Кожахметова Гульжихан Беккалиевна
Должность:учительница начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангыстауская область Каракиянский район , село Мунайшы
12.08.2015
0
277
0

Открытый урок по родному языку "Қамқорлық"

Маңғыстау облысы,

Қарақия ауданы,

Мұнайшы селосы

№7 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Гульжихан Беккалиевна.

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы:        Қамқорлық. Б. Соқпақбаев.

 

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Мәтінді мәнерлеп, нақышына келтіре оқи отырып, мәтін мазмұнындағы айтылғалы отырған ойды түсіну, мазмұнын өз сөздерімен баяндап беруге бейімдеу.

2.     Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, ой – қиял ұшқырлығын дамытуға жұмыстандыру арқылы, шығармашылық қиялын, дүниетанымын дамыту.

3.     Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, тіршілік иелеріне қамқорлық жасап, мейірімділік таныту,жақсы мен жаманды айыра білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:         Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі:  Ж. Қараев технологиясы.

Техникалық құрал: Видеопроектор.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу,қазақ тілі

Сабақтың жүрісі:

 

І. Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал ұйымдастыру.

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Бастамас бұрын сабақты

Амандасып алайық.

 Жарқырасын күніміз,

Жайнап тұрсын гүліміз.

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.

-  Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Мәнерлеп оқу

ә)«Көжек» әңгімесінің мазмұнын айту

ә) «Жедел ойлау» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап алу

1.     Мәтін шығарманың қай түріне жатады? (Ертегі)

2.     Ертегідегі кейіпкерлерді ата. (Шаруа, көжек)

3.     Шаруа көжекті қайдан тауып алды? (Мұздан)

4.     Ертегідегі негізгі ой нені меңзейді? (Туған жер)

 

ІІІ. Ой қозғау:

-Балалар, біз өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?

 -«Табиғат – менің өз үйім» деп аталады

-Адам  және барлық тіршілік атаулы, жан – жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер бәрі табиғат перзенті.

Көктем айында барлық тіршілік атаулы өзінің қарбалас кезін бастайды. Мысалы құстар туған жерге оралып, ұя салып , балапан өргізеді.Ал жануарлар  ұрпақ көбейтіп, төлдейді. Сондықтан барлығымыз осы табиғатперзенттеріне қамқорлық жасауға міндеттіміз.

-Қамқорлық дегенді қалай түсінеміз:

 

Осыған орай  бүгін өзімізге таныс атақты жазушы Б. Соқпақбаевтың  «Қамқорлық» мәтінін өтеміз.Бұл мәтінде  қандай  қамқорлық жөнінде сөз болған екен ,келіңдер, танысайық.

«Сөз ойла, тез ойла»

 

қ м о л қ ы а қ р

 

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту

-Қандай сөз шықты?

-Қамқорлық

Осыған орай  бүгін өзімізге таныс атақты жазушы Б. Соқпақбаевтың  «Қамқорлық» мәтінін өтеміз.Бұл мәтінде  қандай  қамқорлық жөнінде сөз болған екен ,келіңдер, танысайық.

 

ІV.Жаңа тақырып: Қамқорлық. Б. Соқпақбаев  туралы мағлұмат беру.

 

Мәтінді оқу.

Сөздік жұмыс.

Жан далбаса – асыға, тездете.

Ентелеп – Бірдеңеге үлгере алмай қалатындай, ентігіп, демалысы жиілеп.

Дуал – үйді, бақты айнала қоршалған қоршау.

Әккі – төселген, қуланған, әбден бойы үйреніп алған.

Безбүйрек – аяусыз.

Топшы – құс қанатының кеудеге жалғасқан жері.

Бейқам – ешнәрсе ойламай отыруы.

V. Жаңа сабақты пысықтау

1.Мәтінді мазмұндау.

Джиксо әдісі бойынша

 

2.«Торғай» «Қамқорлық» мәтіндерін салыстыру.

Венн диаграммасы

 

VІ. Сергіту сәті.

Желкілдеген желменен,

Желегінді тербеген.
Өсірді оны дихандар,
Тамшылаған терменен.
                 

VІІ,Деңгейлік тапсырмалар:

1.     Міндетті деңгей:

а) іштей , түсініп оқу;

ә) тізбектей оқу.

2.     Алгоритмдік деңгей:

·        Кейіпкерлерге мінездеме беру.

3.     Эвристикалық деңгей:

·        Сен қалай ойлайсың?

·        Сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?

·        Мәтін туралы өз ойын ортаға салу.

·        Қорытынды жасау

4.     Шығармашылық деңгей:

·        Мақал – мәтелдерді, халық даналығын қолдана отырып оз ойымен «Жақсылық пен Жамандық» тақырыбына әңгіме жазу.

 

VІІІ.Қорытындылау

-         Балалар, бүгін біз не туралы мағлұмат алдық?

-         Қамқорлық, мейірімділік.

-         Сендерге әңгімедегі қай кейіпкер ұнады, қай кейіпкер ұнамады?Неліктен?

 

ІХ. Кері байланыс:

1.     Мәтін авторының кім?

2.     Мәтіндегі Жантас қандай бала?

3.     Мәтіндегі Қожа қандай бала?

4.     Қожаға толығырақ мінездеме бер.

5.     Жантасқа толығырақ мінездеме бер.

6.     Жантастың алғашқы оғы неге тиді?

7.     Торғайдың халін баяндап бер.

8.     Мәтіндегі негізгі ой не?

 

-         Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-         Несімен ұнады?

 

Х.Бағалау.

 

ХІ.Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеп беру.Құстар – біздің досымыз» тақырыбына эссэ жазу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения