Валиева Динара Берлиновна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская обл, г. Петропавловск
28.07.2015
0
354
0

Открытый урок по казахскому языку "Тіл сайысыО

Тіл сайысы

Мақсаты:  Оқушылардың қазақ тілі пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру. 
Міндеттері: 1) оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру; 
 2) қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу ізденімпаздыққа баулу; 
3) оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, ғылыми-танымдық әрекеттерін жетілдіру. 

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, тест

Мұғалімнің сөзі

Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Тіл сайысы» атты сабағымызды бастауға  рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар алған білімдерін тексеру.

Сайыс сабақ мынандай кезеңдерден тұрады.

Таныстыру

Дода

Сөз мәйегі- мақал

Кім жылдам?

Әріптер сайысы

Тест жұмысы

Топқа бөлу үшін оқушыларға екі түрлі кәмпит беремін, содан екі топ ажыратылады.

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық,-  деп кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

1.Кезең. «Таныстыру»

2.Кезең «Дода»

Бұл кезеңде әр топқа он сұрақ қойылады. Берілген сұраққа тоқтаусыз дұрыс ,әрі жылдам жауап берулерін керек.

1.Қазақстан қандай мемлекет?(тәуелсіз, егемен)

2.Көктем мезгілінде неше мерекелер бар?

3.ҚР ның мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)

4.Қыста не жауады? (қар)

5.Күздің бірінші айы? (қыркүйек)

6.Бір тәулікте неше сағат бар? (24)

7. «Күн» сөзінің антонимі (түн)

8.Наурызда пісірілетін басты тағам (наурызкөже)

9.Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымша)

10.Орыс тілінде неше септік бар? (6)

1.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?(9)

2.Көктем айлары қандай? (наурыз, сәуір, мамыр)

3.ҚР рәміздері қашан қабылданды?(1992ж 4маусым)

4.Абай Құнанбаевтың шын есімі (Ибрагим)

5.Аң патшасы (арыстан)

6.Бір аптада неше күн бар? (7)

7. «Ақ» сөзінің антонимі (қара)

8.Буынның түрлері (ашық, тұйық,бітеу)

9.Зере Абайға кім? (әже)

10.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

3 -кезең «Сөз мәйегі мақал». Оқушылар отан , достық туралы мақалдарын айтады.

4-кезең «Кім жылдам?»  Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру қажет.

1.Қазір қазақ тілі сабағы өтіп жатыр.2. Осы аптада наурыз мерекесін мектепте тойлаймыз.

1.Біздің мектептің мұғалімдері мейірімді және әдемі. 2.Демалыста оқушылар қалаға саябаққа барады.

5-кезең «Әріптер сайысы»

Топтан үш оқушы шығып, әріп таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.( С;А;К;- Т; М;О)

6-кезең «Тест жұмысы»

5 сұрақ беріледі. Соған 5 мин уақыт беріледі. Тесті бір-біріне беріп тескереміз

1.Барыс септікті сөз тіркесін тап: 

А)қаладан келді; 

ә)қаланың адамы; 

б)қалаға барды; 

в) қалада тұрада 

2.Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.аз – көп /мало-много/

2.биік  - аласа /высокий-низкий/

3.кішкентай – үлкен /маленький-большой/

4.ерте –кеш /рано-поздно/

3.Табыс септікті сөзтіркесін тап: 

А)ауылдың малы; 

ә)ауылға бардым; 

б)ауылдан келдім; 

в)ауылды жақсы көремін; 

4. Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.кедей – бай  /бедный-богатый/

2. үстінде –астында  /наверху-внизу

3.ақ – қара /белый-черный/

4.жақсылық –жамандық  /добро-зло/

5.Көмектес септікті сөзтіркесін тап: 

А)қаламды алдым; 

ә)қаламның сиясы; 

б)қаламмен жаздым; 

в)көп қалам 

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

 

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!-дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения