Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
30.01.2013
0
2798
0

Жамбыл- ірі эпик ақын

Год: 2013

Республика Казахстан,Кызылординская область,Казалинский район 

кент Айтеке би средняя школа №204 имени Ы.Алтынсарина

Учитель казахского языка и литературы

Жумагазиева Роза Бугенбаевна.

Сыныбы: 11

 Сабақтың тақырыбы:  

«Жамбыл- ірі эпик ақын»

  Сабақтың мақсаты: оқушыларға Жамбыл өлеңдерінің мәнін ашқызып, әр түрлі тақырыптағы өлеңдерінің құрылысына талдау жасау, ел қорғаған батыр,  өз еліне жайлы қоныс іздеген жан туралы дастандарымен таныстыру.

  Тәрбиелік мәні: Отанды сүюге, патриотизмге , адамгершілікке , поэзия, халықтық өнер, көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.

 Сабақтың көрнекілігі: Жамбылдың суреттері , шығармалары, электронды оқулық, интерактивті тақта,  мектеп аудиохрестоматиясы, көркем суреттер , ғаламтордан алынған деректер , Т. Жароковтың суреті, Асан қайғының суреті, кестелер.

 Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, тест, талдау, дәлелдеу, ізденушілік, ой қозғау, ВЕНН диаграммасы, ассоциация, болжау.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

                                  2. Үй тапсырмасын сұрау.

1 Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы  сұрау.

2.  Шығармаларынан  хронологиялық тест беру.

3.    Оқулықта жоқ деректерден өз ізденген жұмыстарын оқыту .

 3. Үй тапсырмасын қорыту:  Интерактивті тақта арқылы тірек сызбаларымен өтілген сабақ барысында  сұрақтар беріп, ой қозғау арқылы Жамбыл өлеңдері мен өмірі , айтыстары туралы жалпылымы сұрақтар беріп сұрап,  жауаптарын толықтырып, қорытамын .

  Жаңа сабақ. Тақырыбы:  «Жамбыл- ірі эпик ақын»

  1.Мұғалімнің кіріспе сөзі :

   Жамбыл ата жүз жасаған жасың бар,

Бір өзіңдей бола бермес асылдар .

Өлеңдерің өлмейтұғын мұра боп,

Жасай берер жалғасып сан ғасырлар,- деп ақын ағамыз жырлағандай  көзі тірісінде «Қазақтың Гомері » атанған  ақын атамыз өмірге екі рет келген адам.  Тоғыз ай, тоғыз күнде  ана құрсағынан туса,  тоқсан  мен жүз жастың арасында ұлы Гомер атанып,  тағы бір түледі.  Қазақ арасынан шыққан ұлылармен қатар өмір кешкен  ұлы Жамбыл тауымен аттас Жамбыл Жабаевтың дастандары бір төбе.  Олай болса, енді сол дастандарға назар аударайық.

1.Жамбыл туралы айта келіп, төменгі сыныптарда өткен , өздері оқыған эпостық, лиро –эпостық жырлардың қандай жырлар екенін , қайсысын өткенін сұраймын.

2.  Оқушылардың жауаптарын толықтырып,   ғаламтордан алынған деректерді мысалға келтіре отырып, одан әрі Жамбылдың таңды - таңға , күнді- күнге жеткізіп,   айлап, апталап жырлаған жырларымен бірге  өзінің төл туындылары  «Сұраншы батыр » мен «Өтеген батыр»  дастандарын таныстырамын. «Өтеген батыр », «Сұраншы батыр» сияқты тарихи тақырыпқа арналған поэмаларды  ақын асқан шабыспен, жаңа мән, мағына беріп жырлады. Ақын ол екі поэмасын да бүгінгі заманмен, бүгінгі өз сезімі, өз қуанышымен аяқтайды.

 1941 жылы үздік шығармалары  үшін Жамбылға Мемлекеттік сыйлық берілген.

 Жамбыл дастандары:  «Өтеген батыр» (1937 жылы жазылған)

                                        «Сұраншы батыр» (1939 жылы жазылған )

                           «Жапар туралы » ( сақталмаған )

                            «Саурық туралы » (Сақ талмаған)

3. Оқушыларға алдын- ала ізденуге берілген тапсырмалар бойынша  Ж. Жабаевтың  дастандары туралы жинаған деректерімен танысу.

4.  Жауаптарын толықтырып, мына деректер бойынша сабақты одан әрі түсіндіру.

   «Өтеген батыр» дастаны:    1. Т. Жароковтың қағазға түсірген нұсқасымен 1937 жылы басылып шыққан.  2. Мифологиялық желілер негізінде жазылған халық аңызы.

3. Екі нұсқасы сақталған.

4. Орысша аудармасы «Литературный Казакстан» жұрналында жарияланған.

 

 

 

 

5. Өтеген батыр туралы  деректер сөйлейді.

 

                            Өтеген батыр

     Өтеген батыр (1699–1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан. Өтегеннің ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған. Бабасы Сырымбет

 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан кешкен батыр адам болған. Шешесі Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі екен. Өтеген батыр

15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан.1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1470 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар. Өтеген батыр жөнінде ел аузында аңызға бергісіз әңгімелер көп сақталған. Солардың біразы Сүйінбай мен Жамбыл секілді жыр алыптарының да дастандарына арқау болған. Ел оның есімін әулие тұтып, қос мүйізі бар киелі деп біледі. Жамбыл Жабаевтың: «Қасара біткен маңдайдан, жан еді қос мүйізді» — деп жырлап, оны батырлықтың белгісі ретінде тануы да содан.

   «Сұраншы батыр» дастаны:

а) 1938 жылы «Әдебиет майданы» жұрналының №7-8 сандарында жарияланған.

ә) 1939 жылы жеке кітап болып басылған.

в) 1946 жылы Ж. Жабаевтың толық жинағына енген.

 г) Жамбылдың айтуы бойынша  Қ. Әбдіқадіров жазып алған .

ғ) Жетісу  бойын Қоқан хандығы билеген заманда оған қарсы күрескен  халық көтерілісін бастаған.

д) Жырда қазақтарды Қоқан билігінен азат етуге көрші халықтардың қатысқаны дәлелденген.   

Сабақты пысықтау: оқушыларға жаңа сабақты  пысықтау мақсатында тапсырмалар орындатамын.

а) Жамбыл жырларындағы көркемдік ерекшеліктерді жырларын оқи отырып, талдату.

1. Жырларында эпитет, теңеу, метафора , кейіптеу, әсірелеу көп кездеседі .

2. Екі заманды екі елді салыстыра бейнелеген.

3.  Романтикалық сарынмен жазылған.

4. Мақал- мәтелдеп сөйлеу басым.

5. Жыр жолдарының 7-11-12 буынды болып келуі.

6. Тақпақ, толғау, сырласу, ұрандау,  айбынды дыбыстарды молынан пайдаланған .

ә)   Өз ұлтының ертеңі , жайлы өмірі үшін жайлы қоныс іздеген  атақты Асан Қайғы туралы оқушылардан сұрай отырып,  «Өтеген батыр » жырындағы  ел жайын ойлаған Өтеген батыр екеуін салыстыртып, екі ұлы адамның ұқсас жерлерін тапқызамын.

 Асан Қайғы

 Ұқсастығы

 Өтеген батыр

 

 

 

 

б) Жетісу бойын Қоқан хандығы  билеген кездегі Қазақстанның  картасын  оқушыларға таныстырып, көрсетіп сабақты тарихпен байланыстырып, сұрау.

в)  ВЕНН диаграммасы арқылы  Өтеген батыр мен Сұраншы батырға мінездеме бергіземін.

г)  Жырлардан  бірнеше шумақтар алып,  буын, бунақ, тармақ, ұйқас жағынан талдау жасатамын.

ғ)  Интерактивті тақта арқылы тест жұмыстарын орындатамын.

д) Мектеп аудиохрестоматиясынан Ж. Жабаевтың жырларынан үзінді тыңдатамын.

 Сабақты қорыту: оқушыларға  электронды оқулықтан Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан тапсырмалар орындатамын. Қосымша жалпылама сұрақтар беріп, жауаптарын толықтырып қорытамын.

 Үйге тапсырма : «Жамбыл- ірі эпик ақын» тақырыбын оқу, Жамбылдың дастандары туралы деректер жинап келу.   

 

Скачать урок

[attachment=157]

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения