Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ЗКО Казталовский район Каракуль поселок
18.08.2015
0
707
0

Әдебиеттік оқу 3-4 сынып

 

Әдебиеттік оқу 3-4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. 3 сынып.

                                     Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі. 4 сынып

Сабақтың мақсаты:

1.     Дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі туралы түсінік беру. Сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға үйрету.

2.     Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу. Сөзге шешен болуға жаттықтыру.

3.     Оқушыларды шымыр болуға, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, рефлексия

Сабақтың көрнекілігі: тірек –сызба, спортшылардың суреттері.

 

Сабақтың барысы

І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау –мотивациялық кезең

Мұғалім сабақты саяхат түрінде өткізеді.

-         «Адам –керуе, өмір -жол» демекші, бүгінгі сабағымызды «Жеті ата» ауылына жолға шығамыз. Өздерің білесіңдер, әр адам өзінің жеті атасын білуі тиіс. Қазақта «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген нақыл сөз бар. Сендерге сәттілік тілеп, «Жеті ата» ауылында кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындауларыңа тілектеспін.

1-   
Ауыл. Ата ауылы. Суретпен жұмыс

 

Спорт түрлері бейнеленген суреттер беріледі. Мұғалім жетекші сұрақтар қояды.

-         Спорт не үшін қажет?

-         Суретте берілген спорт түрлері туралы не білесіңдер?

 

2 – ауыл. Әке ауылы. Тірек-сызбамен жұмыс.

Берілген тірек-сызба бойынша оқушылар өз ойларын айтып, ойтұжырым жасайды.Ойтұжырым:

   Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар дейміз.

   Салдыр мен үннің қатысты арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар дейміз.

   Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үні басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар дейміз.

 

ІІ  Сараланған бөлім.

Операциялық-орындаушылық кезең.

3 – ауыл. Бала ауылы.

Әр сынып оқушылары өз оқулықтарындағы жаттығуларды орындайды.

3 сынып

4       сынып

Мұғалімнің басшылығымен

2-Тапсырма

Метаграмманы оқып, шешуін табу.

Тарақта бар,               Өңірде бар,

Шашта жоқ.               Өмірде жоқ.

Тамақта бар,              Жеңілде бар,

Аста жоқ.                    Ауырда жоқ.

 

Жауабы: қ және ң дыбыстары

 

Оқушының өздік жұмысы

 

Оқушыларға осыған ұқсас жұмбақ  құрастыртуға болады. 

Оқушының өздік жұмысы

2 – тапсырма

Жұмыс дәптерінде берілген мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазу. Қатар келген дауыссыз дыбыстардың үндесуін тауып, астын сызу.

Мұғалімнің басшылығымен

3-тапсырма

Құрамында қатар келген қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздер жазып, оларға дыбыстық талдау жасаңдар

Үлгі: концерт

 

4- ауыл. Немере ауылының тапсырмалары.

 

3 сынып

5       сынып

Оқушының өздік жұмысы

3-тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мақала-мәтелдерді толықтырып жазыңдар.

Үлгі: Ақылдың сабыр серігі.

Мұғалім – мекте..тің жүре...і.

Кітап – білім бұла...ы.

Тала...ы жоқ жас – қанаты жоқ құс.

 

Мұғалімнің басшылығымен

4-тапсырма

 Мәтінді оқындар. Көп нүктенің орнына тиісті дауыссыз дыбыстарды қойып, сөйлемді толықтырыңдар.

   Қазақтың ұлт..ық спорты – күрес. Е...ропада грек-рим күресі,ал Азия мен Шығы...та еркін күрес.

 

ІІІ  Кіріктірілген бөлім.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

 

5-ауыл. Шөбере ауылының тапсырмасы.


«Кел, ойнайық» айдарымен ойын түрінде беріледі.

«Қазақстан чемпионы» ойыны.

 

Ойының шарты: осы спортшылар спорттың қай түрінен жеңіске жеткенін берілген бағандарға кім тез жазып берсе, сол жеңіске жетеді.

6-ауыл. Шөпшек ауылы.

Бүгінгі сабақта алған білімдерімізді тексеру мақсатында тест тапсырмаларын орындайық.

Тест тапсырмалары:

1.     Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңдер.

a)     Л,м,н,р

b)    В,г,д,ж

c)     Қ,т,ф,ш

d)    В,м,ш,к

2.     Қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

1/ Дені саудың -.... сау

a)     Өмірі

b)    Жаны

c)     Кәсібі

d)    Оқуы

           2/ Әр адамның денсаулығы өз .......

a)     Жолында

b)    Қасында

c)     Қолыңда

d)    үйінде

3.     Сөйлемнің жалғасын тауып, сәйкестендіріңдер.


1.     Күш -....

2.     Ерлік білекте емес, ....

3.     Бірлік болмай, ............

4.     Шынықсаң, .................

5.     Шын ер жеңсе тасымас, ........

a)     Жүректе

b)    Білімде

c)     Шымыр боларсың

d)    Жеңілсе жасымас

e)     Тірлік болмас

4.     Мына сөздердің ортақ мағынасын беретін сөзді табыңдар.

Күрес, гольф, футбол, бокс.

a)     Мамандық түрлері

b)    Жұмыс түрлері

c)     Спорт үрлері

d)    Қызмет түрлері

5.     Дұрыс жауаптарын тауып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

1.     Сидней олимпиадасының чемпионы – бекзат Саттарханов ........ айналысты.

a)     Күреспен

b)    Жүзумен

c)     Гольфпен

d)    бокспен

2.     Бақыт Сәрсекбаев жеті мәрте Азия .....болды.

a)     Спортшысы

b)    Батыры

c)     Чемпионы

d)    шаңғышы

3.     Олардың жеңіске жетуі дені сау, ........, күшті болуына байланысты.

a)     Әдемі

b)    Сұлу

c)     Мықты

d)    биік

 

4 сынып

6.     Көп нүктенің орнына тиісті дауыссыз дыбыстарды қойыңдар.

1.     Бок...ы                  2. Жеңі....аз              3. Қа...ылас

а) дт                           а)нт                            а)лс

ә) жш                         ә)мп                           ә)хс

б) сш                          б)хт                            б)рс

в)тд                            в)сп                             в)сс

7.     Сөздердегі асты сызылған дыбыстар қандай дауыссыз дыбысқа жатады?

Саттарханов Мұңайтпасов, шынықтыру, спортпен, бұлжытпас

a)     Дауыссыз, қатаң

b)    Дауыссыз, үнді

c)     Дауыссыз, ұяң

 

7-ауыл. Немене ауылына да келіп жеттік.

Біз бұл ауылға қонақ болып демалып, жол бойы жасаған жұмыстарымызға өзіндік талдау жасаймыз. Жолда кездескен тапсырмаларды орындадыңдар. Бәріңнің де дендерің сау болсын, мықты да білімді, шымыр болып өсе беріңдер! Енді бүгінгі жұмыстарынды бағалаймыз.

Үйге тапсырма: Ата жұртым тақырыбында өз жеті атасын туралы әңгіме жазып келу.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения