Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
04.02.2013
0
1893
0

Абай 17 қарасөз

Год: 2013

Страна: Казахстан

Қызылорда облысы, Қазалы  ауданы

     Жанқожа  батыр атындағы  №70 мектеп

   Қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі

       Көмекбаева  Салтанат Есқарақызы

 

8 сынып. Әдебиет

 

Сабақтың тақырыбы:

Абай 17 қарасөз

ІІ. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай  қарасөздерін   оқыта  отырып, сөз мәдениетін 

қалыптастыру.

Тәрбиелік:  17  қарасөзде  айтылған  тәрбиелік  сөздердің мән-мағынасын 

                    ашу арқылы  өз бойындағы  жақсы  қасиеттерді  құрметтеуде,  

                    адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ой- өрістерін   дамыту,   танымдық белсенділіктерін

                             арттыру.

 

ІІІ.Типі: Білім  мен дағдыны   қалыптастыру.

ІV.Түрі: Ізденіс  сабағы.

V.Әдіс-тәсілдері:  СТО әдістері

Пәнаралық  байланыс: Биология, қазақ тілі

Көрнекіліктер: Тірек  схемалар, кестелер, суреттер көрмесі.

 

VІ.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру  бөлімі: амандасу, түгелдеу, сабаққа

жұмылдыру .(2мин)

Психологиялық   дайындық. Пікірлесу «Егер мен ақын  болсам...»

2.Үй тапсырмасын  сұрау: Ассосация әдісі  қолданылады.

 

(Оқушылар  интерактивті  тақтада   тапсырманы  орындап болған соң, аталған өлеңдерді  жатқа оқиды)

Лирикалық  өлеңдердің негізгі  идеясына  талдау  жасап қорытындыланады

Өлеңдердегі лиризм

Жоғары

Негізгі идеясы

Тартыстар

Қайғы,ащы зар, өкініш,арман,үміт

Жоқтау,көңіл айту, жұбату.

Әке мен бала арасындағы махаббат, ата-аналық  мейірім

Қайғы мен жұбаныш

өмір  мен өлім

3. Жаңа тақырып: Абай 17 қарасөз.

(Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, оқушыларға  өтілген  тақырыпты  байланыстыра отырып, сұрақ-тапсырма  беріледі.

Мыс: 1.Адам  қуанғанда  немесе  өкінгенде дене мүшесіндегі  қай органға  ең бірінші әсерін береді? (Жауабы, «жүрек»)

2.Жүрекпен  қиналып тұрсақ та, іс-әрекетімізді немен  шешеміз? (Жауабы «Ақыл»)

3.Дені сау адамда  күш...т.б. не болады?  немесе алған (Жауабы: «Қайрат»)

4.Оқыған  біліміңді  әрі қарай  қалай  жалғастырар едің? (Жауабы «Ғылыми негізде»)

(Оқушылар  жауабы  тыңдалып болған соң, байланыстыра отырып Абайдың 17 қарасөзінің негізгі  идеясы  түсіндіріледі.

 

Дәптермен жұмыс: ББҮ-әдісі  арқылы оқушылардың жаңа сабақтан  түсінгендері  талқыланады.

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Адам организміндегі  мүшелердің  немесе  адамға  керек  қасиеттердің  пайдасы  бар екендігін  білемін. Мыс. Тіс – тағамды дұрыс пайдалану үшін немесе «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы  елге тарайды».

Автор адамның  көп қасиеттерінің  ішінен  тек қайрат, ақыл, жүректі таңдап алған,  себебі  неде?

(Екі  бөлімді  талдап болған соң   бүгінгі  жаңа тақырыптан нені  үйренгені  жазылады.)

 

1. Мәдмалат- (Бұл сөздің  мағынасы  дәптерге  жазылады) мақсат, мұрат деген  мағынаны   білдіреді.

VІІ.Бекіту бөлімі: Сабақты  пысықтау үшін «Кейіпкерге хат  жазылады.

                               Оқушылар өз  ойларындағы  арман, мақсаттары  немесе

                               сауалдарын жазады.

Жазылған   жұмыстар: тақтаға  ілініп,  мазмұны  оқылады. Пікірлері  де тыңдалады.

VІІІ.Қорытынды: 3 қатар  бойынша  оқушыларға  төмендегіше  тапсырма  беріледі. (жоба  қорғау).

1 қатар                                   2 қатар                                            3 қатар

Абай  шәкірт бойынан                  Жақсы қасиет немесе                    Мен кіммін?

нені көргісі келеді?              жаман  қасиетті ажырата

                                              аласыңдар ма?

 

ІX. Үйге тапсырма:  Абайдың  17 қарасөзіндегі  мақсат, абырой, рақым, ұят,

                                  тазалық, көрсеқызар сөздерінің  мән-мағынасын ашып,

                                  пікірлерін жазып келу  керек. Абайдың қарасөздеріне

                                  шолу жасаңыз.

 

Сурет салу керек (жүрек,күн)

 

X.Бағалау:          Белсенді  жауап берген  оқушылар «күн» бейнесімен  («4»-деген баға)            бағаланады. Ал, өте жақсы жауап берген оқушыларды  класс болып

анықтап,  «жүрекшелерді» («5»-деген баға) бір-бірлеріне   

ұсынады.

 

Скачать урок

kmekbaeva-saltanat17-arasz.doc [46 Kb] (cкачиваний: 10)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения