Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
30.01.2013
0
3668
0

Жансүгіров «Күйші» поэмасы

Год: 2013

Республика Казахстан,Кызылординская область,Казалинский район 

кент Айтеке би средняя школа №204 имени Ы.Алтынсарина

Учитель казахского языка и литературы

Жумагазиева Роза Бугенбаевна.

   Пәні: Қазақ әдебиеті

 Сыныбы: 10

 Сабақтың тақырыбы:

І. Жансүгіров «Күйші» поэмасы


 Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ әдебиетінің белгілі классигі І. Жансүгіровтің  «Күйші» поэмасын  таныстырып, оқыта оқытып ХІХ ғасырдың І жартысындағы  тарихи оқиғаларды , күй табиғаты мен күйші тағдыры туралы  баяндалған поэманы жан- жақты ашып түсіндіру.

2. Оқушыларды адамгершілікке , ізгілікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа , мейірімділікке баулу, күй табиғатын түсіне білуге, өнерді, өнер адамдарын құрметтей білуге  тәрбиелеу.

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, мәнерлеп оқу, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: І. Жансүгіровтің шығармалары , суреті , электронды оқулық, тірек сызба,  оқулық, интерактивті тақта, мектеп аудиохрестоматиясы .

 Сабақтың барысы: 1 . Ұйымдастыру кезеңі

                                   2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. І . Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының  І-ІХ тарауларының мазмұнын сұрау.

2.  Қосымша сұрақтар беру, кейіпкерлері туралы баяндау.

3.  Интерактивті тақта арқылы сөзжұмбақ  шешкізіп, жауаптарын толықтырып, өткен сабақты қорытамын.

 Жаңа сабақ. Тақырыбы: І. Жансүгіровтің «Күйші » поэмасы 

 Жаңа сабақты  мектептің намысын күй тартудан қорғап, талай сайыстардың жүлдегері атанып жүрген күйші оқушыға «Адай» күйін орындатудан бастаймыз .  Осындай әсерлі күйден соң  оқушыларға «Күй,  домбыра, әуен» сөздерін айтқызып, топқа бөлемін. Күй сөзін айтқан оқушыларды «Күй» тобына, домбыра сөзін айтқандарды «Күйші » тобына, әуен сөзін айтқандарды «Құлагер» тобына топтастырып, отырғызып, төмендегідей тапсырмалар орындатамын.

  1. «Күй» тобына 9-10-11 тараулар
  2. «Күйші» тобына 12-13-14 тараулар
  3. «Құлагер » тобына 15-16-17 тарауларды беремін.

 1.Әр топ өздері оқыған тарауларына тақырып қоюлары керек .    

2.Әр топ мүшелері уақытты үнемдей отырып, өздеріне берілген тарауларды мазмұндау.   Оқушылары баяндап болғаннан кейін оқиға әрі қарай қалай аяқталатындығы туралы болжау сұрақтарын беру.

1. Оқиға әрі қарай қалай өрбиді деп ойлайсың?

2. Күйшінің тағдыры не болмақ?

3. Күйші өз еліне қайта бара ала ма?

Олардың жауаптарын толықтырып, келесі топтың мазмұндауына көшу.

  Оқушылар барлық тарауды мазмұндап болған соң құрылған жоспар бойынша оқушылардың айтқандарын толықтырып, поэманы түсіндіріп шығамын.

 Сабақты пысықтау: оқушыларға топтарына  қарай сабақты пысықтау үшін әр түрлі тапсырмалар орындатамын.

Тапсырма 1. Таратпалы парақшалар арқылы  Қарашаш пен Күйшіге мінедеме бергіземін .

Тапсырма 2.  Оқушыларға   Ілиястың поэмаларын негізге ала отырып, поэмаларды  салыстыру  арқылы  мынадай  кестені толтырттым.

 

Поэмалары

Ұқсастығы

Кейіпкерлері

« Күй »

« Күйші »

« Құлагер »

 

Өнер адамы, күйдің  құдіреттілігі  саз аспаптарымен  ( домбыра,

қобыз ) орындалуы

Молықбай  қарт

Күйші  жігіт

Ақан  сері

   Тапсырма 3.  Әр топ өздері оқыған тарауларынан  2 шумақтан жолдарын алып әдебиет теориясы бойынша талдау жасайды.

 Тапсырма 4.   Оқушыларға  интервью – тест  таратып,  әр топтың жауаптарын  сұрап, талқылаттым.

 

 

 

 

                             Интервью – тест « Күйші »  поэмасы  бойынша

 

р/с

Сұрақтары

 

Жауаптары

1

           Қазірде  біздің  ортамызда  Қарашаш  пен  күйші  сияқты  хан менен  қара  баласы  бар ма ?

 

2

Қарашаш  бейнесі , оның  қазақ  әдебиетіндегі  басқа  әйелдер  образынан  ерекшелігі  бар ма ?

 

3

Тек  домбыра  үнінен туындаған күйден қазіргі  эстрадамен орындалған  күйлердің айырмашылығы бар ма ?

 

 

 Сабақты қорыту: оқушыларға  мектеп адиохрестоматиясынан Н. Жантөриннің оқуымен «Күйші» поэмасын , ғаламтордан алынған 1 күйді тыңдатып, жалпылама сұрақтар беріп, алған әсерлерімен бөлісіп, сабақты қорытамын.

 Үйге тапсырма: І. Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының  тарауларын оқып мазмұндау .

 

 Скачать урок

roza-apay-2.docx [15,05 Kb] (cкачиваний: 48)

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения