Жеткеншек Мендигалиев
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
11.08.2015
0
997
4

Мәтіндегі сөздердің арақатынасы





Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға мәтін және мәтін құрылымын кеңірек түсіндіру. Мәтіндегі сөздердің арақатынасы жайында теориялық білімдерін шыңдау.  

Ә) Дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

Б) Тәрбиелілік: елін, жерін, Отанын, тілін қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және ұлтжандылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, сатылай кешенді талдау, мәтінмен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, тірек сызбалар, бейнелі суреттер,орфографиялық сөздік,   бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері:  ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау.

Сабақ барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу,

2.Кезекші мәлімдемесі.

Журнал бойынша түгендеу.

3.Үй тапсырмасын сұрау.

    Ал, балалар, бізге берілген үй тапсырмасы қандай еді? Ол – қаламыздың көшелерінде қате жазылған жарнамаларды суретке түсіру. Және оны орфографиялық сөздіктен қарап қатесін дұрыстау. Және аяқкиім жөндеу, саламатты өмір салты сөздеріне сатылай кешенді талдау жасау.

Аяқкиім

Бұл сөз үш құрамнан тұрады: аяқ-ки-ім

2.Тұлғасына қарай:

 Аяқкиім – туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің бірігуінен жасалған туынды сөз

3. Құрылысына қарай–күрделі, Себебі, бірікен сөз.Себебі ритм-ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика грамматикалық жағынан біртұтас тұлға болып бірігіп тұрақталған сөз.

4.Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.

5.Лексикалық мағынасы –  адамның аяғына киетін киім.

6. Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан

 жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат есім.

 

7. Аяқкиім – не деген сұраққа жауап береді.

Ендеше, бұл – зат есім. Сонымен зат есім дегеніміз  кім? не?кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап  беріп, заттың, нәрсенің,құбылыстың, деректі,дерексіз ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.

7. Мағынасына қарай:

А)Жалпы есім. Себебі, ұғымның жалпылай атауы.

Ә) Жансыз. Себебі, тіршілік иесі емес.

Б) Деректі.Себебі көзбен көріп, қолмен ұстауға болады.

В)Нақты. Себебі, деректі болған нәрсе нақты болады.

Жөндеу сөзіне фонологиялық талдау.

Саламатты сөзіне фонетикалық талдау.

4. Жаңа сабаққа дайындық.

Бәрекелді!Ал енді  сөз дегеніміз не?

Сөз тіркесі дегеніміз не?

Мәтін дегеніміз не еді?

Мәтін нелерден құралады?

Сөйлеммен мен мәтіннің айырмасы қандай?

Абзац дегеніміз не?

Мәтіндегі сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

 

 Сөз дегеніміз – белгілі бір ұғымның немесе мағынаның дыбысталуы не дыбыстық таңбалануы. Әрбір сөздің ішкі және сыртқы құрылысы болады. Сөздің сыртқы құрылысы дыбыстау болса, ішкі құрылысы белгілі бір мағына мен ұғым. Сөз тіркесі дегеніміз – сөздің аталған ішкі және сыртқы құрылымының мағыналық және тұлғалық жағынан байланысуы. Ал сөйлем дегеніміз – біршама тиянақты ойды білдіретін  мағыналық, грамматикалық жағынан байланысқан сөздер тобы.

   Мәтін – айтылған ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрі.

  Мәтін өзара байланысқан бірнеше сөйлемдерден тұрады да, олардағы ойлар жинақталып, автордың белгілі бір пікірін, көзқарасын білдіреді. Ол көркем шығарма да, публицистикалық шығарма да, ғылыми еңбек те болуы мүмкін.

   Мәтін нешеге бөлінеді? Айтылу мақсатына қарай мәтін сипаттау, пайымдау, әңгімелеу болып бөлінеді.Сипаттау – белгілі бір сурет немесе көрініске қарап, соның түр-түсін, пішінін ажыратып суреттеу.

Пайымдау – дәлелді қажет етеді. Мысалы, кітап оқуды қажет деп тапсақ, оның пайдалы жақтарын қарастырамыз. Және соның пайдалы екенін дәлелдейміз(тіл ұстарту, көркем сөйлеу, адамгершілікке тәрбиелеу).

Әңгімелеу – белгілі бір мәтінді немесе шығарманы оқып болып, содан түсінгенін баяндап, әңгімелеп беру. Сөйлеудің мақсатына қарай мәтіндер: ауызекі сөйлеу, ғылыми, ресми іс қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет және діни мазмұнды мәтіндер болып бөлінеді.Ғылыми сипаттағы мәтінге: ғылыми түсініктер, ғылыми мақала, баяндама, реферат т.б. жатады.Ресми іс қағаздарға: өтініш, мінездеме, өмірбаян, қолхат, т.б. жатады. Публицистикалық мәтінге: ақпарат, хабар, мақала т.б. тән. Көркем әдебиет мәтініне: өлең, поэма, ертегі, әңгіме т.б. жатады. 

(Слайд арқылы көрсету)

 «Астана – бас қала»  тақырыбында мәтін құрату.

Біздің Астанамыз республикамыздың дәл ортасында орналасқан.

 (Құрауларына  3-4 минут беремін. Екі -үш немесе үш-төрт балаға оқытамын)

   

 

 

   Міне, балалар, сонымен біз мәтінді біледі екенбіз.Мәтін деп айтылған ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрі.

    Сөз – тілдің аса керекті құрылыс материалы. Сөз жеке тұрғанда жасық, дәрменсіз болып көрінеді. Оның жандана түсетін де, гүл-гүл жайнайтын жері де сөз тіркесі, сөйлем құрамы. Балықтың суда өмірі болатындай сөз де сөз тіркесінің, сөйлемнің  құрамында болады. Сөздердің тіркесу қабілеті де әртүрлі.Кейбір сөздер аз сөзбен, ал кейбірі көп сөзбен тіркеседі. Сөздер тіркескенде де бір-бірімен мағыналас тіркеседі. Мыс, жалқау бала, жазықсыз кісі, үлкен терек.

Керісінше жалқау тауық, жазықсыз ағаш деп айта алмаймыз.

  Дәптерлеріңе екі жолды тастап кетіңдер де мына сөйлемді жазып алыңдар.

 (Оқушыларға кейбір мәтіндегі сөйлемдердің қате жазылғанын дәлелдеу.)

   Ел техника жетістіктер әлеумет  прогресс мүдделер үшін пайдаланады.

 Шұлығынан аяғы шығып, алба-жұлба болып,  бір әйел келеді.  Көзі   көгеріп, ісіп кеткен. Пешке арқасын сүйеп отырып ауыр күрсінді.

 Рабиға баласының бетін сүйді.

Барлық кісінің   көзі бұған қарады

Айбар есікті айқара ашты. 

 

  – Ең бірінші, балалар, сөз бен сөз бір-біріне жақын боп , құралас, мағыналас тізбектелуі керек екен. Ал осы сөздер тізбегі ойды анық жеткізуге жеткілікті деп ойлайсыңдар ма? Сөз бен байланысу үшін не болу керек екен?

–Қосымша!

  Қазақ тілінде қосымшалардың өзіндік жалғану тәртібі бар. Ең алдымен сөзге жұрнақ,сосын көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары жалғанады.

 

Ендеше, өздерің көріп-біліп отырғандай бүгінгі сабақ тақырыбы:

Мәтіндегі сөздердің арақатынасы

 

Сабақты бекіту

Оқулықпен жұмыс.

12-жаттығу. ■ Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін койьш жазыңдар.Құрату, сатылай кешенді талдау жасату, мәтінге айналдырту.

 

 

  Күн қас...етті нұрын аяма... төгіп тұр. Біз Ма...раны тазалықшы етіп са...ладық (Б. С).

 

Жан қ...налма... жұмыс бітпес,

Талап кылма... мұратқа жетпес (мақал).

 Морфологиялық талдау жасаймыз. Мәтінге айналдырайып дамыту.

 

№1 жаттығу

 

  Қашан көрсең де Асан ақ атының (ақ боз ат) үстінде. Жаз жайлауының ыссы (ыссық) болуына қарамай аттан бір  қол үзген емес.(түскен емес.) Белін арқанға буып алып, ат үстінен қойларды қарайды. Қойларды алдыға салып, арға жағаға өткенде  өзен суы дізесіне дейін жетеді. Айтпақшы, түйелері және  сиырлары мен ешкілері тағы бар. Әкесі әлдеқашан ақ атқа ұлықсатын беріп,өзіне аманаттаған. Қаршадайынан еңбекке деген құлшынысы ата-анасын сүйіндірді.

    №2 жаттығу

Мәтінді басы артық сөздерден тазартып жөндеп, тақырып қойыңыз.

   Асан – Абайдың мектебінде оқыған  бала. Өзі фантазияға бай. Және сонымен қатар қулығы да баршылық. Асан ойдан шығарған өз өтірігін жалпақ жұртқа жайып жібереді. Ұшатын тәрелкені көзіммен көрдім деді әлгінде бір балаға. Қара сұр немістің азулы овчаркасы менің үйімде деп те  соқты біраздан соң. Кеше театрға барып, көп тараған қазақтың халық музыкасынан концерт тыңдағанын да «жасырған» жоқ. Ал, балалар, Асан қандай бала?

№3 жаттығу

Мәтінге керекті тыныс белгілерін қойып шығыңыз.

Бұл күнделікті өмірде кездесіп жүрген көріністер бір қарағанда ұсақ-түйек, болмашы нәрселер болып көрінуі мүмкін бірақ олай ой түю қате болар еді  өйткені бұлар ашу-ызаңды келтіреді намысқа тиеді намыс болғанда жеке бастың жайы емес ұлтыңа, еліңе ұят келтіретін жәйттар алматы қаласындағы №65  автобуспен келе жатырмыз «Сайран» автовокзалынан кейінгі бір аялдамадан соң кондуктор жігіт «келесі аялдама София» деді «Софиясы не дейміз» – ішімізден софия көшесінің ұлтымыздың ғажайып композиторы Қазақстанның және КСРО-ның Халық артисі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев атындағы көше болып өзгергеніне қаншама жыл! Биыл тура жиырма жыл болады. кондуктор – қазақ жігіті көп болса жиырма үш-жиырма төрт шамасында нағыз Тәуелсіздік азаматы былай қарағанда тұлабойы отаншылдық, елжандылық сезімге толы болуы тиіс тілендиевтің атын көпке саңқылдай хабарлау мақтаныш емес пе?!

 (Балаларға сөйлеудің мақсатына  қарай бөлінген мәтіндерді оқыту).

Үйге тапсырма: «Туған тілім – бойтұмарым»  тақырыбында шағын ой-толғау жазып келу.

Бағалау

 

 Қорытынды

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения