Арызгулова Марфуга Ермековна
Должность:учительница начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангыстауская область,Каракиянский район,село Мунайшы
06.08.2015
0
372
0

Конспект урока " Г дыбысы , әрпі"

  Сабақтың тақырыбы:   Г г дыбысы мен әріпі.

  Сабақтың  мақсаты:      Г г дыбысы мен әріпін таныту. Дұрыс оқуға,     

                                              дыбыстауға жаттықтыру. Гдыбысы бар сөздері

                                              дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға

                                              үйрету.

 

Дамытушылығы:         Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын,  

                                         шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Тәрбиелігі:                    Ұқыптылыққа, әдептілікке, қоршаған ортаны

                                        табиғатты сүюге тәрбиелеу.   

 

 

Көрнекілігі:            Гәріпінің баспа, жазба түрі, суреттер, слаид.

 

                       Сабақтың барысы:

 

1.     Ұйымдастыру бөлімі.

Армысың, ару күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, достарым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым дос.

 Балалар, біз бір-бірімізбен қол ұстағанда не сезіндік?

-         Жылулықты.

-         Біз жылуды қайдан аламыз?

-         Күннен, бір-бірімізден.

 

Бәріміз:     Қуанамын мен де,

                   Қуанасың  сен  де,

                   Қуанайық достарым!

                   Арайлап атқан күнге.

Біз күннен жылу аламыз. Ендеше осы жылудан қонақтарға да сыйлайық.

( күнің суретін беру.)

 

2.     Өтілгенді пысықтау.

Балалар, біз сауат ашу сабағында бірнеше әріптер мен дыбыстарды оқып, танып білдік.

 

 

Дыбыс пен әріптің айырмашылығы бар ма?

-         Дыбыс деген не?

-         Әріп деген  не?

-         Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-         ЖУАН – а о ы ұ у

-         ЖІҢІШКЕ- е і ә и э

-         У дыбысы бірде дауысты; бірде дауыссыз неге?

Олай болса, өткен сабақта қандай дыбыс өттік?

Ү-дыбысы мен әрпІ.

Ү- дыбысы мен әрпі қандай дыбыс?

Дауысты жіңішке, әндетіп айтылады.

 

Оқулық пен жұмыс  

Кім кінәлі. Өлеңді жатқа айту.

Өлеңдегі балалардың аттарын ата?

Кінәлі бала кім?

 

 

Жаңа сабақ 

 

Мұғалімнің түсіндірмесі.

          Жұмбақ шешу.

    Аналарға сыйлайтын,

    Аралар бал жинайтын.

    Бұл немене балалар?

    Үзуге адам қимайтын.      (  ГҮЛ)

-         Бірінші қандай дыбыс естілді?  Г дыбысы.

-         Г дыбысын айту.

 

 

Дауыссыз                 ұяң             шұғыл

 

             Г әрпі мен дыбысы

 

Тіл арқылы        басында         ортасында

 

1-топ                     2 –топ                     3- топ

    Гүлсім                Гүлшара                Гүлжан

    Гүлім                  Гүлшат                  Гүлзира

    Гүлназ                Гүлзат                    Гүлмира

 

    

        - Г дыбысы бар адам аттары қандай әріппен жазылды?

        - Бас әріппен.

Дұрыс-ақ , адамның, аң-құстардың, жер – су аттары бас әріппен жазылады.

Балалар Г- дыбысына ұқсайтын қандай әріп бар?

-         Ғ ғ дыбысы.

-         Г-Ғ дыбыстарының айрмашылығы бар ма?  - Бар.

-         Г дыбысының белінде белбеу жоқ.

-         Ғ дыбысының белінде белбеу бар.

Олай болса, Г г дыбысының баспа жазба түрімен таныту.

 

Дәптер мен жұмыс

 

Г г

Гүлжан гүл өсірді.

Гүл егін егіз сегіз

 

Гүл- сөзіне дыбыстық талдау. Сөйлем құрау.

                                    Анама гүл сыйладым.

 

Сергіту сәті

 

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз бақытты- жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

 

 

Тақтамен жұмыс 

 

егін      егіз      кереге    шеге      шеңгел
егеу     сегіз     бетеге    неге       мезгіл

 

Гүл – бейнесін құрау.

Гүлдің ең бірінші несі болады.

-         тамыры ( қоңыр)

-         сабағы  ( жасыл)

-         жапырағы( жасыл)

-         күлтесі ( әр түрлі)

                                  

1- күлте. Сөздерді буынға бөл.

                 Ма-та  гүл   кө- гер-шін

2-күлте.  Мақалды жалғастыр.

                 Еңбек етсең ерінбей,

                 Тояды қарның--------

3-күлте.   Г дыбысы қандай дыбыс

 

4-күлте.  Жүзім – сөзінде неше әріп неше дыбыс бар

 

5-күлте. Шарлап келіп даланы,

               Үйіме үйін салады.    Бұл не?  ( КӨГЕРШІН)

 

Көгершін қандай құс?   - Бейбітшілік құсы.

 

Тағы қандай құстарды білесіңдер?

-         Қарлығаш Аққу Үкі Тырна Сауысқан т.б

 

 

Оқулық пен жұмыс

 

  Ақкөгершін  өлеңін оқу.

Ақкөгершін, көгершін,

Қолғанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт құсы болсын деп,

Ұшырамын қолымнан.

                Н. Баймұхамедов

 

 

Сергіту сәті

Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын.

Көгершіндер қанат қағып,

Көк жүзінде самғаймын.

 

Ойын      ( Кім тез)

 

 

ША   А              Ш  Й

БА    А               ОР  Қ

 

 

Шығармашылық жұмыс

 

 

Гүлдің суреттін салу.

Салған гүлдеріңді кімге сыйлайсыңдар?

 

Сабақты қорыту.

 

Бүгін қандай дыбыс өттік?

Сабақ ұнады ма?

 

 

Үйге тапсырма   Г г дыбысы мен әрпі. 

 

Мадақтау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения