Кайсаева Гулбакыт Айтмухамедовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
18.08.2015
0
367
2

«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» ( 8 наурыз! )

 Кайсаева Гульбақыт Айтмухамедовна

                                                                Гуманитарлық колледждің

                                                                психология пәнінің оқытушысы

 

Сценарийтақырыбы: «СыйынаремАнадегентәңірге» ( 8 наурыз! )

 Сценариймақсаты: Анажайлытамашасөздер, өлеңдер, әндерарқылыардагер, ұстаз-аналарменарулардымерекеменқұттықтау, студенттердімейірімділікке, ұстамдылыққатәрбиелеу, ұстазғаата-анағадегенқұрметсыйынарттыру, анаеңбегінқадірлейбілугеүйрету.

Сценарийкөрнекілігі: аналаржайлынақылсөздер,мақал-мәтелдер.

 Барысы: Кіріспе:

 1- жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.

2 - жүргізуші.

Добрый день дорогие гости нашего вечера! Разрешите поздравить Вас с  Международным женским днем 8 Марта! Желаем  Вам веселого настроения и всего-всего наилучшего на свете!

1 - жүргізуші

- Абай, маған басқа мейрамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқындар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді.

2-жүргізуші

- Ия,келісемін сенімен. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі  ұстаздарымыздың көңілдерін нұрға, жүректерін жырға бөлесін.

1.Арнау

2. Ән: "Ана" Ақжол

1-    жүргізуші

Құттықтау сөз кезегі колледждің  директоры Жүсіпов Әділхан Шаймағамбетұлына беріледі.

Ұстаздарды марапаттау рәсімі.

2-    жүргізуші

Құрметті арулар сіздердің құрметтеріңізге

1.     Шабыт

2.     Ән: "Сүйем сені" (квартет)

1-жүргізуші

Абай, өмірде не тәтті,не жұмсақ,не қатты екенін білесің бе?

2 - жүргізуші

Тәттіден бал тәтті
Жұмсақтан мамық жұмсақ
Қаттыдан тас қатты.

1- жүргізуші


Тәттіден ананың сүті тәтті,
Жұмсақтан ананың алақаны жұмсақ,
Қаттыдан ананың мейрімі қатты.

Олай болса ,ұстаз-аналарымызды әріптестерінің құттықтауына тыңдайық .(экранға назар аударыңыздар)

1.     Би: Шаттық биі

2.     Ән: " Аяулы ана" Гүлім, Қырмызы

1 - жүргізуші

өмірде     - Ең күшті нәрсе не? – , білесің бе.?

2 - жүргізуші

Ең күшті нәрсе ол.................

1- жүргізуші

- Ең күшті нәрсе не?-

         - Әйелдің әмірі! – дер едім.

         Әйелдердің барлығын

         Жердегі Тәңірі! – дер едім.

         Өз басым аналарды осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.

1.     Би:

2.     Ән: "Ана туралы жыр" ТРИО

2 - жүргізуші.

Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,

Ақындардың өлең арнар жырысың.

Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,

Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

1.     КВН:

2 - жүргізуші

Ты - женщина. Ты – мать. Жена. Подруга.

Любимая. Хозяйка. И сестра.

Вселенная. Страдание. И мука.

Ты – женщина. Ты – искра от костра.

Ты – женщина. Ты – истина. Ты – сила.

И красота. Господь благословил

Тебя на все дела, как ты просила.

Бог чудом – женщиной – нас щедро одарил

Ән: "Көктем қыздар" Ернар

1-жүргізуші.

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған

Шапақтарың бар әлемге таралған,

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,

Орындалсын жүректегі бар

2- жүргізуші. ! Көктемнің гүлі,әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі жеңгелеріміз туралы бір әзіл айтсам қалай қарайсың

1 – жүргізуші. Иә, осындай мерекеде айтпағанда қайда айтамыз.

2 – жүргізуші.

Таңертең. Асүй. Ағамыз бен жеңгеміз кофе  ішіп отыр.

Жеңгеміз ағамызға:

-Жаным, 8 наурызға екі күн қалғанын ұмытып кеткен жоқсың ба?-дейді.

Сонда ағамыз кофеге қақалып:

-Не дейді? Тағы да ма?  – деген екен.

Ендеше, апа – жеңгелеріміздің құрметіне би. Қабыл алыңыздар!

1.     Ән: "Сенің анаң алтын" Жакен Тілек

1 – жүргізуші. Тағы да бір қалжың айтсақ қалай болады екен?!

2 -жүргізуші. Айтсақ айтайық!

1 – жүргізуші.  

-Қымбаттым! Саған 8 наурызға не сыйлайын?

-Тіпті... білмеймін...

-Ендеше тағы бір жыл ойлануыңа уақыт беремін.- деген екен.

Ендеше, аруларымызға үнемі сыйлық жасауды ұмытпайық.

Баллада

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

1.     Ән: "Ана туралы жыр" Қырмызы

1 - жүргізуші.

 

Аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.  --------орындауындағы «............» әнін қабыл алыңыздар

2- жүргізуші. Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнар көзі.

1-  жүргізуші. Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 

1 -жүргізуші..

1.     Ән: "Қазақ аруы"

Құрметті қонақтар ,біздің «Сыйынар ем ана деген тәңірге"атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения