Байзильдина Сауле Сушыновна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
07.08.2015
0
564
0

География пәнінен ашық сабақ "Шыңға шығу"

Қазақстан географиясы (8 - сынып)

Сабақтың тақырыбы:    Шыңға шығу (қорытынды сайыс - сабақ)

Мақсаты: оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін байқау, өз отанына дегенсүйіспеншілін арттыру, оқушылардың табиғатты сүюге, қорғауға үйрету, жаңашырлық сезімдерін тереңдету.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, таудың суреті «Шыңға шығу», слайд «Туған өлкем – қандай көркем», географиялық атластар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар! Бүгінгі сабақ әдеттегіден өзгеше өтеді. Мұнда біз өзіміз тұратын Қазақстан Республикасы туралы, Отанымыздың табиғат байлықтары туралы не білетінімізді анықтамақпыз.

II. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Сынып оқушылары үш хандыққа бөлінеді.

* «Бурабай» хандығы
* «Сарыарқа» хандығы
* «Баянауыл» хандығы

Осы үш хандық «Білім елін» билеу құрметі үшін сайысқа түседі. Қазақстанның ең биік жері – Хан Тәңіріне кім бірінші болып жетеді, сол хандық «Білім елін» басқарады.

Мұғалімнің сөзі: Алдымызда таудың суреті. Ең биік жеріне жету үшін бірнеше аялдамаданөтуіміз керек. Әр аялдаманың аты бар және тапсырмалар берілген. Кім тапсырмаларды дұрыс орындайды, сол бірінші болып шыңға шығады.

Слайдта тапсырмалар жазылған.

1 – аялдама.
0 м – Танысу аялдамасы.

Әр хандық өзін таныстырады, атына сәйкес өлеңдер айтып, салған суреттер көрсетеді.

2– аялдама.
1000 м – Географтар аялдамасы.

Қазақстанның географиялық орнына байланысты сұрақтарға жауап беру.

3– аялдама.
2000 м – Тарихшылар аялдамасы.

Қазақстанның территориясын ерте заманнан қазіргі уақытқа дейін

зерттеген адамдар туралы мәлімет беру.

4– аялдама.
3000 м – Геологтар аялдамасы.

Геологиялық уақыт, тектоникалық құрылымдар туралы білімдерін көрсету.

5– аялдама.

4000 м – Таулар аялдамасы.

Қазақстанның аласа, орташа, биік тауларын атап, картадан көрсету.

6– аялдама.

5000 м – Климат аялдамасы.

Қазақстанның климатына жалпы сипаттама, температуралар жазылған белгілерді картаға орналастыру.

7– аялдама.

6000 м – Сулар аялдамасы.

Карта бойынша өзен, көлдерді көрсету, олардың қай алапқа жататының анықтау.

8– аялдама.

6995 м – Сөзжұмбақтар мен кескіндер аялдамасы.


Әр хандықтан екі оқушы шығып, сөзжұмбақтар шешеді.

1) «Жер бедері» сөзжұмбағы.

2) «Зерттеушілер»

3) «Өзен - көлдер»

Ал топтың қалған оқушылары кескін картаға өзен, көл, тау, жазықтарды жазады.

III.Қазылар алқасы қорытынды жасайды.

IV.Оқушылардың білімін бағалау.

V.Сабақтың қорытындысы.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения