Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
04.02.2013
0
2281
0

Қысым

Год: 2013

Страна: Казахстан

 

Қызылорда облысы

 Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

№70 Жанқожа батыр атындағы мектеп

Физика пәнінің мұғалімі

Меңдібаева Айгүл Қуанышбайқызы

 

Сабақтың тақырыбы:

Қысым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қысым, күш, аудан, олардың арасындағы байланыс

                  формуласы, өлшем бірліктері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін қысымның

                         формулаларын қорытып, есептер шығару арқылы дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, негізгі ұғымдарды есте

                   сақтай білуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: баяндау, есеп шығару

Көрнекілік: қысымның формулалары, өлшем бірліктері

 

Сабақ барысы

  1. I.                   Ұйымдастыру

Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты еске түсіру.

IV тарауды қайталау

• Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?

• Заттың тығыздығы, массасы, көлемінің формулаларын атаңдар.

• Күш дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

• Гук заңы қалай тұжырымдалады?

• Дененің салмағының, үйкеліс күшінің, тіректің реакция күшінің  формулаларының бір-біріне қандай байланысы бар?

• Үйкеліс күші және үйкеліс коэффициентінің таңбалануы.

• Деформация деп нені атайды, оның қандай түрлері бар?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына тәуелді болады немесе қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

Қысым =                        р=

Мұндағы р – қысым; F – бетке перпендиукуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші; S – күш түсетін беттің ауданы. Осы формуланы түрлендірсек, келесі өрнектерді алуға болады:

F=pS                  немесе                    S=

 

                                                 
Мысалы, жіңішке төрт аяғы бар кішкене үстелді төңкеріп, ыдыстағы құмның үстіне қояды да, оны массасы 5 кг гір таспен бастырды. Бұл жағдайда үстел құмға батпайды. (90а-сурет). Ал үстелдің бетін жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойғанда, оның аяғы құмға батып кетеді. (90ә-сурет). Осы сияқты адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Өйткені шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады. (91-сурет).

Қысымның өлшем бірліктері:

SI жүйесінде қысым паскальмен (1Па) өлшенеді.

1гПа=100Па=102Па

1кПа=1000Па=103Па

1МПа=1000000Па=106Па

ІV. Сабақты бекіту

  1. Массасы 6000кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000см2. Оның топыраққа түсіретін қысымы қандай?

 

       
       

 


Бер: m= 6000 кг          F=mg             2000см2 =  0.2 м2

        S=2000см2                  р=              F=6000 кг  *10Н/кг =60000H

             g=10Н/кг                                      р=60000H/0.2 м2=300000Па

 

Т/к: p-?

 

 

 

  1. Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95м; ені 8см. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?

 

 

Бер: m= 78кг                 S=ab                  8см =  0.08м

        a=1.95м                         р=                 S=1.95м *0.08м =0.156 м2

             b=8см                      F=mg              F=78кг  *10Н/кг =780H               

                                                               р=780H/0.156 м2=5000Па=5кПа

Т/к: p-?

  1. Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы

0,001м2. Бұл вагонның массасы 30 т болса, ол жерге қандай қысым

           түсіреді?

 

Бер:     m= 30 т                F=mg             30т =  30000кг

          S=0,001м2                р=              F=30000 кг  *10Н/кг =300000H

             g=10Н/кг                                р=300000H /0,001м2=300000000 Па=300МПа

 

Т/к: p-?

 

  1. Массасы 300 кг токарь станогы іргетасқа төрт аяғымен тұр. Егер әр аяқтың ауданы 50 см2 болса, станоктың табанына түсіретін қысымы қандай?

  Бер: m= 300 кг          F=mg             50см2 =  0.005 м2

        S=50см2                         р=              F=300 кг  *10Н/кг =3000H

             g=10Н/кг                                      р=3000H/0.005 м2=600000Па

 

Т/к: p-?                                                600000Па / 4 = 150000Па=150кПа

 

Y. Үйге тапсырма

§33 оқуға, 15-жаттығуды орындау.

 

Скачать урок

kysym.doc [382,5 Kb] (cкачиваний: 6)

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения