Жиембаев Мейрамбек
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
15.09.2015
0
655
0

Ата – анамен жұмыс " Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?"

Казахстан, г. Атырау

Детский сад №55

Методист

Джанжолова Г.А.

                                          

Ата – анамен жұмыс

" Балаңызды қаншалықты  жақсы білесіз?"

 

Мақсаты : Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым қатынасы  туралы түсініктер беру арқылы  ата  аналардың  білімдерін көтеруге көмектесу. Балаларына жылулығын  сезіндіру,  қаншалықты  балаларына  көңіл  бөлетіндіктерін  білу.

Барысы :  Тәрбиеші  Қош келдіңіздер, құрметті ата аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингміздің  ерекшелігі  сол,  тәрбие  процесіндегі  қиындылықтарды  біз боп, сіз  боп  пікірлесе  отырып, ойымызды түйіндеп,  өмір  жолында  пайдалану.  Олай  болса, бүгінгі тренингімізді  бастамастан  бұрын  өздерімізді таныстырып  өтейік.

Бірінші жаттығу  танысу «Есімдерді ата»

Мақсаты: топтағы балалармен ата-аналарды таныстыру жақындастыру.

Жүру барысы: Бұл тренингте ата-аналар шеңбер болып тұрады. 1 – ші  допты лақтырып ата-аналар өздерінің есімдерін атайды, 2-ші айналымда балалардың есімдерін атайды, 3-ші айналымда сол топтағы есте қалған балалардың есімдерін атайды, бұл жерде ата-аналар бір-бірімен танысып, қай баланың ата-анасы екенін біледі.

Екінші жаттығу  «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

Мақсаты: ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынасты анықтау.

Жүру барысы: ата-аналарға және балаларға бірдей сұрақ қойылады, ата-анамен баланың жауабы салыстырылады. Ата-аналарға берілетін сұрақтар:

-балаңыз қандай түсті ұнатады?

-балаңыз қандай ойыншық түрлерімен ойнағанды ұнатады?

-қандай тағамды сүйсініп жейді?

-балаңызды еркелеткенде қалай атайыз?

-балаңыздың қай  топқа баратынын білесіз бе?

-балаңыздың қандай мультфильмді жақсы қызығып көреді?

Сәйкес келген, жауаптарға 1 ұпайдан беріледі. Қай ата-ананың ұпайы көп марапатталады, ал қай ата-ананың ұпайы аз ол ата-аналарға кеңес беріледі. Болашақта  баласымен тығыз байланыста болу керек екенін айтады.

Үшінші жаттығу: шығармашылық жұмыс бағытында

 «Отбасылық құндылық ағашы».

Мақсаты: ата-аналар өз отбасындағы жауапкершілікті сезіну. 

Жүру барысы: ата-аналар алдында жапырақтар және неше түрлі бояулар жатады. Жапырақтарда отбасылық құндылық сөздер жазылған

-махаббат

-сенім

-ауызбіршілік

-ата-ананың сөзі заң

- сыйластық

-ағайын-достарға ашық есік

 -мықты денсаулық

-қамқорлық

-бос уақытыңызды балаңызбен бірге өткізу

-көп бала

-достық

 Бірнеше    берілген отбасылық құндылық сөздерді ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Бұтақтарына орналастырса жасыл түске, діңіне қызыл, тамырына қоңыр түске бояп іліп,  не себепті отбасылық құндылықтарды осылай орналасқандарын қысқаша айтып, сипаттап береді.

4 – жаттығу:

 Осы бағытта ата-аналардан сауалнама толтырылады.

Отбасы – Адам баласының алтын  діңгегі.  Өйткені адам  ең алғаш  шыр  етіп дүниеге келген  сәтінен  бастап,  осында  ер  жетіп, отбасының  тәрбиесін  алады.  Сондықтан  да  отбасы- адамзаттың  аса  қажетті,  әрі  қасиетті  алтын  бесігі.

Қортынды  жаттығу  «Балаңыздың арманын орында»

Мақсаты:  ата-аналар өз балаларының арман, қиялдар туралы білу және ойларын түйіндеу.

 Барысы: Ата – аналардың  алдында, өз балаларының арманы жазылған жұлдызшалар бар, ата-ананың  өз баласының аты жазылған жұлдызшаны таңдап алып оқиды.  Жұлдызшаға болшақта баласының  қандай адам ретінде болатынын елестетіп, арманын  тілектерінің орындалуна тырысатынын жазады, жұлдызшаны арман әлеміне іледі.

Қортынды сөз:  Бала  балабақшада  қаншалықты  болғанмен  оның  өмірінің  көп  бөлігі  әке -шешесінің қасында  өтеді  екен.  Ал  сіздердің  ата -ана, өміріңізде үш рет  балабақшаға  баратыныңызды әрқашан естен  шығармаңыз. Бірінші рет- өзіңіз,  екінші рет- балаңыз, ал  үшінші рет- немереңіз  барады екен.                      Ендеше бүгінгі отырысымызға қатысып отырған ата- аналарға әрдайым осы  балаларыңыздың  қорғаны болып, немере  сүйіп  балабақшаға келе беріңіздер демекпіз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения