Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
27.07.2015
0
908
0

Сәбилермен мазмұнды рөлдік ойындарды ұйымдастыру.

Сәбилермен

мазмұнды рөлдік ойындарды

 ұйымдастыру.

 

   Ойын – мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бірден бір құралы. Ойын ерекше қасиеттерімен ерекшеленеді. Ойын кезінде бала жолдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасқа түсіп, көңіл-күйлері өзгеріп үлкен қуанышқа бөленеді. Әсіресе мазмұнды рөлдік ойындардың мәні өте зор. Ойынның ерекшелігі баланы жүйелі  ойнауға қалыптастырады. Ойын іс-әрекеті кезінде тәрбиеші басты рөлді ойнайды. Бірақта кейде ойын ұйымдастыруда қиындықтар кездеседі: мысалы ойынның мақсат-міндетін, тәсілін, тәрбиелік мәкін ойластыру, рөлге  қалай бөлінуге, жолдастарымен санаса білуге, ойынның  аяғына  дейін білуге.

 Ең бастысы ойынды нәтижелі  ұйымдастыру. Мысалы: ойын кезінде баланың икемділігін бақылай білу, ойынның  мазмұны түсіне білу, баланың сеніміне кіре білу, байланыста болу, ойынды таңдай  біліп, оның тақырыбын, мазмұнды көркемдігін аша білу.

Ойынның тақырыбын таңдап алуда айналадағы қоршаған заттармен, үлкендердің еңбегімен, өмірдегі  болатын оқиғалармен, көркем әдебиеттерді оқу және әңгімелеумен, ертегі  айтумен диафильмдерді көрумен байланыстырык білім бере отырып  дамыту керек. Сонда ғана ойынның мақсатына жетеміз. Ойын кезінде баланың жақсы идеясын қолдау, мадақтау және ойынның жақсы мәнді шығуына  бағыт беру.  Төрт, бес жасқа қараған балалар ойынның мазмұнына мән беріп  ойнау  қабілеттері айқын  байқалады. Бұл тәрбиешінің  оларға белгілі мақсат қоя біліп ойнауға үйретуге жол ашады. Мысалы: «Қандай ойын ойнағын келеді? Кім болғын келеді? Не құрастырғын келеді?» Осылай баланың ойлануына  бағыт беріп, талап қоя білу керек. Ойынның тақырыбын анықтауға бағыт, бағдар беру. Педагог ойын тақырыбының орындалуын бақылап, қадағалайды. Тақырыпқа яғни ойын тақырыбына қызығушылығын, атребуттарды, ойыншықтарды дұрыс қабылдап, ойынға кірісуін қарау. «Бүгін мен дәрігер болам, ал сендер ауырған адам боласыңдар» немесе «Мен сатушы, ал сендер сатып алушысыңдар» т.б. Педагог осылай ойынға рөлді бөле отырып екі аса маңызды міндетті орындайды:

-         Ойынның мазмұнына бағыттап, балаларды ұжымға ұйымдастырады.

-         Достық  қарым-қатынасқа тәрбиелейді.

 4-5 жастағы балаларда ойынды өздері ұсынады, ал қалғандары ұсынған ойынды қабылдап әр қайсысы рөлді бөліп алады. Мысалы: «Балабақша» ойынын ойнауды шешті. Бір бала тәрбиеші болуды қалады. Екінші бала музыка жетекшісінің рөлін алды, үшінші бала медбикенің рөлін ұнатты. Бірақта қалған балаларға да осы рөлдер ұнайды. Балалар арасында келіспеушілік туады. Осы кезде тәрбиеші оларға көмекке келеді. «Ал кім балаларға түскі асты дайындайды?», «Кім төсек орын, орамалдарды жуады?». Міне осылай жаңа рөл туындайды. Тәрбиешінің еске салуымен балаларда ұсыныстар пайда бола бастайды. Мысалы: «Бізге шофер керек. Себебі азық-түлікті әкелу керек. Жиһаздарды жөндеу үшін жөндеуші керек. Аула таза болу үшін, аула сыпырушы қажет. Егер осындай сәтті ұсыныстарды тәрбиеші қолдап отырса, осындай ойларға құрметпен қараса, қызығушылығын білдірсе онда балалар бір-бірінің ойын, идеясын тыңдап, санасын достасып ойнайды. Ойын кезінде балалардың әр қайсысы белсенді рөлде ойнауларына көңіл бөлу, қадағалау керек. Егер тәрбиеші қарапайым рөлден негізгі рөлді балаға қатаң түрде ұсынса, ол қате болар еді. Мысалы: сен кеше шофер болдың, бүгін басқа бала болады. Әр бала басты рөлді нақышына келтіре орындай алмайтынын естен шығармаған жоқ. Егер тура осылай болатын болса, онда ойында, баланың өзі де ешқандай қанағат ала алмайды. Сондықтан ойын кезінде баланың өз орнын табуға көмектесу керек. Баланың мінезіне, қызығушылығына, шығармашылық қабілетіне қарап санасу қажет. Сонымен қоса тәрбиеші балаларды ойынды талдауға, ойлауға үйрету керек. Ол үшін мынандай талаптар болу керек; ойыншықтарды таңдау, құрал-жабдықтарды дайындау, киімдерді, атрибуттарды, өткізетін орынды яғни мазмұнды ойынның мәнін ашуға арналған ыңғайлы орынды дайындап алу. Осындай жұмыстар балаларды еліктіріп, қызықтырады. Еңбекке дағдыланады. Мысалы: кемедегі капитан өзіне керекті құралдарды, дәрігер өзіне кабинет, көлік жүргізуші орындықтан машина, т.б. даярлайды. Бұл жүйеде тәрбиешінің рөлі балалар идеясын, ұсынып қолдап, жетекші ұсыныстарды ашу, ойынға арналған заттардың орындалу немесе орналасу тәсілдеріне бағыт, бағдар беру. Тәрбиеші тек ойын барысында көрермен ғана емес, сезімге беріліп өзінің көңіл-күйін тақырыпқа сай білдіре көрсете білуі өте маңызды. Мысалы: егер қыз ауырса, оның анасы болуға, өте қызығушылықпен теңізші немесе ұшқыш ғарышкердің әңгімесін тыңдауға т.б. үейінді болып білдіру. Тәрбиеші ойынның болашақта, ары қарай күрделендіріп аша білуге жол көрсетіп дамыта білу керек. Сонда ғана балалар ойынның мақсатына жетіп, нәтижелі шығады. Ойын барысында тәрбиеші балаларға ақыл-кеңес беріп отыру қажет. Мысалы: өзі ауырған қызбен емханаға бірге бару, ұшқыштар мен капитандарға ұшақтар мен ірі кемелер адамдарды ғана емес жүктерді де тасмалдайтынын естеріне салып отыру қажет. Осындай кеңестер ойынның мазмұнын ашып дамыта түседі. Кейде ойын өз мақсатына жетпей жатады. Оның себебі ойын тақырыбы қызықты болғанмен рөлдің тәртіптілік ережесі сәйкес келмей сақталмай жатады. Сондықтан да балаға жұмысты аяғына дейін жеткізе білуге, еңбектенуге, әдептілік қарым-қатынасты сақтай білуге үйретіп, бағыттау. Сонымен қатар ойын тақырыбын аша түсуге бақылаулар, әдебиеттер, кітап оқу т.б. арқылы көмекке келуге болады.

  Сәбилер жасындағы балалар ең алдымен ойынның мазмұндылығын таңдамайды. Рөл олардың кім болып ойнайтындарын шешеді. Мысалы: ана, дәрігер, ұшқыш, көлік жүргізуші. Ойынның маөмұны осы рөл арқылы өседі. Ал тәрбиешінің міндеті қызықты ойынға қолдау, балалардың ұсынысын дамыту, яғни балалардың ойын тақырыбын ойлай білуге үйрету. Тәрбиеші балалармен ойын алдында «Қандай ойын ойнайсыңдар?». Ойланыңдар бұл ойынға келер қажет? Т.б. деп сұрақтарды ұсынады. Егер ойын тақырыбына келіспеушіліктер туындасатәрбиеші балалармен бірге талдап, ең қызықты ойынды таңдап алып өзі, ойын процесіне талдауға араласып қатысады. Көбінесе ойынды ойлап, оның мәнін ашуда балалардың икемділік қабілеті, реттілік жүйе және бір-бірімен келісу дағдылары ойдағыдай шықпай жатады. Сәбилер жасындағы балалардың қағілездігі, ұғымдылығы, зейінділігі әлі тұрақсыз, олармен бір ойынның ұзақтылығын сақтау қиын. Тәрбиеші үнемі ойынға балалардың қызығушылығын арттырып, ойынның соңына дейін нәтижелі, сәтті ойнай білуге үйретіп, көмектесу керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды мақсатына көздей білуге, икемділікке, тұрақтылыққа, табандылыққа тәрбиелеу өте маңызды. Әсіресе осы айтылған қасиеттер шыдамсыз, жылдам, шапшаң балаларға қажетті. Ойын кезінде шығармашылық фантазияның, мақсатқа жетудің, ұжыммен жұмыстың, сәтті ұйымдастыруының бәрі көптеген себебтерге келіп тіреледі. Атап айтсақ бала ойынды көркем мазмұнды ойнауы үшін, баланың білімімен, шығармашылық қабілеттіне жолдастарымен қарым-қатынасына, көңіл-күйіне байланысты болады. Ойынның сәтті қызықты нәтижелі ойналуына баланы біртіндеп үйретіп жүйелікке тәрбиелеу өте маңызды. Сондықтанда ойын баланың іс-әрекетінің басты құралы болып саналады.

 

Ойын – адамгершілік тәрбиесінің құралы.

 

  Ойын – бала тәрбиесіне және дамуына үлкен маңызды рөл атқарады. Бала ойынын ұйымдастыруда арнайы мамандықтың шеберлігін қажет етеді. Атап айтсақ педагогтік білім, баланың жас ерекшілігіне байланысты психологиялық ерекшеліктерін білуі және арнайы әдістемелік нұсқаулар болуы керек. Мектеп жасына дейінгі балаларда ойын кезінде кейбір мәселелер қиындық туғызады. Мысалы: ұжымдық байланыстың жоқтығы, патриоттық сезімнің төмендігі, достасып ойнаудың әлсіздігі, еңбек сүйгіштікке зейінсіздігі. Егер де, осы айтылған мәселелер дұрыс жолға қойылып шешілсе ғана, онда мазмұнды рөлдік және шығармашылық  ойынның жүйелік сатысы реттеледі. Бала іс-әрекетінің ең басты құралы – ойын болып табылады. Балалар өздері құрып, белсене кірісіп ойнайтын ойынды – шығармашылық немесе мазмұнды рөлдік ойын деп атаймыз. Мектеп жасына дейінгі балалар осы аталған ойынды ойнағанда өздерінің білгендерін, көргендерін яғни өмірдегі тәжірибелерін  қолдана отырып үлкендердің іс-әрекетерін де, рөлде ойнап шығарады. Бұл шығармашылық ойын-баланың өзінің жеке басынан қалыптасады. Сондықтан да, тәрбие құралы өте маңызды болып табылады. Шығармашылық ойынды балалар, өздері таңдап, өздері ұйымдастырады. Бұл ойын балаларды ойын тақырыбының мақсатына жете білуге ойынның көркемдік мазмұнын аша білуге үйретеді. Ойын кезінде бала өзін ұжымның мүшесі екенін сезе біліп, ойын барысындағы іс-қимылдарды талдап, жолдастарының әрекетіне әділ баға бере білуге дағдыланады. Мұндағы тәрбиешінің міндеті, ойын мақсатынан ауытқымауды, балалар арасындағы достық қарым-қатынасты және шын, әділ бағалай білуді, жауапкершілікті қадағалай білу. Ойын барысындағы бағыт бағдар берудің сапасы жоғары болу керек. Себебі ойын баланың дәл және ойынды ары қарай жалғастырып ойнауды тәртіп дағдыларын бойына сіңіріп, күнделікті қарым-қатынасты бір-бірлерінен және үлкендердің іс-әрекетінен алады. Бала балабақшадан алған білімдерін, үйдегі көрген – білгендерін тәжірибеде қолданып дамытады. Әр қашан да, қызықты ойын, баланы зор қуанышқа бөлеп, шаттандырып, қанағаттандырып, көңіл-күйін көтеріп ойынға белсенділігін арттырып, сергектігін тудырады. Балаларды әрқашан тату достық ұжымда ойын ұйымдастыру үшін, оларды көпшілдікке, бір-бірінің сөзін, ісін көріп, тыңдай білуге, инабатты, әдептілікке тәрбиелеу керек. Ол үшін балаларды еңбек сүйгіштікке арналған ойынмен назарларын аударуға болады. Мысалы: дәрігердің, тәрбиешінің, көлік жүргізушінің жұмыстарын, үйдегі ата, әже, аналарының іс-әрекетін салып ойнайды. Ойын кезінде бала барлық мамандық иелерінің қызыметін, жұмыскерлердің ісін құрметтеп тәрбиеленеді. Кейде тәрбиеші балалардың ойынына араласуына бола ма? деген сұрақ  жиі туындайды. Әрине тәрбиеші ойынға араласуына құқылы. Тәрбиеші ойын барысына қарап, керекті жеріне ғана нұсқау, бағыт беруі керек. Қуыршақпен ойнау, яғни қыз бен ана ойнау  барлық уақытта да ойналып келеді. Отбасы балаға алғашқы айналадағы қоршаған әрекеттерді  беретін ошақ. Сондықтан да балаға ең  жақын ерекше жақсы көретін адамдарының әрекетін салып ойнайды. Баланың тәртіп, тәрбиесін, әдептілік дағдыларын, ойын кезінде бақылап көру қиын емес.  Отбасының балаға деген қарым-қатынасы бірден байқалады. Сондықтан да ата-ананың бала тәрбиесіне аса маңызды, көңіл бөлу керек. Ойын балаға  отбасындағы адамдарды сыйлап құрметтеуге, кіші бауырларына  қамқор  бола білуіне тәрбиелеп, көмектеседі. Көбінесе балалардың ойынына теледидардағы көрсетілімдер  де әсерін тигізеді. Ондағы көргендерін қайталап ойнай біледі.

Ойын ұйымдастырғанда тәрбиешілердің  алдында қиын сұрақтар  тұрады. Мысалы: ойын кезінде әр бала басты негізгі  рөлде ойнауға ынта білдіреді. Ойын кезінде кейбір балалар бір-бірінің яғни жолдастарының сөзін, тыңдамай, ойымен келіспейді. Кейбір балалар ұйымдастыру рөлін атқара алмайды. Ойын кезінде тәрбиешінің көмегін қажет ететін сәттер де, болады. Мысалы: ойын тақырыбындағы міндеттерді дұрыс  орындауға, бір-бірін тыңдауға, сыйлай білуге бағыттау. Ойын – адамгершілік тәрбиесінің көзі десекте  болады. Тәрбиенің эстетикалық мазмұнды көркемдегімен  қоса баланың достығы, сенімділігі, еркіндігі дамиды. Мысалы: бала батырдың, рөлін ойнағанда  өзінің  тәртібін, әдептілігін, батылдығын, адамдарға  қамқорлық  жасауға дайындығын көрсетіп, дәлелдегісі келеді.  Осындай мақсат, міндетте бағытталған дағдылар баланың жеке басындағы моральды тұрақтылығы қалыптасады.

  Баланың әдептілігін, адамгершілік қасиеттерін тек ойында ғана емес күнделікті күн режимінің   барлық кезеңдерінде қолданып отыру керек. Әсіресе баланың өзін үлкендер, жолдастары арасында  қалай ұстау мәнеріне тәрбиелей біру. Сондықтан да, мектеп жасына дейінгі  балалардың әдептілік норма дағдыларын үйретіп, қалыптастыру үшін, әр түрлі формадағы жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Мысалы: әңгіме, әдебиеттер оқу, дұрыс  іс-әрекет ережелерін орындау, арнайы ережелі ойындар, мазмұнды рөльдік ойындар т.б. ойынды үлкендермен бірге бірігіп ойнағанды  бала ұнатады. Ойынның сәтті шығуы үшін баланың білімін сабақтарда, күнделікті өмірде толықтырып, дамытып отыру керек. Атап айтсақ қойылған сұраққа толық, әрі дұрыс  жауап бере білуге немесе сұрақ қоя білуге, дәлелдеп көрсете  білуге үйретіп, дамыту. Сондықтан мына төмендегідей әдебиет шығармаларын ұсынған  жөн. Бұл шығармалар  достық, туралы, қамқоршы  туралы, жауапкершілік туралы тақырыптарды  таңдап алуға болады. “Әдептілік - әдемілік”, “Достық қайғыда білінеді”, “Ең жақсы дос”,  “Қамқоршы”,  “Әке мен бала” т.б. Балалар ойын кезінде мынандай ережелерді меңгеру қажет.

1.    Ойын кезінде, әдепті шыншыл, мейірімді болу керек.

2.    Кез – келген ойынды ұсынғанда оның қызықты екенін дәлелдеуге тырыс. Басқа да балалардың ұсынысын тыңдап, олардың сөзін бөлме.

3.    Ойындағы барлық рөл қызықты, жақсы, егер сен ойынды қалай істейтініңді білсең.

4.    Әр кезде де басты рөлде ойнаймын деп талап қойма. Есте сақта басқа балалар да жүргізуші болуды қалайды.

5.    Егер жолдасың ойнап жатса кедергі жасама. Егер бірге ойнағын келсе өтініш білдір.

6.    Сен жолдастарыңмен бірге ойнағанда оларға қандай көмек көрсете алатының туралы ойлан.

7.    Ойындағы өз рөліңдң дұрыс орындай білуге тырыс.

8.    Егер достарыңмен ойынды бірге бастасаң, олардың келісулерінсіз ойынды тастама.

  Міне осындай образбен мазмұнды рөлді ойындарда балалар өздерінің білетін адамдарының, жақын адамдардың өмірдегі іс-әрекеттерін орындай отырып, адамгершілік дағдыларды, ізгілік сезімдерді қалыптастырады.

 

Баланы мектепке даярлау.

  Балдырғандарды мектепке даярлау ата-аналарды, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне жауапты міндеттер жүктейді. Сондай міндеттердің бірі – баланың мектепке барып оқуы мен саналы тәртіпті болу мақсаттарын көздейді.

  Қазіргі кезде көптеген балабақшада, кейбір мектептерде алты жасар балаларды оқуға даярлайтын бөлімдер мен арнаулы топтар жұмыс істейді. Баланың мектепке даярлығын анықтаудың маңызы зор. Сол үшін ата-аналар және психологтер, дәрігер мамандармен бірлікте, бір бағытта тәрбие істерін жүргізеді.

  Алдымен баланың тілінің дамуын тексеру қажет. Ол үшін балаға бір не бірнеше сурет көрсетіп сол бойынша әңгіме құрастыру талап етіледі. Егер балабірнеше сөйлемнен тұратын оқиғаны айтып бере алатын болса, оның сөйлеуі жетілгенін көрсетеді. Ал тілінің дамуы артта қалған балалар суреттен тек бөлек заттарды атайды да олардан сөйлем құрастыра алмайды. Осы кезде баланың жеке дыбыстарды қалай атайтынына ерекше көңіл бөлінеді.мамандардың айтуы бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне орай дыбыстарды дұрыс айта алмауы дыбыс шығару мүшелерінің жетілуіне байланысты. Қалыпты дамыған балада 4-5 жаста мұндай кемістік болмауы тиіс. Баланың тілі түсініксіз, былдырлаған болса, немесе дыбыстарды дұрыс атай алмаған жағдайда міндетті түрде логопед маманына көрсету қажет.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения