы суреттер, сызбалар, үлестірме қағаздар, интерактивти тақта, стикерлер, А-3 парақтары.

Әдіс – тәсілдер: жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс, ұжымдық   жұмыс, Кембридж тәсілімен оқыту.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

2.Сабаққа дайындық:

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

 

Психологиялық күй.

 

Балалар бір-біріне және қонақтарға тілектер айтады.

Ал, балалар қане бүгінгі көңіл күйлеріңді алдарында жатқан смайликтер арқылы көрсетіп жіберіндер. Оқушылар смайликті көтеріп, өздерінің көңіл күйлерін көрсетеді.

Өз көңілдерін смайлик бойынша тақтаға шығып жапсырады.

Балалар  алдарында жатқан стикердің түстеріне қарай /сары, жасыл, қызыл/ мына үш топқа бөліну керек. Оқушылар өз топтарына отырады. Балалар, бүгін біз өзімізді және бір-бірімізді мына бағалау парақтарына бағалаймыз.

Сыныпты топқа бөлу.

Сары  түсі- 1 топ

Жасыл түсі- 2 топ

Қызыл түсі – 3 топ

 

3. Үй тапсырмасын тексеру: Ал, балалар, бүгінгі көңіл күйіміз жақсы екен, ендіше үй тапсырмасын тексеремін. Үй жұмысы қандай?

Кластер бойынша әңгіме құрастырып, тақтаға шығып, қорғайды.

Басқа топтың балалары бағалайды.Стикерге атын және бағасын жазады.

1топ-3 топқа

2 топ -1 топқа

3 топ- 2 топқа

 

4.Жаңа сабақ.

Мұғалім тақпақ оқып, оқушыларға сұрақ қояды:

-Бұл тақпақ не туралы?

-Ол қандай тақырыппен байланысты?

Балалар сабақтың тақырыбын айтады.

-Ал енді, балалар ,ойлаңдар,  сабаққа қандай мақсаттар қоямыз?

Оқушылар өздері сабақтың мақсатын айтады.

5.Тапсырмалар.

Мәтінмен жұмыс.

 

Қазір               мезгілі. Күзде             жиі жауады.

           суыта бастады, аспанды             қаптады.

           сарғайып жерге түсіп жатыр. Олардың түстері

әр түрлі:      ,     ,      .             жылы жаққа ұшты.

      

        да жылы киіне бастады.           қысқарып,         

ұзарады. Бақшада                 пен                піседі.

6. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар. (Взаимопроверка) Ал, енді жанында отырған көршілерімен тапсырмаларымен алмасып тексеріндер. Бағалап, тақтадағы дұрыс нұсқасымен тексеріп шығады.

7. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап. (Выявление одаренных и талантливых детей)

1 топ.

Диқаншылар күздігүні егін жинайды.

2 топ.

Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

 

3 топ.

Адамдар күзде жылы киінеді.

8. Сұрақ-жауап. 

1-топ.Қыркүйек.

Қыркүйек-күздің бірінші айы. Ауа салқындай бастайды. Мектепте оқу басталады.Қыркүйекте күн мен түннің ұзақтығы теңеледі. Қыркүйек- «ерте күз» деп атайды.

2-топ.Қазан.

Қазан –күздің екінші айы. Бұл кезде қара суық басталады. Ағаш жапырақтары сарғайып,жерге түседі.Жаңбыр жиі жауады. Қазан- «алтын күз»  деп атайды.

 

3-топ.Қараша.

Қараша- күздің үшінші айы. Қазақстанның солтүстігінде қара суық басталады. Шөпті қырау басады.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қараша- «қоңыр күз» деп атайды.

 

1топ-3 топқа

2 топ -1 топқа

3 топ- 2 топқа

 

9. Синквейн әдісі.

10. Венн  диаграммасын толтыру.

11. Рефлексия.

12.Үй тапсырмасы.

13. Бағалау.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения