Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
04.02.2013
1
1930
0

Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушыны патриоттық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу

Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушыны патриоттық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу

 

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамытуын қойып отыр. Қазіргі таңда педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруда.

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдауға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік бар.

   Мен өз сабағымда оқытудың жаңа технологиялық әдістерінің ішінде педагогика ғылымдарының кандидаты Марал Мәденқызы Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясын пайдаланамын, 5-6 жылдан бері «Алғашқы әскери дайындық сабағында баланы патриоттық, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу» тақырыбында шығармашылық жұмыспен айналысып келемін.

   Сабақ өту кезінде жаңа технологиямен шығармашылық жұмысты байланыстырып өтемін.

   Модульдік технология – педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарын материалды толық игеру әдістерінің негізгі позициясына сүйенген. Модульдік технологиямен оқытудың маңызды мәселесі оқушылардың танымдық қызметінің артуы, жеке тұлғаның өзіндік дауына бағыт беру, сонымен қатар оның мүмкіндігінің жүзеге асуын қадағалау.

  Сабақта қазіргі заман талабына сай компьютер техникасы, проектор пайдаланамын.

   Алғашқы әскери дайындық сабақтарында мен негізінен дифференциалды, ұжымдық және жұптық оқыту әдіс-тәсілдерін қолданамын. Әсіресе, практикалық сабақтардан саптық даярлық бойынша сабақтар алдыңғы сабақтарда дағдыланған машықтардың ұмытылмауы үшін жүйелі түрде және бірдей уақыт аралықтарында өткіземін.

   Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге қызыға қарайды, бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.

   Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдердің отансүйгіштік,елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Патриоттық тәрбие беру – оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру. Алғашқы әскери дайындық енгізілуі, оған байланысты әскери патриоттық тәрбиенің тереңдеуі, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастарды Отанды қорғауға, талантты әскери кадрлар даярлау, жас азаматтардың патриоттық тәрбиесіне танымдарымен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы процесс. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі мектепте қаланды.

    Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын , ұлттық намыс мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында ұжымдық қорғаныс жұмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жұмыстарын өткізуге аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары АӘД-ты оқытудың негізгі бір бөлімі. Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын жетілдіреді.

   Патриоттық даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде АӘДпән мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.

    Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.  

Комментарии пользователей /1/
gt041186@mail.ru | 25 февраля 2014 07:34
Пожалуйста
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения