Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
27.07.2015
0
936
2

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балаларды патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балаларды патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

     Балабақшаның басымдылық бағыты: «Балалардың бойында рухани-патриоттық сенім негіздерін қалыптастыру».

Балабақша-отбасы-мектеп –қоғамдық ұйымдардың бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылады.

Балабақшаның жылдық міндеттері:

1.       Мектеп  жасына дейінгі балалардың бойында рухани-патриоттық сезімді қалыптастыру үшін  пән-дамыту ортасын құру.

2.       Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында рухани-патриоттық  сезімді тәрбиелеу.

    Әрбір мамандықтың иесіне, анықтап айтсақ педагогқа философиялық-әдістемелік мәселелерде, оның ішінде өмірмен байланысты құндылықтар бойынша бағдарлай алу мүмкіншілігі үлкен рөл атқарады.

   Әр баланың өз халқының мәдениетімен жақынырақ танысуы, оның маңызы туралы көп жазылған, ал бұл олардың бойында атамұраға, тұрған жеріне арналған құрмет пен мақтаныш сезіміне тәрбиелейді. Сондықтан әр балаға әрқашан өз ата-бабаларының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін білу аса қажет.

   Өз халықының тарихын, оның мәдениетік білу, былайғы уақытта басқа халықтың мәдениетін, салт-дәстүрлерін сыйлауға және оған қызығушылықпен қарауға жәрдемдеседі.

   Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі – қазіргі уақыттағы көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.

 Рухани – патриоттық тәрбиенің бір ерекшелігі – жас балдырған баланың жанына, оның отбасына, туған үйіне, табиғатқа, тарихқа және өз отандастары деп аталатын туыстары мен жақын адамдардың, халықтың еңбегімен жасалынған мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін ұялату болып табылады.

   Патриоттық тәрбие-біздің балабақшамыздың жұмысындағы басыңқы бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағытта жұмысты бастамас бұрын алдымен педагогтардың, балалардың, ата-аналардың  арасында сауалнама жұмысының өткізілді, сауалнама қорытындылары бойынша жұмыстың міндеттері: педагогтармен, балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізгі үлгілері мен әдістері белгіленіп анықталды. Балабақшаның шығармашылық тобы мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу бойынша диагностикалық материалдар жасауда белсенді жұмыстар жүргізді. Балаларды рухани-патриоттық тәрбиелеу бойынша тақырыптық – оқу жоспары жасалынды.сабақтар блоктар бойнша жүргізіледі. Мысалы, сабақтардың тақырыптары: «Павлодар қаласының пайда болуы», «Сенің мөлтекауданыңның көшелері», «Павлодар мұражайлары», «Ертіс бойының табиғаты», «Біздің жерлестеріміз» т.б. сабақтар көңіл көтерулер, бой сергітулер, сайыстар, көрмелер, алғырлар мен тапқырлар клубы, марофондар түрінде өткізіледі. Сабақ барысында балалар айналаны қоршаған әлемге, тарих пен мәдениетке, туған қаламыздың әлеуметтік өміріне, өз-өзіне, басқадай адамдарға деген жақындасуларын, оң көзқарастарын байқатты. Мемлекеттік рәміздерге және халықтық мәдениетке арналған құрмет балалар жүрегінен орын алды.

    Басқару саласында мектепке дейінгі балалар мекемесін дамыту және қалыптастыру толығымен ұйымдастырылды, әдістемелік жұмыстың белсенді, толық үлгілері әзірленді.

    Балабақша жұмысында балабақша мен ата-аналар арасындағы бірлескен жұмысқа көп көңіл бөлінді. Ата-аналарға арналған «Елім -ай» клубы құрылды және ай сайын белгілі тақырып бойынша қлубтың мәжілісі өткізіліп тұрады. Жұмыстың бәрі рухани-патриоттық  бағытында жүргізіледі және ата-аналар өз тәжірибелерімен емін-еркін бөліседі. Олар балабақша ұжымымен балалармен қаланың көрікті орындарына, қоғамдық мекемелер, мұражайларға бірге барады. Сонымен бірге әртүрлі спорттық ойындар мен шаралар ата-аналармен бірлесіп жүргізіледі. Биылғы жылы біз ата-аналармен бірлесіп үй тапсырмаларын орындауды «Менің тұратын көшем», «Менің балабақшам орналасқан көше» тақырыптары бойынша жұмыс істейміз.

    Балабақша мен № 6 кітапхана арасында тығыз байланыс орнатылған. Кітапхана қызметкерлері Ертіс бойы Павлодар өңірінің жерлес ақын жазушылары Мұзафар Әлімбаевтің, Ольга Григорьеваның өлең –шығармаларымен балаларды таныстырып, кітап көрмелерін ұйымдастырды, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстырды.

    Балалар жанына рухани-патриоттық тәрбие берудің жүйеленген және жоспарланған жұмыстары өзінің алғашқы нәтижелерін берді. Балалар мен үлкен және кіші Отан дегенді біледі, олардың бойында азаматтылық сезімі, мақтаныш сезімі қалыптасты, ал педагогтардың кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігі жоғарылады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения