Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
01.02.2013
3
9329
1

Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері

Год: 2013

Страна: Казахстан

 Қызылорда облысы

 Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

№70 Жанқожа батыр атындағы мектеп

География пәнінің мұғалімі

Нурмаханов Талант Токтасынович

Тақырыбы:

Оңтүстік  Американың өзендері мен көлдері 

 Сабақтың мақсаты: 

         Білімділік: Оңтүстік Америка материгінің өзендері мен көлдеріне сипаттама беріп, олардың өзіндік ерекшеліктерін айтып өту.

       Дамытушылық: Атлас картадан материк өзендері мен көлдерін көрсете отырып, оқушылардың іскерлік қабілетін дамыту 

       Тәрбиелік: Материк өзендері мен көлдерін айта келіп, олардың қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оқушыларға суды тиімді пайдалану керек екендігін түсіндіре отырып экологиялық тәрбие беру. 

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзі климаттық картасы.Слайд.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология

Сабақ барысы:

 І Ұйымдастыру.                                                                                                                                   Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

ІІ Үй жұмысын тексеру:                                                                                            1) Материк климатының қалыптасуына әсер ететін қандай факторлар.                2) Субэкваторлық климаттық белдеуде орналасқан Бразилия таулы қыратының шығыс бөлігіне жауын-шашын неліктен аз түседі?                             3) Материкте қандай климаттық белдеулер бар?                                                      4)  Басым ылғал мөлшері материкке қандай мұхит арқылы келеді?                    5) Патогония үстіртінде қандай климаттық жағдай қалыптасқан?                                                                                                                                                                              

ІІІ Жаңа сабақ:                                                                                                                Өзендері. Материктегі Анд тауы Атлант мұхиты мен Тынық мұхиты арасындағы басты суайрық жотасы болып табылады. Материктегі өзендер 3 алапқа Атлант мұхиты, Тынық мұхиты және ішкі алапқа жатады. Тынық мұхиты алабына жататын өзендер қысқа әрі суы мол өзендер. Анд тауының тауаралық үстітррі бөлігіндегі өзендер ішкі алапқа жатады.

 

Өзен атауы

Жалпы мәлімет

Амазонка    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Парана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ориноко 

Жер шарындағы ең суы мол өзен. Амазонка өзені Анд тауынан басталып Атлант мұхитыны құяды. өзен ұзындығы – 6400 км, су жинау алабы 7 180 000 км2. Өзеннің 500 астам салалары бар, олар суның түсіне қарай «ақ өзен» (суда сазды жыныстар көп) және «қара өзен» (суда шіріген өсімдік қалдығы көп) деп аталады. Су шығыны 1 сек 220 000 м3 су ағып өтеді. Амазонка өзенінің ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км жетеді. Суының деңгейі наурыз-сәуір айында айырықша көтеріледі. Атлант мұхитындағы толысу әскрінен өзен суы 1,5-5 м дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км дейін кері ағады. Бұл құбылысты жергілікті үндістер «амазуну» деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан. Амазонка өзені тіршіліке бай. Өзеннің суы тынық бөлігінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м жететін виктория-регия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ірі балық ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып арапайма, және жыртқыш ұсақ пиранья балығы, электрлі су жылан, тұщы су дельфині-иния, кайман қолтырауындары тіршілік етеді.

Парана өзені Бразилия таулы қыратындағы Паранаиба және Риу-Гранди тауынан басталып Атлант мұхитына құяды. Ұзындығы бойынша Амазонкадан кейінгі өзен. Ұзындығы – 3480 км. Өзеннің су жинау алабы 2 663 000 км2. Өзен суы жауын-шашынмен қоректенетіндіктен көктем, жаз айларында су деңгейі көтеріледі. Парана өзенінің су шығыны  1 сек 17 500 м3 ағып өтеді. Өзен басталар жерде таулы үстірттерден бастау алатындықтан бірнеше сарқырамалар жүйесі қалыптасқан. Биік сарқырамалардың бірі Игуасу сарқырамасы 72 м, Урубупунга сарқырамасы 12 м. Өзен Бразилия, Парагвай, Аргентина жерінен ағып өтетіндіктен транзиттік маңызы бар. Парана өзенінің орташа тереңдігі 12 м, ең терең жері 48 м.

Ориноко өзені материктегі суы мол өзендердің қатарына жатады. Өзен Гвиана таулы үстіртіндегі Дельгада Чальбауд жотасынан бастау алып Оринико ойпаты арқылы ағып өтіп атлант мұхитына құяды. Оринико өзенінің ұзындығы – 2780 км. Өзеннің су жинау алабы 1 086 000 км2. Суының деңгейі мамыр айында көтеріледі. Су шығыны 1 сек 10 000 м3 ағып өтеді. Оринико өзенінің Чурун саласында дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель орналасқан. Өзенде амазонка дельфині мен ориноко крокадилі мекендейді. Ориноко өзені кеме жүзуге қолайлы.

 Магдалена өзені Анд тауынан басталып Кариб теңізіне құяды. Өзен ұзындығы – 1550 км, су жинау алабы 260 000 км2 Өзен суы маусым бойынша өзгеріп тұрады. Суының ең көп мөлшері мамыр, тамыз айларында жауын-шашын есебінен артады. Су шығыны 1 сек 10 000 м3 ағып отеді. Магдалена өзенін Колумбия мемлекеті кеме жүзуге транзитік мақсатта пайдаланады. Өзеннің 880 км кеме жүзеді

 

Көлдері. Оңтүстік Америка материгінде көлдер көп емес. Материктегі ірі тектоникалық көл Титикака, осы көлдің оңтүстігінде Поопо, солтүстігінде Маракайбо көлі бар.

Көл атауы

Жалпы мәлімет

Титикака

 

 

 

 

 

 

 

                                         Поопо

 

 

 

 

 

 

                                    Маракайбо

Титикака көлі Анд тауындағы дүние жүзінде ең биікте орналасқан көл. Теңіз деңгейінен биіктігі  - 3812 м. Титикака көлі тектоникалық көл және ағынды көлге жатады. Көлге ірілі ұсақты 300 жуық өзен құяды. Титикака көлінен Диагуадеро өзені ағып шығады. Көл суының температурасыжыл бойына бірқалыпты 100-120С шамасында. Суының орташа тұздылығы 10/00. Ауданы – 8300 км2, ұзындығы 230 км, ені 97 км. Көлдің орташа тереңдігі 140-480 м, ең терең жері 304 м.

Поопо көлі Анд тауында титикака көлінің оңтүстінінде орналасқан. Көл жаздың ыстық күндері су деңгейі бірнеше рет өзгеріп кеуіп кетеді. Поопо көлінің ауданы 1340 км2. Теңіз деңгейінен  3686 м биіктікте орналасқан. Көлдің орташа тереңдігі 3 м. Поопо көліне Титикака көлінен ағып шығатын  Диагуадеро өзені құяды. Көлде қоқиқаздың бірнеше түрі тіршілік етеді.

Маракайбо көлі материктің солтүстігінде орналасқан мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көл. Ауданы бойынша материктегі ең үлкен көл. Ауданы – 13200 км2. көлдің орташа тереңдігі 250 м. Маракайбо көліне Кататумбо, Палмар, Анон өзендері құяды. Көлдің теңіз деңгейінен бейіктігі 0 м. Маракайбо көлінің табанынан қазіргі кездемұнай мен газ өндіріледі

 

IV. Жаңа сабақты бекіту.                                                                                                        1. Тынық мұхиты мен Атлант мұхиты арасындағы суайырық жотасы.                                 А) Гвиан таулы қырыты                             С) Анд тауы                                                                В) Бразилия таулы қырыты                        Д) Патогония үстірті 

   2. Игуасу сарқырамасы қай өзенде.                                                                                                  А) Парана өзені                                           С) Ориноко өзені                                                                          В) Амазонка өзені                                       Д) Магдалена өзені 

   3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама.                                                                                                  А) Игуасу                                           С) Ниагара                                                                          В) Виктория                                       Д) Анхель 

4. Титикака бұл...?                                                                                                                       А) Ең тұзды көл.                                        С) Ең биікте орналасқан көл                                                                          В) Ең терең көл.                                         Д) Ең үлкен көл   

5. Жер шарындағы алабы бойынша үлкен өзен                                                                                                                       А)Магдалена өзені.                                        С) Амазонка өзені                                                                          В) Ориноко өзені.                                          Д) Парана озені   

V. Бағалау. Үйге тапсырма                                                                                        1. Кескін картаға материктегі ірі өзендер мен көлдерді түсіру.              

 

 

Скачать урок

ashy-saba-5555.doc [53,5 Kb] (cкачиваний: 77)

Комментарии пользователей /3/
suigen_zhurek@inbox.ru | 19 июля 2013 11:27
Саба? жан-жа?ты ?амтыл?ан,Е?бегиніз жемісті болсын!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения