Байзильдина Сауле Сушыновна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
07.08.2015
0
457
1

Географиялық турнир "Материктер" 7 - сынып

Географиялық турнир «Материктер» (7 - сынып)

 

 

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой – өрісін дамыту, оқылған материктер бойынша меңгерген білімдерін байқап, білім деңгейлерін көтеру.

Өткізу түрі: жарыс

Көрнекілігі: дүниежүзінің саяси және физикалық картасы, проектор, слайдтар, географиялық атластар.

Сайысты өткізу барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

7 – ші сынып оқушыларынан үш топ құру.

II. «Визит карточкасы».
         Әр топ өзінің атауымен, логотипімен, ұрандарымен таныстырады.

III.Қазылар алқасымен таныстыру.
Қазылар орнықтырып әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

IV. «Білгенге маржан» сайысы.

Слайдта сөздер жазылған. Бұл не? – деген сұраққа жауап беру.

1.Гризли – Солтүстік Американың тайга зонасының аюы.

2.Тундра – батпақты, мүк пен қыналардан тұратын субарктикалық белдеудің табиғат зонасы.

3.Прерий – фр. тілінен «шалғын» деген мағынаны білдіреді.

4.Койот – Солтүстік Американың дала қасқыры.

5.Тайга –қоңыржай белдеудің ең ірі табиғат зонасы.

6.Карибу –Солтүстік Американың тундра зонасының солтүстік бұғыларының бір түрі.

7.Саларес – Анд тауларындағы тұзды батпақтар.

8.Пиранья –жыртқыш балықтар.

9.Торнадо – күшті желдермен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар.

10.Хамада –тасты шөлдер.

11.Ксерофит –құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

12.Панда – бамбук аюы.

V. «Почта» сайысы.

Әр топтан бір оқушы шығып, географиялық атаулар жазылған карточкаларды арнайы конверттерге салады. Конверт сыртында материктердің аты жазылған: «Еуразия», «Солтүстік Америка», «Оңтүстік Америка». Географиялық нысандарды аншалықты дұрыс тапса, сол топ жеңіске жетеді.

VI. «Артық сөзді тап» сайысы.

Слайдта тапсырма жазылған: аталған сөздерден артық сөзді тап.

1.Африка,Америка, Еуропа, Антарктида, Арктика, Азия.

2.Қала, ауыл, арал, аймақ, аудан.

3.Орыстар, қазақтар, ағылшындар, арабтар, граниттер, немістер.

4.Вашингтон, Сидней, Сингапур, Астана, Пекин, Мехико.

5.Өзен, теңіз, көл, шығанақ, түбек, мұхит.

6.Тянь – Шань, Гималай, Памир, Сахара, Анд, Жетісу Алатауы.

VIII. «Аралдар, түбектер, таулар әлемі» сайысы.

Географиялық картаны ең жақсы білетін оқушылар шығады. Оқыған материктер бойынша 1 – топ – аралдарды, 2 – топ – түбектерді, 3 – топ – таулары атап, картадан көрсетеді.

XIX.«Кім жылдам?» сайысы.

Қойылған сұрақтарға кім жылдам және дұрыс жауап береді, сол топ жеңіске жетеді.

1.Ең ылғалды материк.
2.Ең ұзын өзен.
3.Гималайдың биіктігі.
4.Дүниежүзінде неше климаттық белдеу бар?
5.Ең суық материк.
6.Ең үлкен арал.
7.Ең биік сарқырама.
8.Альпі тауының биіктігі.
9.Опоссум деген не?
10.Канаданың астанасы.
11.Дүниежүзіндегі ең ұзын тау.
12.Йеллоустон деген не?
X.«Мозаика»
сайысы.

Әр топқа материктердің қиындысы беріледі.Оларды жинақтап, осы материк жайлы қысқаша деректер.

XI.Сайыс қорытындысы.

Қазылар алқасы сайыстар бойынша қорытынды жасап, жиналған ұпайларын атап, жеңіске жеткен топты марапаттайды.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения